Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Құстардың бәрі ұша ала ма сабақ жоспары
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Білім беру саласы: «Әлеумет», «Таным», «Коммуникация»

Оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру, Экология, Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Құстардың бәрі ұша ала ма?»

Максаты: Балалардың сан түрлі құстар (теңіз, су, үй, түнгі, жыртқыш, экзотикалық) туралы түсініктерін молайту.Ұша алатын және ұша алмайтын құстар туралы түсінік беру.Түрлі тапсырмалар орындау арқылы балалардың танымдық, логикалық, сипаттап ажырата білу қабілеттерін дамыту.Балалардың ой-өрісін, байланыстыра сөйлеу арқылы сөздік қорларын молайту.Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар:интерактивті тақта,слайд арқылы құстардың суреттері,қызыл,көк түсті қарындаштар.

Әдіс-тәсілдері:интуитивті оқыту элементі, үш тілдік оқыту элементтері, көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.

Полилингвальды- компонент:ұшатын-летающий-flying,ұшпайтын-нелетающий-unfyling

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық кезең

-Балалар қараңдаршы бүгін бізге көптеген тәрбиеші апайларымыз қонаққа келіпті.

-Келген қонақтарымызбен алдымен амандасып алайық.

Ал енді орыс тілінде амандасайық. Қазір ағылшын тілінде «Hello» әнін орындау арқылы амандасамыз.

Ән. «Hello»

Балалар шеңбер бойына тұрып, амандасады. Сәлематсыздар ма? Здраствуйте. Hello.

Барлығы қосылып ағылшын тілінде ән орындайды.

Ұйымдастырушы - ізденушілік

Сабақтың барысы.

1.Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем сөзі орыс тілінде қалай айтылады?

-Ал ағылшын тілінде?

2.Бүгін аптаның қай күні?

-Орыс тілінде қалай айтамыз?

-Ал ағылшын тілінде ?

3.Кемпірқосақтың неше түсі бар?

-Кемпірқосақтың жеті түсін,орыс тілінде атап шығайық.

-қызыл түс ағылшын тілінде қалай айтылады?

-сары түс?

-жасыл түс?

-көк түс?

-Балалар бүгін бізді көптеген қызықты нәрселер күтіп тұр. Алдымен өз орындарыңа отыруларыңды өтінемін.

-Партаның үстінде сендердің аттарың ақ қағазда жазулы тұр.Әр бала өз аттарыңды тауып,сол орынға отырасыңдар.

(Құстардың дыбысы естілген музыка жүреді.)

-Балалар ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?

-Қалай ойлайсыңдар бүгін біз не туралы айтатын боламыз?

-Сендер құстар туралды көп білесіңдер.Табиғатта көптеген өте үлкен құс түрлері бар.

-Қане есімізге түсірейікші,құстарды қандай топтарға бөліп айтамыз?

(слайд,топқа бөлінген құстар түрлері.)

1.Теңіз құстары.

-Неге теңіз құстары деп атаймыз?

-теңіз құстарын атап берейік.

2.Суда жүзетін құстар.

-Суда жүзетін құстарды атайық.

-Неге оларды суда жүзетін құстар дейміз?

3.Түнгі құстар.

-Түнгі құстарға қандай құстар жатады?

-неге оларды түнгі құстарға жатқызамыз?

4.Үй құстары.

-Неге оларды үй құстары деп атаймыз?

-Үй құстарын атап беріңдерші.

5.Жыртқыш құстар.

-Жыртқыш құстарды атайық.

-дұрыс айтасыңдар,олар басқа жануардың еттерімен қоректенеді.

6.Экзотикалық құстар.

-Неге оларды экзотикалық құстар деп атаймыз?

-қандай экзотикалық құстарды білесіңдер?

-Міне көрдіңдер ме балалар, біздің әлеміміз құстарға өте бай. Құстардың сан алуан түрі бар.

Ал енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Д/ о: « Құстарды сипатта».

Карточкада бірнеше құстардың суреттерібейнеленген. Музыка әуені арқылы,шеңбер бойымен жүгіріп, музыка тоқтағанда карточканы алып оның қандай құс екенін атап, оны сипаттайды.

-Жарайсыңдар балалар.

Сендер көптеген құс түрлерін білесіңдер.Құстар қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі.Олар екі аяқтарымен жүреді,ал алдыңғы екі аяқ қолдары оның қанаттарына айналған. Құстардың денелері жеңіл болғанымен,мықты және ұшуға ыңғайлы.Балалар бұлардың барлығы құстар.Табиғаттың ерекшелігі сондай,олар құс болғанымен,барлығы бірдей ұша алмайды екен.Құстар екіге бөлінеді.Ұшатын құстар және ұшпайтын құстар.

Слайд бойынша ұшатын және ұшпайтын құстарды ажыратып көрсетіп, таныстырып айту.

Ұшпайтын құстар туралы мағлұмат беру.

Балалардың ұшатын және ұшпайтын құстар туралы білімдерін,интерактивті тақтадағы ойын арқылы тексеру.

Ойын: «Құсты тап».

Тақтадажасырынған жарты құстың бөлігінен, қандай құс екенін ажыратып,құстың ұшатын,ұшпайтын түрін ажыратып айту.

Сергіту сәті.

«Көңілді күн»

Жеке тапсырма.

Өз бетімен жұмыс.

Балалар алдарыңыза түрлі құстардың бейнесі бейнеленген. Сендер алдарыңыздағы қарындашпен ұшатын құстарды қызыл түспен, ұшпайтын құстарды көк түспен дөңгелетіп қоршаңдар.

Көктем.

Весна.

Сприң

Сейсенбі.

Вторник.

Тюздей.

Жеті түсі бар. Красный,оранжовый, желтый,зеленый,голубой синый,фиолетовый.

Рэд

элоу грин блю.

Әр бала өз аты жазылған партаға отырады.

Музыканы тыңдайды.

Құстардың.

Құстар туралы.

Себебі олар теңізде өмір сүреді.

Пингвин,шағала.

Аққу, үйрек.

Себебі олар суда жүзеді

Жапалақ,үкі. Олар күндіз ұйықтап, түнде ұшады.

Тауық,қаз.

Себебі олар адамдарға жақын тұрады,адамдарға пайда әкеледі.

Бүркіт,қаршыға.

Себебі олар өте әдемі, ерекше құстар.

Тоты, тауыс.

Балалар шеңбер бойымен жүгіріп, құстарды суретіне қарап, ажыратып айтып,қандай құс екеніне сипаттама береді.

Балалар қызыға тыңдайды.

Тәрбиешінің айтқанын тыңдайды.

Ойын ойнау арқылы ұшатын,ұшпайтын құс түрлерін ажыратып айту.

Балалар экранға қарап, қимыл қозғалыстарын жасайды.

Тапсырманы берілген нұсқау бойынша орындайды.

Рефлекстік түзету

Интерактивті тақтадан құстар туралы бейне роликты тамашалау арқылы қорытындылау.

Құстар туралы тиым сөздерді айту.

Қонақтарға рахмет айтып, үш тілде қоштасайық.

Өздері білетін тиым сөздер айтып, бейнеролик тамашалайды. Қонақтармен үш тілде қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:құстардың сан алуан түрлерін

Нені игереді:ұша алатын және ұша алмайтын құстар түрлерін

Нені менгереді:интуитивті оқуды және үш тілде сөйлеу элементтерін

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ