Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
БҚО Орал қаласы

№46 ЖОББМ-нің

мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Жумина Айнур Нуржановна

Тақырыбы: «Төрт түлік»

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»

Бөлімі: Тіл дамыту, сурет салу

Мақсаты: Балалардың «Төрт түлік» туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау, олардың төлдерін ажырата білуге дағдылау, оларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Төрт түліктің адамға пайдасы, бір-бірінен ерекшелігі, үлкендердің еңбегі туралы әңгімелесу.

Міндеті: Балалардың сөздік қорларын молайту, сипаттап байланыстырып, толық сөйлеуге дағдыландыру. Дәстүрден тыс әдіспен төрт түлік бірі – қойдың суретін саусақпен салу арқылы балалардың ойын, саусақ бұлшықеттерін дамыту. Балалардың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттыру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, жануарлар туралы мақал-мәтел, жұмбақ шешу, қайталау.

Көрнекіліктер: Төрт түліктің, төлдерінің суреттері, ойыншықтар, қыстақты бейнелейтін макет, үнтаспа.

Билингвалды компонент:сиыр-корова, түйе-верблюд, жылқы-лошадь, қой-баран, ешкі-коза.

Алдын-ала жұмыс: Іс-қимыл әрекеттерімен сергіту өлеңдерін қайталау, төлдер туралы тақпақтар, мақалдар жаттату.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

І кезең: Мотивациялық кезең

Балалар, мен бүгін өте қуаныштымын. Қараңдаршы бізге қонақтар келген, айналамыз көңілді. Сендер ше?

Балалардың көңіл-күйін сұраймын.

-Жарайсыңдар балалар!

Балалар қараңдаршы менің қолымда не бар?

-Дұрыс айтасыңдар, бұл жәй доп емес, сиқырлы доп, себебі мен сендерге бұл допты лақтырғанда сұрақтар қойылады. Ал сендер сол допты ұтып алып сұраққа жауап берулерің керек, түсінікті ме?

-Қазір қай мезгіл?

-Қыс мезгілінде ауа-райы қалай болады?

- Қыста жердің бетін небасады?

-Қардың түсі қандай?

-Қыста қандай киімдер киеміз?

-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?

-Жарайсыңдар балалар, өте жақсы жауап бердіңдер.

-Бүгін бізде тіл дамыту оқу іс-әрекеті, тақырыбымыз «Төрт түлік» туралы болғалы тұр, еске түсірейікші төрт түлікке (үй жануарлары) қандай жануарлар жатады?

- Дұрыс айтасыңдар (суреттерін көрсетемін)

- Балалар не себепті «үй жануарлары» деп аталады?

- Дұрыс, адамдар оларға жем, су, шөп беріп үй жанында бағады.

-Балалар, үй жануарлары қыста қыстауда, ал жаз, көктемде жайлауда болады, есте сақтап алыңдар.

- Иә

Балалар жауап береді

- Доп

- Иә

- қыс мезгілі

-ауа-райы салқын, аяз, боран болады

- қарбасады

- түсі ақ

- жылы, қалың киімдер киеміз

- аққала жасап, шанамен, шаңғымен ойнаймыз

-Түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі

-Үй жанында, адамдар бағымында, қарауында өседі


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

ІІ кезең: Іздену-ұйымдастыру

-Балалар осы төрт түлікті көру үшін біздер ауылдағы ата-әжеге барамыз, барғыларың келе ме?

- Ендеше қыс мезгілінде ауа-райы салқын, аязды, сондықтан барлығымыз жылы киімдерімізді киіп барайық.

(Жолда орманнан өтіп бара жатқанда қоян кездеседі)

-қоян, неге жылап отырсың?

- қарным ашты, күн салқын, тоңдым, көмектесесіңдер ме?

-әрине, балалар қоянға қалай көмектесеміз, не жейді ол?

Қоян:

-Рахмет балалар, сендер қайда барасыңдар?

Ендеше жолдарың болсын!

- Міне, балалар келіп те қалдық ата-әжеге, амандасайық.

Ата:

- Амансыңдар ма, балаларым, қош келдіңдер. Сендерді келеді деп естіп, әжең екеуміз тағат таппай күтіп отыр едік, төрлетіңдер, айналайындар!

Тәрбиеші:

- Ата, біз сізге төрт түлік қыста қыстақта болады дегесін төрт түлікті көруге келдік, көрсетесіз бе?

Ата:

- Ой, бәрекелді, әрине көрсетем, жүре қойыңдар.

(Ата қораға барып төрт түлікпен таныстырады)

- мен оларға жем, су, шөп беріп, жайылымға жіберіп бағып отырамын.

- Балалар осы төрт түліктің төлдері бар, сендер атап бере аласыңдар ма?

Тәрбиеші:

- Иә ата, балалар біледі, қане атаға айтып беріңдерші.

Ата:

- Ой жарайсыңдар, үйге кіріңдер тоңған боларсыңдар

-балалар төрт түліктің маңызы өте зор. Мына қой-ешкі - төрт түліктің ішіндегі ең момыны. Балалар ауырып қалса осы қойдың құйрық майымен сылайды, ерітіп ішкізеді, ал жүнінен тоқыма киімдер тоқып киеміз, ал етін жейміз.

Ал сиыр малы – адамға үйір, ақылды жануар. Біздің ішіп-жейтін тағамымыздың көпшілігі осы сиыр малының өнімі. Мысалы, құрт, ірімшік, сүт, айран, қаймақ, май. Құрт – көп жылдар бойы бұзылмай сақталады.

Ал, түйе – төрт түліктің төресі. Түйе сүті – шұбат деп аталады, ол әрі сусын, әрі тамақ. Түйенің – сүті, еті, майы, сапалы жүні мол. Атам қазақ түйені ішсең сусын, жесең-ет, мінсең-көлік деп қадірлеген.

Ал жылқы малы – жер жүзінің бәріне тараған. Ол қыс мезгілінде де аязда далада жайыла береді, қарды теуіп астындағы шөпті тауып жей алады. Сүті – қымыз, еті дәмді, қазы-қарта, жал-жая дайындалады. Мінекей, балаларым, төрт түліктің пайдасы өте зор екен, есте сақтап алыңдар.

Әже:

- Балаларым мен сендерді ақылды, білгір балалар деп естіп едім, сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр шешуін таба аласыңдар ма?

- «Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар

Ол адам емес

Иегінде сақалы бар»,

«Кішкентай ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар»,

«Кездесті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар»

Ата:

Жарайсыңдар, балалар шынымен де білгір, ақылды балалар екенсіңдер, өркендерің өссін!

Тәрбиеші:

-Ата біздің балалар да өздері білетін тақпақ, мақалдарын ала келді.

-Ата-әже рахмет! Сізден балалармен көп нәрсе үйрендік. Дендеріңіз сау болсын. Біз сіздерге жиі келіп тұратын боламыз. Біз енді балабақшамызға қайтайық.

Ата:

- Жолдарың болсын, балалар сендер сияқты білімді, ақылды балаларымыз өсіп келе жатқанына марқайып қалдық, қуанып қалдық.

Әже:

- Айтпақшы, балалар сандығымның түбіне сақтаған құртым бар еді, ала қойыңдар. Жолдарың болсын!

Тәрбиеші:

- Рахмет, сау болыңыздар!

-Балалар, біздер ауылдан не көрдік?

-Ендеше көрген төрт түліктің бірі-қойдың суретін салайық.

Қоңырау соғылады. Сергіту сәті:

Ішік, пима, қолғап бар

Арада жоқ тоңғақтар

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз алақай!

- Рахмет

-Балалар ойын ойнағыларың келе ме, ендеше «Кім шапшаң?» деген ойын ойнаймыз. Мен сендерге төрт түлік суреттерін берем, олардың төлдерін қасына дұрыс, шапшаң орналастыруларың керек.

- Иә

- иә

-Сиыр төлі-бұзау, жылқы төлі-құлын, түйе төлі-бота, қой төлі-қозы, ешкі төлі-лақ

(Балалар атаның үйіне кіреді)

-иә

-ешкі

-қой

-түйе

Алпамыс:

Секең-секең лағым

Селтеңдейді құлағың

Ерасыл:

Кіп-кішкентай момақан

Қошақанды ұнатам

Сабыр:

Сүйеді апам «қозым» деп

«қошақаным» өзің деп

Әділер:

Мал өсірсең қой өсір

өнімі оның көл-көсір

Әділхан:

Жер гүлімен жарасты, Мал төлімен жарасты

Жанна:

Жылқы малдың патшасы

Түйе малдың қасқасы

Санжар:

Әукім-әукім сиырым

Мүйізіңнің сүйірін

Шүйгін жерге келгелі

Шығып қапты бүйірің

Даяна:

Ешкі деген жануар

Лақ кезінен тынығар

Жапырағы жайқалған

Ағаш көрсе жыны бар

Тамила:

Ұшып жүру үшін де

Жаралған бұл мүсін бе

Сезімтал жылқы малы

Төрт түліктің ішінде

-рахмет

Балалар топқа келеді.

-қой, ешкі, сиыр, түйе

Балалар саусақпен сурет салады.

Шеңберге жиналады, қимылмен көрсетеді,

- иә

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

ІІІ кезең

Рефлексивті-коррекциялаушы

- Балалар сендер қайда бардыңдар?

- Ауылда не көрдік?

- Ата-әже сендерге не берді?

- Құрт неден жасалады?

- Балалар сендерге орталарыңнан кім ұнады?

- Ал маған сендердің барлығың да ұнадыңдар. Себебі барлығыңда жақсы жауап бердіңдер, суретті жақсы салдыңдар рахмет сендерге, сау болыңдар!

- Ата мен әженің ауылына бардық

- Төрт түлікті көрдік

-Құрт берді

- Сиыр сүтінен

Балалар жауаптарын береді.

Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Бала білуі керек: төрт түлікті атай білулері керек, төлдерін ажырата білулері керек.

Бала игеруі керек: төрт түліктен алынатын өнімдерді, төрт түлік туралы тақпақ, мақал-мәтілдерді игеруі керек.

Бала жасай білуі керек: төрт түліктің бірі-қойдың суретін саусақпен сала білулері керек.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ