Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от adaanaa в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Туленова Ақкүміс Наженқызы

№13 «Балапан» балабақшасының ІІ санатты тәрбиешісі

Атырау қаласы

Дөнгелек үстел басындағы кездесу

Тақырыбы: «Отбасындағы бала тәрбиесі»

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-аналардың оң көзқарасын қалыптастыру үшін, дұрыс бағыт-бағдар беру үшін, ата-аналардың педогогикаға сенім артуы үшін және баланың ата-анасына,туыстарына мейірімі мен сыйластығын қалыптастыру тұрғысында балабақшаның отбасымен ерекше ынтымақтастыққа бөлеу.

Керекті заттар: Анкета сұрақтары, доп, ойындар.

1.Отбасындағы бала тәрбиесі (ата-аналарға кеңес)

2. Топтағы балаларды тәрбиелеудегі әдістемелік әдеби кітаптармен таныстыру.

3.Үстел үсті ойыны

4.Ойын жаттығулары

5.Ойын «Біз баламызды қалай жақсы көреміз?»

(Допты бір-біріне жалғау арқылы)

Мысалы: Бала айналасына қарап өседі. Ұяда не көрсен, ұшқанда соны ілерсін. Қыз ұяты шешеге, ұл ұяты әкеге. Ағаға қарап іні өсер. Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүреді. Баланы ақылмен тәрбиелей алмаған, қорқытып тәрбиелей алмайды.Армансыз ұлан,қанатсыз қыран. Атаның баласы болма, адамның баласы бол, Бала ананың бауыр еті.Аттан тай озады, атадан бала озады.

6. Анкета үлестіру.

7.Балалар, сұрақтарына қалай жауап беру керек.? (сұрақтар дайындау)

1) Балалар, сұрақтарына шын ниетпен жауап беру

2)Сұрақты ұқыпты тындап, ол тақырып шынымен ол баланы қызықтыра ма?

3)Мектепке дейінгі жастағы балаларға жауап беруді үйрету. Қиын сөздер мен кітап сөздерінен аластату керек.

4 ) Сұраққа жауап беру, балаларды жаңа білімдерге ұқыптылыққа және кеңірек ойлауға үйретеді.

5)Баланы мадақтай отырып оның өзіндік ойлауына байланысты оған қарсы сұрақ қою керек.

6) Балаңыздың қоршаған орта туралы сұрағына кітап оқып және оны бірге қорғауға тырысыңыз.

7) Баланың сұрағына жауап бере отырып оның айналасындағы адамдарға мейірімділік өзін-өзі бағалау сезімдерін ояту.

Сіздің баланыздың істеген қылығына жауабыңыз.

1.Сіз бөлмеге кіргенде балаңыздын ойыншықтардан қақпа үйіндісін жасағанын көресіз. ренжисіз? Сіздің көзқарасыңыз?

А)мен саған неше рет айттым, қалай ойнау керек екенін

Б) маған сенің ойыншықты өз орына жинамағаның ұнамайды

В)сен тағы да ойыншықтардан қоқыс үйдің бе?

2 .Сіз телевизордан футбол көріп отырсыз. Балаңыз жаныңызға келіп ойнауды сұрайды.

А) Қазір емес, көріп тұрсың гой, мен бос емеспін

Ә)Бірдеме істесеңші, мысалға қағаз алып сурет сал.

Б) Мен қазір бос емеспін, сенімен ойнай алмаймын, босағаннан кейін екеуміз міндетті түрде ойнаймыз.

3.Балаңыз көшеден киімін ластап келді, Сіздің әрекетіңіз:

А) сен әрдайым көшеден шошқа құсап келесің

Ә)қарашы сенің досың қандай тап-таза болып келді, ал сен....

Б)Сен көшеде жолдасыңызды кездестіріп әңгіме айтып тұрғанда балаңыз сіздің әңгімеңізді бөліп «кеттік үйге, үйге кеттік»,-деп мазаңызды алды.

Сіздің әрекетініз:

А)не көрмей тұрсынба, ағаймен әңгіме айтып тұрмын ғой.

Ә) маған сөйлесуге кедергі жасама? Әңгімелесіп тұрмыз.

Б)Сөзімді бөлгенің, әңгімеме кедергі болып тұр.

А. С. Макаренко жазған не ақымақтық, көреалмаушылық, не айқай емес, ол керісінше сабырлылық, шынайы сезім іскерлік әрекет отбасының қарым-қатынасқа түсінушілігіне әсер етеді.

Адам баласы өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе оның сәбилік баланың шақтарында.Тіпті ауадай қажет десек те болады. Міне, сондықтан Ұлы Абай атаның былай деген: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» міне осындай қасиеттер балаларыңыздын бойынан табылса деймін.

Сонымен біз тек баланы ғана тәрбиелейміз, олар бізді тәрбиелейді. Жақсы жағымызбен балаларға көріне отырып, олардың өз өмірлеріне лайықты болып өсуі үшін, өздерінізден бастап тәрбиелеп, баланы мақтап тұтып үлгі боларлықтай қадірлі әке болуға , аяулы-ана лайықты деп сенемін.
ответил от adaanaa

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов