Жүргізуші:
1. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
2. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
3. Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
4. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
5. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
6. Қай уақытта адам өз жемісін көре алады.?
Ситуациялық сұрақ. (Оқушылар өз пікірін ортаға салады.)
1. Мен хирургпын
Шарты: Ауруханада 5 емделуші бар. Олар:
1. Бес айлық қыз бала
2. Алты жасар дарынды бала
3. Көп балалы ана (10 баласы бар, 70- тегі ана)
4. Қаңғыбас
5. Құрылысшы
Жүрек біреу. Осылардың қайсысына операция жасар едің. Біреуін ғана таңдауың қажет.
Әрі қарай ортаға өз еркімен бір оқушы (кейіпкер) шығады. (таңдаған мамандығына жетуге өзінің рухани дайындығын анықтайды)
Әрбір қатысушы басты кейіпкердің бағдарының табандылығын анықтау барысында бірнеше кедергілер ойластырады. Кейіпкер ойланбастан бірден жауап беру арқылы сол кедергілерден шығу жолын айтады. Кедергіні қоюшы (қатысушы) берілген жауаппен келісетінін немесе егер келіспесе өзі қандай әрекет жасайтынын мәлімдейді. Соңында жүргізуші кейіпкердің қатысушылармен бірге қай кейіпкердің табандылығы мен рухани дайындығы басым екендігін анықтайды.
Келтірілген кедергі, қиындық үлгісі төмендегідей.
1. Егер сенің ол оқуға түсуіңе ата- анаң келіспесе не істейсіз?
2. Емтиханға кешігіп қалсаң не істер едің?
3. Оқуыңды ойдағыдай аяқтап, жұмысқа кірісер сәтте үй іштерің саған одан гөрі еңбекақысы жоғары қызмет ұсынса қайтесің?
4. Оқуға түскен соң өзіңе ұнамай қалса не істейсің? Т.б
Тест.
1. Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады деген дұрыс па?
А) ия Ә) жоқ
2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты ма?
А) ия Ә) жоқ
3. Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
А) ия Ә) жоқ
4. Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға бола ма?
А) ия Ә) жоқ
5. Қартайғанда да мамандық таңдауға бола ма?
А) ия Ә) жоқ
6. Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек пе?
А) ия Ә) жоқ
7. Ақша болса, мамандық қажет емес деген пікірмен келісесің бе?
А) ия Ә) жоқ
8. Мамандық таңдаудағы басты өлшем- қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестілігі ме?
А) ия Ә) жоқ
9. Таңдайтын мамандығыңды болашақ табысың анықтай ма?
А) ия Ә) жоқ
10. Мамандық таңдау- күн көрістің қамы ма?
А) ия Ә) жоқ
11. Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет пе?
А) ия Ә) жоқ
Жаңа ақпарат (психологтың кеңесі)
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді»
Л.Н. Толстой
- Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Бірулер үшін- ол ойға
алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз- өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат.
Тренинг
«Армандар» жаттығуы
Барлық қатысушы шеңбер бойымен отырып, 3-4 рет терең дем алып, көздерін жұмады. Өз тілектеріне көңіл аудара отырып, болашақ мамандығын, қоғамдағы орнын, жақын арадағы қоршаған ортасын елестетеді. 1,5 минут уақыт беріледі. Жанға жағымды әуен ойнайды.
Берілген уақыт өткеннен соң тағы да 3-4 рет терең дем ала көздерін ашады. Топ өзінің алған әсерімен бөліседі. Тренер әркімнің айтқандарын толықтырады, яғни әрқайсысының қол жеткізгісі келетін, алға қойған мақсат, армандарының бар екенін айтады.
Топ қатысушыларының күтетін және күдік алатын, қорғанатын нәрселері.
Әрқайсысы өздерінің жеке- жеке не күтетіндіктері мен қорқатын жағдайларын айтады. Қатысушылардың барлығы өз ойларын айтып болған соң, «дәл осы жерде және қазір» болатын жұмыстың мәні түсіндіріледі.
Қорытынды:
- Сізге тренингте не ұнады?
- Не ұнаған жоқ?
- Тренинг- сабақ керек пе, ол мамандық таңдауда көмектесе ме?