Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сабақ тақырыбы:

Қосу кестесімен шығарамыз

Мектеп: Мұхит ат.ЖОББМ:

Күні : 18.11.16 ж.

Мұғалімнің есімі:Тойшыбаева Бакиза Нурлыбаевна

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін біледі, құрады және қолданады;

“+”, “–”, “=” таңбасын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Шаршы кестесі , суреттер

Тірек сөздер

Қосу кестесі

Сабақтың мақсаты:

1.2.1.1 Сандық өрнектерді құру, оқу, жазу, тану

1.5.2.2 + - ═ белгілерін пайдалану

Жоспарланған уақыт.

Жоспарланған іс-әрекет.

Сабақтың басы.

2 мин

2 мин

5мин

Сабақтың ортасы.

Психологиялық дайындық

1, 2,3

Ал, қанеки, ұш

4, 5, 6

Мынау ауыл шеті

8, 9, 10

Ал, қанеки, қон

Асықпа да, саспа

Бірден қайта баста

1, 2,3,4,5,6,7,8,9,10

Орысша, ағылшынша санау

Один,два,три,четыре,пять,шесть,сем,восемь,девят,десять

Уан,ту,сри,фо,файф,сикс,севн,ейт,найн,тень.

Үй тапсырмасын тексеру.Ламинатталған бетке жазу

5+3=8

8-5=3

8-3=5

Кіріспе тапсырма. (Ресурспен жұмыс)

3+2=5

2+3=5

4+1=5

1+4=5

-Біз қандай кесте құрастырдық?

-Балалар,біз қосу кестесін құрастырдық.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қосу кестесінің көмегімен сандарды қосып азайтып,үйренеміз.

Қосу-плюс-Plus (плас)

Азайту-минус-minus (Маинэс)

Тең-Равны-Equal (Икуэл)

Топтық жұмыс.

1-топ:

Ойын: Ненің іздері?

Мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шығар. Жауаптардағы сандарды өсу ретімен орналастыр. Сонда іздердің иесін табасын.

Жауабы:

10 – 9 = 1 (Б);

7 – 4 = 3 (A);

2 + 3 = 5 (Р);

3 + 6 = 9 (Ы);

6 + 4 = 10 (C).

Барыс деген сөз шығады.

Барыс- Леопард-Leopard. (лепад)

Барыс – мысық тұқымдас, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, шұбар түсті аңсалмағы отыз – қырық килограмдай. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар.. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен іңірде , түнде аулайды

БарысАлматы,Астанақалаларының төлтаңбаларындабейнеленген.

2-топ

Төбешіктің ар жағында не жасырынып отыр?

Бұл тапсырмада мысалдарды шешіп, жауаптарын кему ретімен жаз.

Жауабы:

1 + 9 = 10 (Қ);

3 + 6 = 9 (О);

9 – 3 = 6 (Я);

5 – 3 = 2 (Н). Қоян сөзі шығады.

Қоян-Заяц-rabbit- (ребит)

3-топ. Шығарып көр

Суретші мысалдарға абайсызда бояу төгіп алды. Қандай сандарға бояу тигенін анықта.

Жауабы:1, 2, 3, 5, 4.

Сергіту сәті.

Ну орманға барайық,

Алма теріп алайық,

Алмаларды бір-бірлеп ,

Ағылшынша санайық.

Уан,ту,сри,фо,файф,сикс,севн,ейт,найн,тень.

Ну орманға барайық,

Алма теріп алайық,

Алмаларды бір-бірлеп ,

Орысша санайық.

Один,два,три,четыре,пять,шесть,сем,восемь,девят,десять

Математикалық есеп

1)Пеш үстінде 4 мысық
Пеш қасында 4 мысық
Айтшы сонда барлығы
Болады неше мысық? (8) 4+4
2)Он қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 4 саусақ
Алақанды ашамыз,
Бесті төртке қосамыз.
Кел санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы? (9) 5+4
3)Суда алты қаз,
Төбеде төрт қаз
Судың маңында
Айтшы неше қаз? (10) 6+4
4)Сегіз қарындаштың төртеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (4) 8-4

5)Тал басында тізіліп,
9 жапырақ тұр еді
Жел тұрды да үзіліп,
Ұшып кетті төртеуі.
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі? (5) 9-4
6)Болып еді 10 торғай
Ұшып кетті төрт торғай
Енді талдың басында
Торғай нешеу балақай?(6) 10-4

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар

Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдану.Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушылардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).

Дәптермен жұмыс.

Сурет бойынша мысал құрастыр.

Оларды шығарып жауабын кестеге жаз.

1+5=6 2+5=7 2+6=8 2+7=9 3+1=4

Қалыптастырушы бағалау.

1.5.2.2. 47-бет.

Кері байланыс

Кемені бояу

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту үшін бір таңбалы сандарды қосу кестесін қолдануды;

қосу кестесіне сүйеніп, мысалдар құрастыра алуды меңгереді.

Оқушылардың сабақтан алған білім деңгейін тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қою:

— Қосумен берілген мысалдардың нәтижесін табу үшін қосу кестесін қалай пайдаланамыз?

— 6-ға 3-ті қосқанда қанша болады?

— Қандай бір таңбалы сандарды қосқанда 6 шығады?

— 10 саны шығу үшін 7-ге қай санды қосуға болады?

— 7-ден 2-ні азайтса қай сан шығады? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізу


ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ