V.Толқын әлемінде
1.Дүниеде тербеліссіз өмір жоқ сияқты. Ағаштың, ішектің, жапырақтың
тербелуі көзге көрінетін
қарапайым тербелістер болса, электр тогының, ауаның, электромагниттік радио
толқындарының таралуы, атомдардың тербелуі көзге көрінбейтін күрделі
құбылыстар. Сондықтан олардың бәріне ортақ заңдары да бар. Осы заңдарды өлең
жолдарымен жеткізіп көрейік.
2. XVII ғасырдағы Ньютон, Гюйгенс,
Ашқан
әрбір жаңалығы бізге таныс,
Жарықтың
құбылысын түсіндірді,
«Бөлшек», «Толқындық» қасиетін айта
жүрді.
Ағылшынның
ғалымы,
Ынталы
да дарынды
Томас
Юнг алғаш рет зерттеді,
Жарықтың
мынау ұзындығын өлшеді.
3.Оптиканың негізін грек ғалымдары қалады,
Бар
жаңалық баршаға Френель арқылы тарайды,
Гюйгенстің
ілімін де таратты,
Бар
әлемді бір өзіне қаратты.
Френель
де жарықтың толқындық қасиетін болжады,
Қанша
ғалым бірақта, Ньютонды қоршады,
Екі
ғалым теориясы жарысты
Ньютондікі
бірақта шетке қарай ығысты,
4.Жарықтың қасиеті негізгі заң,
Табиғаттың
сан сырын тірек қылған,
Оқы,
зертте, біліп ал жалықпастан
Квант
теориясын ұғасың тек осыдан.
Квант
теориясын айтпасақ тағы болмас,
Немістің
ғалымы Макс Планк негізін салған.
Столетов
пен Герц құр қалмаған.
Фотоэффект
теориясын жариялаған.
5.Физиканың негізгі заңы орындалатын аңыз-әңгімені тыңдаңыздар.
«Сонаның
ызыңы»
«Ертеде жер жүзін топан су қаптағанда апаттан қалған
жан-жануарлар Қап тауының басына жиналыпты. Оларды сақтап қалу үшін Нұх
пайғамбар кеме жасап, су бетінде бір жылдай жүзген екен. Көзіне көрінгенді
кеміруге дағдыланған тышқан күндердің күнінде кемені тескенде, кеменің іші суға
тола бастайды. Сонда жылан құйрығының ұшымен тесікті бекітіп, барлық
жан-жануарларды апаттан аман алып қалыпты. Оның жақсылығын көрген Нұх оған«не қалайсың, ұнатқаныңды ал»дейді. Сонда
қан құмар жылан сонаны барлауға шығарып:«Сен ең тәтті қанды тауып кел»деп тапсырады. Ол ондай қанды адамнан табады да, оны
шағып, тілінің ұшымен алып келе жатады. Жолда оған қарлығаш кездесіп сонадан:«Не әкеле жатырсың?»деп сұрайды. Ол
тіліндегі адамның қанын көрсетеді... Қарлығаш оның тілін жұлып алады. Содан
бері тілсіз сона ызыңдайтын болады».
Көктемнің
көңілді кешінде осы әңгімені естіген жолдасым:«Жоқ, бұл дұрыс емес», -деді де, орнынан тұрып, терезенің алдында ұшып жүрген
сонаның біреуін ұстап алды да, ертегіші қартқа қарап:«Сона қанатымен ызыңдайды, басын кесіп алсам да ызыңдауын
тоқтатпайды», -деді де,
ұстарамен сонаның басын кесіп қоя беріп еді, ол біраз жерге дейін ызыңдап ұшып
барады.
Шынында
да ызыңдайтын сонаның қанаты. Сона көтеріліп ұшқанда екі қанатын дамылсыз
дірілдете тербетіп, қозғайды. Осыдан ауада дыбыс толқыны пайда болады. Қанаты
үлкен қоңыздар ұшқанда қанаттың дыбысы қаттырақ естілсе, кішкентай масаның
қанаттары нәзік болғандықтан нәзік үн шығарады. Мұнда физиканың негізгі заңы
сақталып отыр. Ірі денелі қоңыздың қанаты баяу тербеліп отырады, ал ұсақ
масаның қанаты жиі тербеледі. Ірі қоңыздар қанатын секундына 100-120, кішкене
қара шыбын қанатын 350 рет, ал сары масаның қанаты секундына 500-600 рет
тербеледі.
Жалпы
алғанда дыбыс шығару үшін, жиі тербелуші дене мен оны тарататын ауа қажет.
Өйткені ауа бар жерде дыбыс толқындары еркін тарайды, шағылысады, кері қайтады.
VI. Қорытынды
1.Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,
Көз
тартар сұлулықтың сыры екен ғой.
Аттасаң
аяғыңды, алдыңды орап
Алдыңнан
қалмайды екен тіріде ол.
Салған
ән, айтылған сөз, ішілген ас
Космос
кораблі, атылған тас,
Аққан
су, соққан дауыл, айтылған жыр
Бәрінің
бағынары физика ғой.
Сондықтан
табиғаттың сырын терең
Деушіге
оқып, зерттеп, білем, көрем,
Демесең
болсын егер еңбегім еш,
Әуелі
физиканы оқы дер ем!
2.Негізі бар ғылымның – физика
Жалықпай
оқып үйрен тек қана.
Білімнің
есігін ашты көзін тауып,
Ньютон,
Эйнштейн, Архимедтер.
Бүгінде
физика барлық жерде,
Құрылыста,
техникада, өндірісте.
Сырларын
бұл ғылымның үйреніңдер.
Құрбыларым,
зерделікпен меңгеріңдер!
VII.Міне, кітапшамен де танысып болдық. Кітапша қолжазба күйінде. Оған
апталық барысында оқушылардың
салған суреттерін кітапшаның бөлімдеріне байланысты қоса отырып, суретті,
әңгімелі, өлеңді, әзілді кітапша ретінде қабылдауға болатындығын айта кеткіміз
келеді.
Сіздерден
өтінетініміз: кітапшаның ұнаған-ұнамағандығы жайлы, кітапшаға тағы қандай
мәселелерді енгізген жөн болатындығы туралы пікірлеріңізді тыңдасақ. Бұл –
кітапшаны бұдан әрі де жақсарта түсуге көмектеседі деп сенеміз.