Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Байзақ ауданы Бұрыл ауылы

«Бәйтерек» балабақшасының

тәрбиешісі:

Жаксылыкова Дина Аманмоллевна

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Оқу іс - әрекет түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жұмыстың бәрі жақсы»

Мақсаты: Балаларға мамандық иелері туралы мағлумат беру. Балаларға мамандық иелері туралы білім беру. Ақыл-ой,тілін дамыта отырып, әр түрлі мамандық иелерімен олардың еңбегінің ерекшеліктері мен маңызы туралы түсініктерін кеңейту. Үлкендер еңбегін сыйлауға, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Бейнебаян, суреттер, тақта.

Әдіс тәсіл: Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ жауап айту.

Үштілдік компонент: Мамандық - специальность –speciality

Оқу іс - әрекетінің түрі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңберіне шақыру.

Күліп шықты күн бүгін,

Күліп созып қолымды,

Бір,екі, үш деп соғайын

Қарап тұрған досыма

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы жылы жүзбенен

Маңдайыңнан сыпайын

Ыстық алақаныңмен

Қолыңды бір қысайын

Амандасып өзіңмен

Құшақтап бір алайын.

Балалар іс қымылмен

Көрсетеді

Ұйымдастыру ізденуші

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

Кане сол үш айдың аттарын атайықшы?

Ендеше балалар бір айда неше апта бар?

Бір аптада неше күн бар?

Жеті күннің аттарын атайықшы.

Сенбі,жексенбі үйде дем аласыңдар.

-балалар бугінгі ашык ұйымдастырылған оқісәрекетіміздің тақырыбы «Жұмыстың бәрі жақсы»

Бүгін біз мамандық иелері жайлы әңгімелейтін боламыз .Ал мамандық дегеніміз не қалай түсінесіндер.-Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген,өздерін тұрып жатқан үйлерінді салатын адамдар бар,ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар, киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар,бізге білім беретін адамдар бар,шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмді тамақ пісіретін адамдар бар.Барлығын бір сөзбен айтқанда маман иелері дейміз.мамандық дегеніміз адамның еңбек қызметінің түрі мамандық таңдауда мектеп қабырғасынан басталады.Біздің таңдаумызда әртүрлі.Біреуің ертең өскенде ақын,екіншің инженер,құрылысшы боласыңдар,Жаман мамандық жоқ.Мамандықтың бәрі жақсы.Мына суреттерге қараңдаршы не көріп тұрмыз. Үй салатын адамды құрылысшы дейміз. Ал мына суретте тамақ пісіріп жатқан адамды құрылысшы дейміз. Ал мына тамақ пісіріп жатқан адамды аспазшы дейміз.Ал бұл мамандықтарды меңгеру үшін көп оқуды талап етеді.

Тосын сәт.

Есік қағып пошташы апай хат алып кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме балалар.

-Мен пошташы хат тасушы маманмын. Хатты ьеріп шығып кетеді. Біз хат хабарды осы кісілер арқылы біліп отырамыз.

Сәлем хат.

Сәлеметсіңдер ме көгершін тобының балалары мен сендерге мына жұмбақтармен тапсырмаларды жазып жібердім. Сендер сол жұмбақтарды тапсырмаларды орындап хат жазып жіберіңдер. Сау болыңдар.

І тапсырма

Жұмбақ шешу

1.Тәп тәтті тағамы

Астардың маманы

(Аспазшы)

1.Балаға үйретеді

Оқытып билетеді

(Ұстаз)

ІІ тапсырма

«Кімнің құралы» Ойын

ІІІ тапсырма

«Әр маман иесінің тиісті бөлігін тап» д\ойын

ІҮ тапсырма

«Сөйлеп тұрған кім?»

Ү тапсырма

Мамандар жайлы қандай тақпақтар білесіңдер.

Сергіту сәті

-Балалар отырабермей бойымызды сергітіп алайық.

Осы балалар биді билейтін адамдырды кім дейді.

-Дұрыс биші дейді. Ендеше барлығымыз биші болып көрсек қайтеді.

Қара жорға биіне билету.

-көктем

-үш ай бар

Наурыз,сәуір,мамыр

Төрт апта

Жеті күн

Балалар қайталайды

Сәлеметсізбе

Жұмбақтың шешуін шешеді

Ойынды шарты мен ойнайды

Балалар мамандықтар туралы тақпақтар айтады.

Балалар қимыл әрекет арқылы жасайды.

Биші

Рефлексивті түзету

«Мен өскенде кім боламын?» ойыны

Балаларды мақтап мадақтау.

Ойын арқылы қорытынды жасау.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Балалар тәрбиешімен іс-әрекет қимылдар жасайды.

Түсінеді: Мамандық иелері туралы толық түсінеді.

Қолданады: Бейнебаян суреттер қолданады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ