Қызығушылықтарын ояту
|
7мин
|
Естеріңе
түсіріңдер!
1)
Ауа температурасы
таңертеңнен түске дейін 3 градусқа, одан кешке дейін тағы 5 градусқа
төмендеді. Кешкі температура неше градусқа төмен болады?
2)
Қорытынды
жасаңдар:
1.
Екі оң санның
қосындысы қандай сан?
2.
Екі теріс санның
қосындысы қандай сан?
|
Термометр арқылы көрсетеді
Жаңа тақырыпты
меңгерту
Координаталық түзудің көмегімен 2 санына
3 санын қосу үшін координатасы 2-ге тең нүктені оңға қарай 3 бірлікке жылжыту
керек. 5 санынан 3 санын азайту үшін координатасы 5-ке тең нүктені солға
қарай 3 бірлікке жылжыту керек.
+3
О Е
▪ ▪ ▪ ▪ ▪ ▪ ▪ ▪
0 1 2 5
-3
Сондықтан, координаталық
түзуде нүктені оңға қарай жылжыту оң
сандармен ал солға қарай жылжыту теріс сандармен белгіленеді.
Демек, егер 4 саны 2 бірлікке
өзгерсе, онда А(4) нүктесі оңға қарай 2 бірлікке ауысады. Еегер 4 саны -2
бірлікке өзгерсе, онда А(4) нүктесі солға қарай 2 бірлікке ауысады. Сондықтан
4+2=6 және 4+(-2)=2.
a санына b санын қосу a санының b бірлікке өзгеруін береді.
Кез келген санға оң санды қосса, онда ол
сан артады, ал теріс санды қосса, онда ол сан кемиді.
Координаталық түзудің көмегімен a рационал санына b оң рационал санын,
мұндағы b>0 (-b теріс рационал санын, мұндағы b>0), қосу үшін
координатасы а-ға тең нүктеден оңға (солға) қарай b бірлікке орналасқан
нүктеге көшу керек.
Екі қарама-қарсы санның
қосындысының мәнін есептейік. Ол үшін координатасы 3-ке тең нүктеден сол
жақта 3 бірлікте орналасқан нүктеге, яғни координатасы 0 нүктесіне көшеміз.
Сонда 3+(-3)=0.
Екі қарама-қарсы
рационал сандардың қосындысының мәні 0-ге тең.
а+(-а)=(-а)+а=0
Рационал сан мен нөлдің қосындысының
мәні нөл мен рационал санның қосындысының мәніне, яғни сол санның өзіне тең.
Кез келген а рационал саны үшін а+0=0+а=а теңдігі ақиқат
болады.
|
Құрылғы арқылы
ауа температурасының шамасын көрсету
керек
|
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
|