Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

БҚО Орал қаласы

№46 ЖОББМ-нің

мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Жумина Айнур Нуржановна

Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық, таным

Түрі: тіл дамыту, сурет салу, қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: Аязда

Мақсаты: Балалардың қыс туралы білімдерін бекіту, мезгілінің ерекшеліктерін ажыратып, табиғатты сүюге тәрбиелеу, жұмбақ шешу, сұрақтарға жауап беру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін дәстүрден тыс әдіспен бейнелей білуге үйрету.

Көрнекілігі: жыл мезгілдерінің суреті, қыраулы бұтақтар, үлестірмелі суреттер.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Жылулық шеңбері:

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз

-Балалар сіздер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдарма?

-Ендеше тыңдайық,

Жапырағы жасыл желек жамылған

Өн бойына қызыл алқы тағылған

Кең даласы сары алтынға малынған

Енді бірде табиғатты ақ көрпеге ораған

Құбылысты біздер не деп атаймыз?

-Балалар әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері бар екен, қане, кім айтады көктем мезгілінің ерекшелігі қандай?

-Ал, балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

-Аяз болғанын қайдан білеміз?

-Ал сіздер осы Аяздың қайда тұратынын білесіңдерме?

-Бүгін біз Аяздың қайда тұратынын көргісі келетін кішкентай Әлия деген қыз туралы ертегі тыңдаймыз. Әлиямен бірге бізде Аяздың қайда тұратынын көріп қайтайық.

-Ия

-Жыл мезгілдері

Балалар сурет бойынша әр жыл мезгіліне ерекшеліктеріне тоқталып айтып кетеді

-Боран соғады, қар жауады, күн аяз болады

-Ол бетімізді шымшиды, терезеге өрнек салады

-Ол алыста, солтүстікте

Ұйымдастырушы-ізденушілік

-Ерте, ерте, ертеде кішкентай Әлия деген қыз болыпты, ол Аяздың қайда тұратынын көргісі келіп армандапты. Бір күні ол арманын іске асырмақ болып жолға жиналады. Қыс мезгілі, күн суық, аяз. Қараңдаршы Әлия дұрыс киінгенбе?

-Ол жолда көп кедергілерге тап болады, оған көмектесуге дайынбызба?

-Әлия Аяз еліне жету үшін орман ішмен жүреді. Ол келе жатып, аңдар ізін көреді. Олар ненің ізі екенін білмей тұрып қалады. Балалар көмектесемізбе?

-Жарайды, балалар, Әлия ары қарай жүре бастайды, келе жатып үйіліп жатқан қыраулы бқталарды көреді. Ол бұталар жай емес сиқырлы бұталар еді. Бұталарды жолдан алып тастайын деп Әлия қолын тигізе бергенде қыраулы бұталар сөйлей кетеді: «Егер сен қыс мезгілінің ерекшелігін айтпасаң орнымнан қозғалмаймын», дейді.

-Балалар көмектесемізбе?

-Әлия ары қарай жүріп келеді. Алдында омбы қарға тап болады. Омбы қар жай емес сиқырлы қар екен. Жолдан тазалайын деп қолын тигізе бергенде қар сөйлей кетеді: «Егер сұрақтарға жауап бермесең орнымнан қозғалмаймын», дейді.

-Балалар көмектесемізбе?

Дидактикалық ойын: «Қарама-қарсы мағынасын тап»

Қар салқын, ал шәй....

Қар ақ, ал жер.....

Жазда күн жоғарыда, ал қыста.....

Қыста күн ұзақ, ал түн....

Торғай қыстап қалатын құс, ал қарлығаш .......

Далада су мұзға айналады, ал үйде.....

-Жарайды балалар сұрақтарға жауап бердік. Омбы қар ашылды, Әлия ары қарай жүреді, алдында ол көп шыршаларға тап болады. Шыршалардан қалай өтерін білмей тұрып қалады. Сол кезде шыршалар сөйлей кетеді: «Егер жұмбақ шешуін таппасаң орнымнан қозғалмаймын» дейді.

Қолы жоқсурет салады

Тісі жоқ тістеп алады (аяз)

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады (қар)

Отқа жанбас

Суға батпас (мұз)

Таудан түссем, тоқтауды білмейді,

Тауға қарай, тартсамда жүрмейді (шана)

Терезеге қонады

Әсем ою ояды (аяз)

Шелек қалпақ басында

Сәбіз екен танауы

Қыста қардан туатын

Тауып көрші сен оны (аққала)

-Балалар жұмбақ шешуін тауып болғанша Әлия тоңып қалған сияқты, қане бойымызды жылытып алайық:

Сергіту сәті:

Тоңса біздің қолымыз

Қолғап киіп аламыз

Сарт, сарт, сарт

Шапалақ соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз

Етік киіп аламыз

Топ, топ, топ

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз

Тонды киіп аламыз

Зу, зу, зу

Шанаменен зулаймыз.

-Жарайды, балалар бізде жылынып алдық енді Әлия ары қарай жүрсін. Ол келе жатып шырша түбінде отырған қоянды көреді. Әлия қояннан жол сұрайды: -«Мен Аяз елін іздеп келе жатыр едім, көмектесші?», дейді. Қоян болса оған: «Менің үйімнің терезесі жоқ, мен Аяздың салған өрнегін көргім келеді, алдымен соны көрсет», дейді.

-Балалар біз Аяздың салған өрнегін қандай екенін білемізбе? Ендеше біз аяздар болып өрнек салып берейік

-Қоян қуанып, Әлияға жол көрсетеді: «Алға қарай жүрсең, Аяз Атаның патшалығы бар» дейді. Әлия кішкене жүрген соң Аяз Атаның патшалығына келеді. Аяз Ата шығып: «Бұл кімдер шулап жүрген» дейді.

-Бұл мен Әлия деген қызбын мен сіз тұратын елді көргім келіп, сізге қонаққа келдім.- дейді.

-Жолда көп қиындық көрген шығарсың, қалай келдің? – дейді Аяз Ата.

-Жоқ маған «Ақтілек» тобының балалары көмектесті, өздері өте білімді екен.

-Ендеше, қош келдіңдер, мына сыйлықты достарыңмен бөлісіп ал.-дейді Аяз Ата.

-Ия, дұрыс киінген

-Ия, көмектесеміз

Балалар үлестірмелі суреттегі тапсырманы орындайды.

Балалар бір бұтадан алып қыс ерекшеліктерін айтып, бұталалрды құмыраға жинап қояды.

Балалар қарама-қарсы мағыналы сөздер табады

Балалар жұмбақ шешуін табады

Балалар сергіп алады

Балалар терезеге тіс пастасымен өрнек салып, қоянға көрсетеді

Рефлексиялық

-қортындылаушы

-Балалар біз бүгін не істедік, қайда бардық, жолда қандай тапсырмалар орындадық? Сізге ұнадыма?

-Бүгін сіз өз білімдеріңді көрсете білдіңдер, рахмет сендерге!

Балалар өз ойларын айтады

Күтілетін нәтиже:

Бала білу керек:Қыс мезгілдерінің ерекшеліктерін білу керек

Бала игеру керек:Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ажыратып, айтып беруді игеру керек

Бала жасай білуі керек:Қыс мезгіліне байланысты жұмбақтар шеше білу керек, қыс мезгіліне тән ерекшелікті бейнелей білу керек.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов