Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Билібай ауылы, №255 негізгі білім беру мектебі.

Математик пәні мұғалімі: Райкуль Жакипова.

Апта күн

Күні

Тренер: Жакипова Р

Өткізілетін орны: №255 мектеп

Тақырыбы

Сын тұрғысынан ойлаудың мәні

Мақсаты

Мұғалімдер ХХІ ғасырда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы мен өзектілігі туралы тұжырым жасайды

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер өз сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамытудың тәсілдерін әзірлейді

Түйінді идея

Сын тұрғысынан ойлау,бақылау,тәжірибе,толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау,талдау және синтездауде қолданатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз,түрткі болуы мүмкін

Оқыту барысы

2 мин

8 мин

Сергіту сәті

10 мин

15 мин

Топтық жұмыс

Джиксо

әдісі

5 мин

5 мин

Ұйымдастыру

Зейінді дамытуға арналған жаттығу

ҒАЖАЙЫТЫҢ СЫЙҚЫРЛЫ ОРМАНЫ

Мақсаты: Эмпатия сезімін сенімін дамыту.

Нұсқау: Қазір біз түрі ғажайыптар болатын ғажайыпорманға айналамыз, онда әрқашан да жақсы және жағымды. Ұстаным бойынша 2 топқа бөлінеміз:

«Орман» — «Бау» деген 2 қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз бұтақтар, бұл бұтақтар орманнан өткен адамның басынан, қолынан, арқасынан сипап аялайды. Ал енді әрқайсысыңыз осы ғажайып орманнан өтіңіздер.

Талдау сұрақтары:

1.Орманнан өткенде қандай сезіндіңіз, топ қатысушылары сізге әсер етті ме?

2.Ағаш болған кездегі, сіздің сезіміңіз?

3.Жаттығуға дейінгі және кейінгі жағдайыңызды айтып беріңізші?

Топтарға бөлу

І тапсырма: Топтың ережесін қалыптастыру

  1. Бейнероликте қандай оқиғалар бейнеленген?
  2. Мұның бізге, мұғалімдерге не қатысты бар?
  3. Бейнеролик не мақсатта көрсетіліп отыр?
  4. Бейнероликке алып қосарың, неге олай еттің?

Мұғалімдер алдымен көрсетілген бейнеролик бойынша берілген сұраққа өзінше ой-толғаныс жасайды, ой-пікірлерін параққа жазады.

Топ ережесін қалыптастыру
«Қаздар сабағы » бейнежазбасы
«Қаздар сабағы» бейнежазбасы арқылы топтық жұмыстың ережесін құрады
Қатысушылар бірлескен топтық жұмысқа дайын болады.

ІІ тапсырма: «Ақ шашты және қарашашты ана» әңгімесі

6 қалпақ әдісі арқылы талқылау.

Әр топ берілген әңгіме желісін түсініп оқиды. Өз ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін жақсырақ түсінуін, ойлау бейнелерін бақылаудың және мәселенің шешу кезінде ойлау үрдісін тиімді пайдалану мақсатында ойда қойылған міндеттермен нақтырақ байланыстыруға тырысады.

Шағын әңгіме

Үлкен қаланың кішкентай ауруханасында Қара шашты және Ақ шашты екі ана жатты. Олар бір күнде ұлдары дүниеге келіп, өте бақытты еді. Олар балаларының болашағы туралы армандады. Ақ шашты ана өз баласының әйілі сазгер немесе жазушы, мүсінші немесе инженер болғанын армандады. Қара шашты ана өз баласының қайырымды адам болғанын, ешқашан анасын, өз үйін ұмытпағанын, Отанын, табиғатты, адамдарды сүйгенін қалайтынын айтты.

Отыз жыл өтті.

Қаланың шетіндегі кішкентай емханада Қара шашты және Ақ шашты ана тағы кездесті.

Олардың шаштарына ақ түсіп, беттерін әжім басқан еді. Олар бір – бірін таныды. Олар бір палатаға түсіп, өз өмірлері туралы, қуанышы мен қайғысы туралы айтты. Қайғылары – екеуінің де күйеуі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, қуаныштары – ұлдары қастарында.

Қара шашты ана сұрады:

• Сенің ұлың кім болды?

• Атақты сазгер, - деп мақтанышпен айтты.

Ақ шашты ана:

• Ол қазір оркестрді басқарады, дирижер, қаладағы ең үлкен театрда, шынымен менің

ұлымды білмейсің бе? – деді.

Әрине, Қара шашты ана белгілі сазгерді жақсы білетін еді, үлкен табыстары жөнінде жақында ғана оқыған-ды.

• Ал, сенің ұлың қайда, кім болды? - деп сұрады Ақ шашты ана.

• Егінші. Колхозда тракторист, комбайнер, фирмада да жұмыс істейді дейді, - Қара шашты

ана. Көктемнен күзге дейін, қар түскенше менің ұлым егін салады, егін жинайды, жер жыртады сөйтіп отбасын асырайды. Біз ауылда тұрамыз. Оның екі баласы бар, қызы және ұлы.

• Сонда да сені бақыт айналып өткен екен, сенің ұлың ешкімге белгісіз, қарапайым адам болыпты,- дейді Ақ шашты ана.

Қара шашты ана жауап қайтармады. Бір күн өтпей жатып Қара шашты ананың баласы алыстағы ауылдан келді. Анасымен сыбырласып ұзақ сөйлесті. Қара шашты ананың көзі қуаныштан нұр шашты. Ұлы кетіп бара жатып, үстелге жүзім, бал, алма қойып, «тез жазылыңыз», - деп анасының бетінен сүйіп қоштасты.

Ал Ақ шашты анаға ешкім келген жоқ.

• Менің балам қазір концерт қойып жүр. Әйтпесе, келер еді, - деді ол. Қара шашты

ананың баласы күн сайын бал, алма, қарбыз, өз қолымен өсірген бидайдан пісірілген хош иісті нан әкеліп, келіп тұрды.

Қара шашты ана баласы келген сайын қуаныштан жазылып келе жатқандай еді.

Ақ шашты анаға ақыры ешкім келген жоқ. Бір ай өтті. Дәрігерлер Қарашашты анаға: «Сіз толықтай сап – сау адамсыз, жүрегіңізде шу жоқ, соғысы таза», - деді.

Ақ шашты анаға ....

«Сізге әлі де жату керек. Сіз де жазыласыз», - деді. Осыны айтып, дәрігер терезеге қарады (неге екені белгісіз).

Қара шашты ананы алып кетуге ұлы келді. Бірнеше қызыл раушан гүлдерін барлық дәрігерлерге үлестірді. Бәрінің жүзінде күлкі пайда болды.

Қара шашты анамен қоштасарда Ақ шашты ана:

• Қымбаттым, сен өз ұлыңды қалай тәрбиелегеніңді айтшы? Сен бақытты екенсің, ал мен...

– деп көз жасын төгіп жіберді.

• Мен саған шындықты айтайын, - деді Қара шашты ана.

• Сенің ұлыңмен бір күнде туған ұлым қайтыс болған, ал мына балам - асырап алған ұлым! Мен оны үш жасынан асырап алдым. Осы күндері менің қалай қиналғанымды білсең ғой, сен үшін тіпті ауруханадан кеткім келген еді, менің ұлымның әр келгені саған уайым, қобалжу әкелді ғой.

• Мен адамды жүрегіммен сеземін, ұлыма осыны үйреттім.

6 қалпақ әдісі арқылы талқылау.

Кері байланыс. Әр топтағы топ мүшелері осы сабаққа дейін нені білмегенін, нені білетінін, осы сабақ арқылы нені үйренгенін, нені үйренгісі келетінін атап көрсетеді

Рефлексия


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Үзіліс

2-сабақ

Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану

Сергіту

2 мин

15 мин Мағынаны тану

Алақан шапалақтау»
Бала зейінін тез аударуға қабілеттілігін және тез бөлінгіштігін дамыту.
«Мен қазір сіздерге әртүрлі сөздер оқимын, ал сіздер осылардың ішіндегі тірі табиғатты бейнелейтін сөздерді оқығанда алақандарыңды шапалақтап отыруларыңыз сұралады.»
Өлі және тірі табиғатқа қатысты сөздер

КӨЗБЕН КӨРЕТІН АЙҒАҚТАР НЕГІЗІНДЕ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ

Көзбен көретін айғақтар бойынша сауалнама

1-тапсырма:

Шағын топтағы қатысушылар бір, екі немесе үш қарама-қарсы сурет таңдайды.
Əрбір сурет үлкен қағаз парағына орналастырылады. Сурет бойынша «миға шабуыл»
əдісі арқылы ықтимал сұрақтар қойылып, суреттің айналасына жазылады: Бұл фотоны
түсірген немесе суретті салған кім? Ол қашан жасалған/салынған? Бұл қай жерде
жасалған? Ол қашан түсірілді /салынды? Бұл қай жерде жасалған? Бұл сурет қандай себеппен жасалған? Көмекші/мұғалім бастапқыда бір немесе екі арнайы сұрақ ұсынуы мүмкін, ал қатысушылар барынша көбірек сұрақтар құрастыруы қажет.
Сондай-ақ, 1-жаттығу кезінде мұғалімдер кейінгі талқылауларға арнап балалардың
ойлауы мен олардың лексикасы туралы жазбалар жасап отыруына болады.
Әбілхан Қастеевтің картиналары

Қадағалау сұрақтары:
Мысалы … «Бүл суреттен біз нені көре
аламыз?»
Проблеманы шешетін сұрақтар:
Мысалы … «Осы көліктің түрін кім жəне
қандай мақсаттармен пайдалануы мүмкін?»
Сараптамалық сұрақтар:
Мысалы …«Картина қашан
салынған жəне неліктен?»

Көліктің ескі түрлерін пайдаланып, ескі заманның адамдары қалай өмір сүргендерін елестетіп көріңіз. Сіздің қазіргі өмір туралы біліміңіздің арқасында қандай өзгерістер болуы мүмкін?[кестені құрған кезде «кейін» жəне «қазір» сөздерін
пайдаланыңыз].

10 мин

Бейнежазбаны көреді,өз ойларын білдіреді

Бейнежазбаға байланысты сұрақтар қойямын.

10мин

1І- тапсырма

«Сауалнама жүргізіу»

( Сауалнама жоғарғы деңгейде жүргізілу үшін, сұрақтары алдын ала жоспарланып, талқылануы керек.)

Сауалнама қала мен ел, тау мен жазықтық, отбасына байланысты әртүрлі болып келуі мүмкін.

Белгіленген уақыт ішінде А-4 парағына топта талқылап, ортақ келісілген сұрақтарын жазып дайындайды.

Әр топтан екі қатысушы келесі топқа дайындаған сұрақтарын біреуі – сұрақ қоюшы, екіншісі – хатшы керемет сұрақ пен жауаптарды жазып алушы.

Жауап алушылар жауаптың

АЙҚЫНДЫҚ. Сіз мұны басқа сөздермен айта аласыз ба? Не айтқаныңызды ойлай аласыз ба? Проблеманы айқынырақ көрсететін басқа сөз немесе сөз тіркесі бар ма?

АҚИҚАТТЫЛЫҚ. Бұл тұжырымның растығын қалай тексере аламыз?Оның дұрыстығын қалай тексеруге болады?Ақпарат көзі қандай? Ақпаратты қалай нақтылай немесе тексере аламыз? (Бұл дереккөзі белгілі және мұғалім оны бақылайтын мәселе болса, онда жеңілірек, ал бұл мәселені шешуге мүмкіндік бере ме?)

ТЕРЕҢДІК.Қандай фактор бұл мәселені қиындатады? Бұл мәселеге қандай ерекшеліктер тән? (Қарапайым жауаптарға қатысты)

БАЙЛАНЫСТЫЛЫҚ.Бұл мәселеге қатысы қандай?Бұл бізге мәселені шешуге қалай көмектеседі?

ӘДІЛДІК.Сіз бұл мәселеге шын мәнінде қызығушылық танытасыз ба? Басқалардың әртүрлі көзқарастарын Сіз тілектестікпен ұсынасыз ба? (Менің бұл ой толғауымның кіндігі сын тұрғысынан ойлау деп аталады. Оқушы мұғалім мүддесіне қарама-қайшы келтірмей, түбегейлі басқа көзқарас ұсына ала ма?)

Кері байланыс

5 мин

Сабақтан алған әсері туралы пікірлерін «Ойлау бутерброды» арқылы ұсынады:

1 қатар – бүгін нені жақсы түсіндіңіз?

2 қатар – өткен сабақпен байланысы бар ма?

3 қатар – нені меңгере алмадыңыз?

Сабақтан кейінгі рефлексия

3 мин

Стикерлерге жазып «Білім ағашына» ілеміз

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ