Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
«Новоильинов орта мектебі» КММ

Пән : қазақ тілі

Сынып : 8 «Б»

Мұғалімі : Нурмухамбетова Г.Г.

Пед.өтілі : 31 жыл

Санаты : 1 - ші

Қазақ тілі 8 сынып

Тақырыбы : «Еліміздегі табысты адамдар». Етістіктің шақтары.

Мақсаты :1. Білімділік : «Табысты адам» мағынасын түсіндіру, «Табысты адам» қандай болуы керек екенін әңгімелеу, өз күшімен көп жетістіктерге жеткен адамның бейне-мінезіне сипаттама беру, жаңа сөздер меңгеру ; етістіктің шақтарын қайталау және

ажырата алу;

2. дамытушылық : ауызекі сөйлеуге, пікірлерін ортаға салуға меңгеру, білу, зерттеу, салыстыру қалыптастыру, топта жұмыс істеуге дағдыландыру;

3.тәрбиелік : табысты болуға ынталандыру, ертеңгі болашағын ойлау, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс : орыс тілі, тарих, әдебиет.

Күтілетін нәтижелер : қойылған сұраққа толық жауап бере алу, салалас құрмалас сөйлемді ажырата алу, өзінің жұмысын бағалай алу.

Көрнекілер : сызба, дидактикалық материалдар, стикерлер, постер.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу). Топқа бөлу

екі түсті (қызыл, сары) дөңгелекшелер арқылы.

1топ – «Болашақ» (қызыл түсті дөңгелекшелер)

2 топ- « Үміт» (сары дөңгелекшелер)

ІІ. Психологиялық ахуалын тудыру :

Кел, блалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі-көңіл ажары!

Күліп өмір сүрейік!

ІIІ.Тақырып, мақсатын хабарлау.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : «Еліміздегі табысты адамдар». «Табысты адам» туралы пікірлесеміз, етістіктің шақтарын ажыратамыз және етістіктерді жіктейміз, топта жұмыс жасаймыз.

IV. Тіл дамыту жұмыс : сұрақ-жауап

1. Қазір қай жыл мезгілі?

2. Қандай көктемгі өзгерістерді білесіңдер?

3. Көктемде қандай мерекелер болады?

4. Адамдардың қандай көктемгі еңбектерін атаңдар.

5. Диқаншылар немен айналысады?

6. Малдар қайда шығады?

7. Ата-аналарың қандай үй шаруасымен айналысады?

V. Үй тапсырмасын тексеру :

1.ұйымшыл адамдар туралы пікірлерін оқу;

2. мақал-мәтелдер айту.

VI. Жаңа сабақ :

1.Ой шақыру : Қандай адамды табысты дейді?

Оқушылардың пікірлері : көп оқиды, білімді, мамандығы бар, замануи

адам, жұмысы жемісті, ойлаған мақсат, арманына жетеді, беделді, белгілі, құрметті, сыйлы.

2. Сөздік жұмыс :

Табысты – успешный

Сенімділік – надежность, уверенность

Ықылас, ынта - желание

Сыпайылық – вежливость

( жаңа сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар хормен және тізбекпен оқиды, сөзтіркестер, сйлемдер құрастырады)

3. Топтық жұмыс : стикерлерді қолданып, постер жасау.

А) 1 топ «Табысты адамның қасиеттері»

Денсаулығы мықты, жалақысы мол, білімді, отбасы және баспанасы бар,оқуда және еңбекте жетістіктері бар, көңіл-күйі көтереңкі, сенімді адам, болашағы зор, ата-аналары, туған - туысқандары қасында,

қойған мақсаттарына және ойлаған арманына жетеді, жоспарлаған

жұмысын орындайды, еңбекқор.

В) 2 топ «Табыссыз адамның сипаты»

Жұмыссыз адам, жалақысыз, жағдайы нашар, сенімсіз адам, жалқау,

өмірде және еңбекте жетістіктері жоқ, мақсатсыз адам, көбісінің

баспанасы да болмайды, отбасынан айырылады, нашақорлық жолына

түседі.

4.Постерлерді қорғау (әр топтан бір оқушы шығады)

5. Қорытындылау : Еліміздің қандай табысты адамдарын білесіңдер?

«Еліміздегі табысты адамдарға» жоғары белестен көрінген адамдар жатады. Олар : Елбасшымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстанның әртістері –Мақпал Жүнісова, Заттыбек Көпбосын, Бейбіт Қорған т.б.,Қазақстанның ұшқыштары- Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Олимпиада чемпиондары - Ермахан Ыбрайымов, Бекзат Саттарханов т.б.

6. Әр топтан «Табысты адамдар» туралы бірінші оқушылар бастап, басқалары мазмұндауды жалғастырады.

7.Бекіту : Табысты адам болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

Т-ТІЛЕК, А- АҚЫЛ, Б- БЕДЕЛ, Ы- ЫҚЫЛАС, С- СЕНІМ,

Т -ТАПҚЫРЛЫҚ, Ы- ЫНТА.

VIІ.Қайталау : етістіктің шақтары (нақ осы шақ, келер шақ, өткен шақ)

1. Ережені қайталау;

2. Етістіктерді жіктеу үш шақта - құрметтеу, табу, айту.

3. Келесі етістіктер қай шақта тұр ? Тауып жатыр, оқыды, істейді, алады, көмектесіп жүр, барды, кіреді.

4. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса :

Әр адам өз өмірінде үлкен жетістіктерге жетуі керек, сонда ғана оның мақсаты орындалады.

5.Зат есімге фонетикалық талдау жаса : сенімділік

6. Берілген сөзді септе : ақыл

7.Сөзге морфологиялық талдау жаса : табыс

VІIІ. Рефлексия : Білдім Білігім келеді

IX. Үйде : «Сенімділік» тақырыбына эссе жазу.

X. Өзін – өзі бағалау
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов