Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

(асты сызылған курсив сөздердердің орнына оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең.Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).

«КӨПІР» тапсырмалары

(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)

Сұрақтарға жауап бер:

1) Бейорганикалық қосылыстардың неше класы бар?Жауабы:Бейорганикалық қосылыстардың төрт класы бар

2) Оксидтер дегенім не?Жауабы:Оксидтер- біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған бинарлы қосылыс

3) Қышқылдар дегеніміз не? Жауабы:Қышқылдар дегеніміз – құрамында металл атомдары мен орын алмасуға бейім сутекатомдарынан және қышқыл қалдығынантұратын күрделі заттар

4) 4.Негіздер дегеніміз не?Жауабы:Негіздер дегеніміз – құрамында бір немесе бірнеше гидроксо топтармен байланыскан металл атомы кіретін күрделі заттар.

5) Тұздар дегеніміз не?Жауабы:Тұздар дегеніміз – металлатомынан және қышқыл қалдығынантұратын күрделі заттар.

6) 6, Электролиттер дегеніміз не ?Жауабы:Электролиттер дегеніміз судағы ерітінділері тоқ көзін өткізетінзаттар.

7) Бейэлектролиттер дегеніміз не?Жауабы:Бейэлектролиттер дегеніміз – судағы ерітінділері тоқ көзін өткізбейтінзаттар.

ІІ кезең(топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә)жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

1-қадам:теория бойынша «Білу»үшін тақырып мазмұнынан кім? Не?

кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді?сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек..

1) Оксидтер неше топқа жіктеледі? Жауабы: Оксидтер үшке бөлінеді: қышқылдық, негіздік, екідайлы (амфотерлі).

2) Қышқылдарды қалай жіктеуге болады? Жауабы: Қышқылдар құрамына қарай қарай оттекті және оттексіз болып, олардағы сутекатомдарының сандарына қарай бір және көпнегізді болып, бөлінеді.

3) Қышқылдардың жалпы қасиеті оның ерітіндісінде қандай катион болуына байланысты? Жауабы: Оның ерітіндісінде сутегі катионының болуына байланысты.

4) Негіздер диссоциацияға ұшырағанда қандай анион түзіледі? Жауабы: Негіздер диссоциацияланғанда гидроксид анионы түзіледі.

5) Негіздер қалай жіктеледі? Жауабы: Негіздер суда еритіндері сілтілер- және суда ерімейтіндері-негіздер болып бөлінеді.

6) Тұздар диссициацияланғанда қандай иондар түзіледі? Жауабы: Тұздар диссициацияланғанда металл катионы мен қышқыл қалдығы анионы түзіледі.

7) Тұздар қалай жіктеледі? Тұздар орта, қышқылжәне негіздік тұздар болып бөлінеді.

2-қадам:теорияны «Түсіну»үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? Дәлелде, түсіндірсұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

1) Оксидтер неліктен амфотерлі деп аталады? Жауабы: Өйткені олар қышқылдықта, негіздік те қасиет көрсетеді.

2) Неліктен күшті қышқыл деп жіктейміз? Өйткені күшті қышқыл диссоциацияланғанда иондарға толық ыдырайды.

3) Не үшін қанттың ерітіндісі тоқ өткізбейді? Жауабы: Себебі, қанттың судағы ерітіндісі бейэлектролиттерге жатады.

4) Неліктен электролиттерді үш топқа жіктейді? Жауабы: Себебі, элетр тоғын өткізу қабілетіне байланысты электролиттер әлсіз, орташа және күшті болып үш топқа бөлінеді.

3-қадам:теорияны «Талдау»үшін

1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасыарқылы қамтуға болады.

Венн диаграммасын толтыр:

Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі




Тақырыптың басты идеясы Бейорганикалық қосылыстар төрт: оксид - ЭхОу; қышқыл-НхАу; Негіз- Э(ОН)х және тұздарКхАу класына жіктеледі. арқылы құрылған тірек-сызбаны толтыр.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

4-қадам:теорияны «Жинақтау»үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с.басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.

Жоғарыдағы айтылғандардан қорытынды шығарып, мазмұнды жүйеле



Құрамында бір немесе бірнеше гидроксо топтан және металл атомынан тұратын күрделі қосылыстарды негіздер деп аталады.


Тоқ өткізетін заттар электролиттер

Тоқ өткізбейтін заттар бейэлектролиттер

Оқулықпен жұмыс(5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі»тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау

ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

І деңгей (5 балл)


5) Бос орынға қажетті қосылыстардың химиялық формулалр мен сөздерді жаз:

1) Оксидтерге BaO, CaO, MgO бинарлы қосылыстар жатады.

2) Электролиттерге HCl; NaOH; H2SO4 жатады.

3) Бейэлектролиттерге глицерин және қантерітіндісі жатады.

1-аралық нәтиже:

Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалықөлшемі(бірінші аралық өлшемі):– «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.

ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)

3а-қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? Дәлелде, түсіндірсұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

1. Келтірілген: MgO, Li2O, SO2, N2O4 оксидтер сумен әрекеттесе ме? Әрекеттессе қышқылдық оксидтердің аттарын теріп, жаз.

Жауабы:

Li2O + Н2О= 2LiOН

MgO + Н2О=Mg(OН)2

N2O4+ Н2О= НNO2+ НNO3

SO2+ Н2О= Н2SO3

Н2SO3 –күкіртті қышқыл; НNO2– азотты қышқыл; НNO3- азот қышқылы.

3б-қадам:теорияны «Талдау»үшін

1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. ІІ кезеңде Венн диаграммасыарқылы орындалған тапсырманы кесте түрінде беріп, баланың білімін тексеруге болады.

2. Сөзжұмбақты шеш:

1) Бейорганикалық қосылыстар неше класқа бөлінеді?

2) Негіз бен қышқыл әрекеттескенде түзілетін өнімдер?

3) Қышқылдық та, негіздік те қасиет көрсетеді:

4) Күрделі бір типті бейорганикалық қосылыстардың арасында қандай байланыс бар?

5) Э(OH)х бейорганикалық қосылыстардың қай кластарына тән?

4-қадам: практика жүзінде «Қолдану. ІІ-кезеңдегіқарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады.

3. Фосфордан ортофосфор қышқылын қалай алудың химиялық реакция теңдеулерін жаз.

a) 4Р + 5O2=2Р2O5 Р2O5 +3Н2О= 2Н3 РO4

b) Р + 5НNO3= Н3 РO4+ 5NO2+ Н2О

4. Есеп. 10 кг NaNO3-натрий селитрасына концентрлі күкірт қышқылымен әсер еткенде қанша азот қышқылын алуға болады? Жауабы:

2NaNO3+ Н2SO4=Na2SO4+ 2НNO3

М(NaNO3) = 85г/моль; ᴠ(NaNO3) = 10000/85=117,65 моль;

ᴠ(NaNO3) =117,5 моль;

М(НNO3)= 63г/моль;

m(НNO3) = ᴠ *М = 117,5 моль 63г/моль=7412г.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

2- аралық нәтиже:

Екінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік деңгейдің сапалық өлшемі(екінші аралық өлшемі):– оқушының бірінші деңгейдегі «дұрыстылық» пен «толықтылдық» деп аталатын білім сапасының түрлеріне «тереңділік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады. Білім, біліктілік сапасының сандық өлшемі – алғашқы жинаған бес баллға + 4 балл = 9 балл = «4» , яғни «жақсы» деген баға журналға қойылады, егер оқушы келесі деңгейді меңгере алмас

ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3балл = 12 балл)

5-қадам:теорияны «Жинақтау»үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с.басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.

ІІ-кезең, 4-қадамда «жинақтауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады.

1. Берілген оксидтердің Na2O, CaO, SiO2,Al2O3, P2O5, SO3, PbO, NO. ішінен қайсысы бір-бірімен әрекеттеседі.

Жауабы:

оксид

Na2O

CaO

SiO2

Al2O3

P2O5

SO3

PbO

NO

Na2O

CaO

SiO2

Al2O3

P2O5

SO3

PbO

NO

imageimage

image-

+

+

+

+

-

-

-

image

+

+

+

+

-

-

+

+

image

+

-

-

+

-

+

+

+

image

+

+

-

-

+

+

-

+

image

-

+

-

+

+

-

+

-

image

+

-

-

-

+

-

+

+

-

-

-

-

-

-

-

image-

Na2O+ SiO2= Na2SiO3;

Na2O+ Al2O3= 2NaAlO2;

3Na2O+ P2O5= 2NaPO4;

Na2O+ SO3= Na2SO4;

Өйткені: қышқылдық оксид + негіздік оксид = тұз түзеді.

2. Есеп. 15,5г фосфордан қанша ортофосфор қышқылын алуға болады? Жауабы:

4Р + 5O2=2Р2O5 Р2O5 +3Н2О= 2Н3 РO4

Р + 5НNO3= Н3 РO4+ 5NO2+ Н2О

15,5 г фосфор 15,5:31= 0,5 моль болса, осыған сәйкес 0,5 моль ортофосфор қышқылын аламыз, m(Н3 РO4) =98*0,5 =49 г.

6-қадам:: практика жүзінде «Баға беру»(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?деген тапсырмаларды орындату арқылы оқушының жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешугеқолдана алу дәрежесі бағаланады.

Сен қалай шешесің?



Жауабы:

1) 2Na+Cl2=2NaCl;

ЭЛЕКТРОЛИЗ

2) 2NaCl 2Na+Cl2;

3) 2Na+ 2Н2О = 2NaOH+ Н2

4) 2Na+О2= Na2O2;

5)Na2O2+2Na= 2Na2O;

6) Na2O+ Н2О= 2NaOH.

3-нәтиже:

Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).


ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ