Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Мектеп:Батыс Қазақстан облысы.Сырым ауданы.Жымпиты ауылы

Мұғалім:Лукпанова Лайлим Сериковна

Сыныбы:4

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: Көптаңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау.

Сабақтың мақсаты:Көптаңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау.

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың түрі:Ашықсабақ.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, карточкалар.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту.

Оқушылармен амандасу.

Үй тапсырмасын тексеру: №6 есеп.

Лездік сұрақтар:

1. Шөпте қояндар тығылып отыр, тек он құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? (5)

2. Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? (4)

3. Бір адам қалаға бара жатыр еді. Жолда оған танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды?(1)

4. Ең кіші үш таңбалы сан? (100)

5. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)

6. Үш сиырдың неше мүйізі бар? (6)

7. Көлден ұшты 7 қаз

Қайтып қонды 3 қаз

Қонбады сонда нешеуі?

Айтшы кім тез шешеді? (4)

8. Табақта 5 өрік

Маратта 2 өрік

Қолымда 1 өрік

Болады неше өрік? (8)

2. Мағынаны тану.

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз «Микки Маус» мультфильмінің желісімен өтеді, яғни күнделікті «Микки Маус» мультфильмін көріп отырғандай, сендер мультфильм кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындауларың қажет. Мультфильм кейіпкерлері кімдер еді? Иә, Микки, Мини, Плуто, Гуффи, Дональд, Дейзи. Әрбір тапсырманы орындау деңгейлеріңе байланысты сендерге фишкалар беріп отырамын: өте жақсы – көк фишка, жақсы – сарғылт фишка, орташа – сары фишка. Және сабақтың соңында фишкаларың саналып, бағаланасыңдар. Келістік пе? Олай болса бастайық! Ал, сәттілік!


№1 есеп. Берілген есептердің мәнін сандықшадан табу.


1112*30=33360 51*4=204 12130*4=48520

4440:40=111 24006:6=4001 88080:20=4404

10640:2=5320 10000:250=40 500500:500=1001

№2 есеп. Ауызша. Берілген бағандап есептеудің қатесін табу. Дұрыстығын тексеру.

№4 есеп. Жылдамдыққа берілген есепті шығару.

υ1=33 км/сағ

υ 2=25 км/сағ

t=3 сағ

S=? км

Ш: υ=33 км/сағ+25 км/сағ=58км/сағ

S=58км/сағ *3 сағ=174км

Ж:S=174км


Ә)

t=6 сағ

S=96 км

υ=? км/сағ

υ қ=? км/сағ 4 км/сағ к

Ш: υ =96км:6 сағ=16 км/сағ

υ қ=16 км/сағ-4 км/сағ=12км/сағ

t=96км: 12км/сағ=8сағ

Ж: t=8сағ

№5 есеп. Есептеу.

234*908=212472 911*992=903712 72900:972=75 332621:683=487

209*905=189145 40803:201=203 102555:265=387 897744:472=1902

233*630=146790 826281:909=909 242963:427=569 365216:904=404

Сергіту сәті: «Бәйге»

№6 есеп. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнектеу.


8т 2ц = 8200кг 6 м2=60000 см2

60000кг = 600ц 72 сағ = 3 тәул.

6км 90м= 6090 м 2600г = 2 кг 600 г

5 сағ 8 мин=308 мин 52 ай = 4 ж 4 ай

8 м2 54 дм2=85400 см2 1 сағ 5 мин =65 мин

486 с= 8 мин 6 с 2 ай 25 тәул. = 85 тәул.

№7 есеп.

А) Радиустары 7 см 3 мм және 2 см 5 мм шеңберлер сыз. Әр шеңбердің диаметрі нешеге тең? Шеңбер бойынан кез-келген бір нүктені белгіле. Ол нүктені шеңбердің центрімен қос. Пайда болған кесінді қалай аталады?

Ә) Центрлері беттесетіндей етіп радиустары 4 см және 2 см 5 мм болатын шеңберлер сыз. A, B, Cнүктелерін радиусы үлкен шеңбердің бойынан белгіле, ал М және К нүктелерін радиусы кіші шеңбердің бойынан белгіле.

№8 есеп.


А) Каспий теңізінің ауданы 376000 км2, бұл Арал теңізінің ауданына қарағанда 339500 км2 артық. Арал теңізінің ауданы қандай?

(376000-339500=36500)

Ә) Арал теңізінің ең терең жері 54 м, бұл Каспий теңізінің ең терең жеріне қарағанда 971 м кем. Каспий теңізінің ең терең жері неше метрге тең?

(971+54=1025)

Б) Хан тәңірі шыңының биіктігі 7010 м. Шыңның басына шығу кезінде альпинистер төмендегі аралықта аялдамалар жасады:

№1 – 4800 м; №2 – 5600 м; №3 – 5900 м; №4 – 6400 м

Аралық аялдамалар арасындағы арақашықтықты тап. Соңғы аялдамадан Хан тәңірі шыңына дейін неше метр жүрулері тиіс?

5600-4800=800

5900-5600=300

6400-5900=500

7010-6400=610

3. Ой толғаныс.

Үйге тапсырма:

№3 есеп. Өрнектердің мәнін табу.


2597*32+280448:56 3568+(36532+860):456

2700+20124:387-509 800+115023:23+2600*345

750+(11267+1522):203 511785:17*29-836250:625

Кері байланыс.

Жұлдызшаларды үш көңіл-күй тақтасына орналастыру.

Оқушыларды бағалау, мадақтау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ