Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Описание: i:\img_1232_pp-1.jpg Қостанай облысы,

Әулиекөл ауданы

№2Аманқарағай орта мектебінің

география пәні мұғалімі

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын география сабақтарында қолдану

Қазақстан әлемдік қауымдастық қатарында басқа елдермен терезесі тең,дәрежеге қол жеткізу үшін,жас ұрпақтың нұрлы болашағы батыл қадамдарға бару қажет. Кембридж бағдарламасы құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білуі үшін нақты міндеттеме қойылып отыр. Бұл курстың негізгі мақсаты –ескіден жаңаға,яғни оқу жүйесіне жаңалықтар енгізе отырып,әлемдік деңгейде ойын еркін айтатын болашақ азаматтарды тәрбиелеу.

Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрті технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Педагогикалық технология бойынша оқушылардың тіл мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. География сабағында «оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын қолдану оқушылардың білімін жетілдіруде тиімділігі зор екенінне көз жеткізуге болады. Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субъект ретінде оқу ісіне өз бетінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен жұмыс істеу барысында мол тәжірибе жинауға болады. Дидакт -ғалымдардың айтуынша, дәстүрлі дидактикада жеті кемшілік бар екен:

1. Бала басқаруға қатыспайды, тек мұғалімге тәуелді.

2. Бала білім қажеттілігіне сенбейді, амалсыз айтқанды істейді.

3. Даму жан-жақты емес, сыңар жақ бағытта жүргізіледі.

4. Тапсырма жалпы беріледі, жеке ерекшеліктер ескерілмейді.

5. Іс ұжымдасып атқарылмайды, біріккен әрекет қана бар.

6. Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек мәлімет алмасу жүреді.

7. Басты мақсат- адам тәрбиелеу емес, жоспар орындау ғана.

Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс:

1. Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру.

2. Ұжымдық іс-әрекеті ортақ қарым-қатынас құралы ету.

3.Деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

«Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады.

Сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына,жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқу білімді өз ізденісімен, өз білімділігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасады.

Сын тұрғысына ойлау сабақтарының алғы шарттары:

1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2.Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.

3.Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.

4.Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.

5.Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.

6.Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау,-

«Сын тұрғысынан ойлау » стратегияларын пайдаланып өткізген шығармашылық ізденіске баулу сабағымды мысал ретінде келтіре кетейін.

Тақырыбы: «Сарыарқа»

Мақсаты:Сарыарқа физ-географиялық аймағының табиғи ерекшеліктерін оқушылармен бірлесе, қосымша мәліметтерді пайдалана отырап талдау;

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, фотосуреттер, видеоматериалдар, қосымша әдебиеттер, шығармашылық жұмыстар. Ақын-жазушылар шығармалары.

Номенклатура: Ұсақ шоры, Ақсораң, Қызыларай, 1939 жылы Нью-Йорк, «екінші Швейцария», «Жұмбақтас, Жеке батыр, Оқжетпес, Бурабай, Ертіс – Қарағанды, т.б.»

Әдіс – түрі: Дәстүрлі емес. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалана отырып, шығармашылақ ізденіске баулу.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Ауызша сұрақтар.

Солтүстік Қазақ жазығының негізгі атауы қандай және не себепті аталған?
Солтүстік Қазақ жазығының жер бедері қандай?
Қандай табиғат зонасында орналасқан?
Топырағы қандай, шарушылықты қай түріне қолайлы?
Қандай экологиялық проблемалары бар?

ІІІ. Мағынаны тану.

Оқулықпен, қосымша әдебиеттермен жұмыс.

Жигсо әдісімен топқа бөліне талдау.

1-топ: географиялық орны, геологиялық құрылысы.

2-топ: жер бедері, пайдалы қазбалары.

3-топ:климаты, өзен көлдері.

4-топ: табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары.

5-топ: шаруашылық маңызы мен қорғалатын аймақтары.

Дәптермен, атласпен жұмыс.

Серпілген сауал...

Неліктен Сарыарқаны «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп атайды?
Неге Көкшетау «екінші Швейцария» атанған?

ІV.Кубизм әдісі

(әр топқа 2 сұрақтан)

1.Сарыарқа табиғатын қорғау үшін не істер едің? (ұсыныс)

2.Ақын немесе суретші болсаң Сарыарқа табиғаты қалай суреттер едің? (суреттеу)

3.Сарыарқаның пайдалы қазбаларын қарқынды игеру сіздің ойыңызша дұрыс па? (талдау)

4.Сарыарқа қазақтың ең әсем тауы ма? (дәлелдеу)

5.Сарыарқа- бай өлке. (ассоциациялау)

6.Солтүстік қазақ жазығы мен Сарыарқаның қандай ұқсастықтары бар? (салыстыру)

V. Қорытынды: «Ой толғаныс»

Сабақты қорыту кезеңінде «Сарыарқа» тақырыбына төмендегідей сызба арқылы жинақтауға болады

VІ.Бағалау парағы

VІІ. Үйге тапсырма.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов