Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от adaanaa в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Мусиева Дина Орысбайқызы

МКҚК №13 «Балапан» балабақшасының

тәрбиешісі

Атырау қаласы

Тақырыбы:Сиқырлы қоржын

Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Шығармашылық.

Оқу қызметі: Қоршаған орта, Тіл дамыту, Аппликация.

Мақсаты: Балалардың білімдерін тиянақтау, байланыстырып сөйлеуге баулу. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой-өрісін, ақыл-ойын дамыту.

Білімділік: Балаларды үй жануарымен таныстыра отырып, олардың төрт түліктің төлдері жайында түсінік беру.Жұмбақтар жасыру,Жабайы аңдар туралы естеріне түсіру,Жабайы аңдарды сурет арқылы ажырата білуге үйрету,пішіндерді атап айырып желімдеу,

Дамытушылық:Жалпы Жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын байыту; Тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды үлкенді сыйлауға,кішіге қамқорлық жасауға, жануарларға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, оларға қамқорлық жасуға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: күз мезгіліне арналған суреттер, слайд, ғажайып сәт.

Оқу қызметінің барысы

Шаттық шенбері

Күннің көзі ашылып

Көкте шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиеннің басы ғой

Ал, кәнеки бәріміз,

Сәлематсыздарма дейміз біз.

Ал, енді балалар, ұйымдастырылған оқу қызметінің бастаймыз. Бүгінгі күн ерекше бізге бүгін көп қонақтар келіп отыр, және біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: ерекше «сиқырлы қоржын»

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі неше айдан тұрады?

-Табиғатта қандай өзгерісте болады?

-Дұрыс айтасыңдар күз мезгілін өте тамаша сипаттап бердіңдер.

Суреттпен жұмыс.

Тақтада Күз мезгілінің суреті: Күз мезгілі туралы әңгіме.

Күз мезгілі туралы тақпақтар

1-ші бала Енбек қызып қырларда

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді

Сап-сары боп тұрғанда

Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен.

Алдым соны түсініп.

2-ші бала Алтын сары қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жалбырап

Ендеше жылдың төрт мезгілі бізге не береді екен.(Құс-құнар берсе, Көктем дән себеді, Жаз баптап өсірсе, Күз жинап береді.

Ғажайып сәт.Слайд

Поезд жүріп келе жатып тоқтайды ішінен Али түседі.

Балалар, қараңдаршы поездан Али түсті бізге қонаққа келе жатыр.

Есіктен Али кіреді.

-Сәлеметсіздерме балалар, Мен сіздерге алыстан қонаққа келдім.Мен сіздерге жай келген жоқпын сіздерге қоржын алып келдім. Жай қоржын емес, Сиқырлы қоржын.Ал, енді ішінде не бар екен? Тапсырмалар бар екен.

Дидактикалық ойындар: Әуен ойналады, сиқырлы қоржынды айналдырам.

Үстел үстінде ойындар.(қорапта ойындар)

Ойна да ойлан.

Сергіту сәті. Слайд

Жұмбақтар

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті

Басыннан өткізеді әрбір істі (Арыстан)

Үстінен тоны түспеген,

Сонда да араз қыспенен. (Аю)

Ай астында ақ мамық

Жатыр суды жастанып.( Аққу)

Орманда сайрайды

Сайраудан талмайды (Бұлбұл)

Жұмбақ

Далада жүр шапқылап

Керемет тым саққұлақ

Тек есектен басқада

Оған ұқсар жоқ құлақ (Қоян)

Халық қу деп қылған күлкі

Айласы көп, бұл не? (Түлкі)

Көзге жаттығу Слайд.

Балалар, келген қонақтың барлық тапсырмасын орындадық. Енді Аппликация оқу қызметіннен келген қонаққа арнап «Конфет» желімдеп берейік тақтада конфет суреті. Енді конфет қандай пішіннен жасалған екен. Тіктөртбұрыш, және ұшбұрыш. Бірінші тіктөртбұрышты желімдейміз, екі жанына ұшбұрышты қоямыз. Жақсы және әдемі жасалған жұмысты қонаққа сыйға тартамыз.Енді Алимен қоштасамыз,сиқырлы қоржынды алып шығып кетеді.

Қорытынды: Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінің аты? қандай қоржын екен? Ішінен қандай тапсырмалар шықты?

Қандай ойын ойнадық?

Ойын ұнады ма? Келген қонаққа біз нені сыйға бердік. Конфет қандай пішінен жасалған? Қонақ баланың аты кім?

Осымен ұйымдастырылған оқу қызметі аяқталды.
ответил от adaanaa

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ