ІІ кезең: Іздену-ұйымдастыру
|
-Балалар осы төрт түлікті көру үшін біздер ауылдағы
ата-әжеге барамыз, барғыларың келе ме?
- Ендеше қыс мезгілінде ауа-райы салқын,
аязды, сондықтан барлығымыз жылы киімдерімізді киіп барайық.
(Жолда орманнан өтіп бара жатқанда қоян кездеседі)
-қоян, неге жылап отырсың?
- қарным ашты, күн салқын, тоңдым,
көмектесесіңдер ме?
-әрине, балалар қоянға қалай көмектесеміз,
не жейді ол?
Қоян:
-Рахмет балалар, сендер қайда барасыңдар?
Ендеше жолдарың болсын!
- Міне, балалар келіп те қалдық ата-әжеге,
амандасайық.
Ата:
- Амансыңдар ма, балаларым, қош келдіңдер.
Сендерді келеді деп естіп, әжең екеуміз тағат таппай күтіп отыр едік,
төрлетіңдер, айналайындар!
Тәрбиеші:
- Ата, біз сізге төрт түлік қыста қыстақта
болады дегесін төрт түлікті көруге келдік, көрсетесіз бе?
Ата:
- Ой, бәрекелді, әрине көрсетем, жүре
қойыңдар.
(Ата қораға барып төрт түлікпен таныстырады)
- мен оларға жем, су, шөп беріп, жайылымға
жіберіп бағып отырамын.
- Балалар осы төрт түліктің төлдері бар,
сендер атап бере аласыңдар ма?
Тәрбиеші:
- Иә ата, балалар біледі, қане атаға айтып
беріңдерші.
Ата:
- Ой жарайсыңдар, үйге кіріңдер тоңған
боларсыңдар
-балалар төрт түліктің маңызы өте зор. Мына қой-ешкі - төрт түліктің ішіндегі ең момыны.
Балалар ауырып қалса осы қойдың құйрық майымен сылайды, ерітіп ішкізеді, ал
жүнінен тоқыма киімдер тоқып киеміз, ал етін жейміз.
Ал сиыр малы – адамға үйір, ақылды жануар.
Біздің ішіп-жейтін тағамымыздың көпшілігі осы сиыр малының өнімі. Мысалы,
құрт, ірімшік, сүт, айран, қаймақ, май. Құрт – көп жылдар бойы бұзылмай
сақталады.
Ал, түйе – төрт түліктің төресі. Түйе сүті –
шұбат деп аталады, ол әрі сусын, әрі тамақ. Түйенің – сүті, еті, майы, сапалы
жүні мол. Атам қазақ түйені ішсең сусын, жесең-ет, мінсең-көлік деп
қадірлеген.
Ал жылқы малы – жер жүзінің бәріне тараған.
Ол қыс мезгілінде де аязда далада жайыла береді, қарды теуіп астындағы шөпті
тауып жей алады. Сүті – қымыз, еті дәмді, қазы-қарта, жал-жая дайындалады.
Мінекей, балаларым, төрт түліктің пайдасы өте зор екен, есте сақтап алыңдар.
Әже:
- Балаларым мен сендерді ақылды, білгір
балалар деп естіп едім, сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр шешуін таба
аласыңдар ма?
- «Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар
Ол адам емес
Иегінде сақалы бар»,
«Кішкентай ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар»,
«Кездесті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар»
Ата:
Жарайсыңдар, балалар шынымен де білгір,
ақылды балалар екенсіңдер, өркендерің өссін!
Тәрбиеші:
-Ата біздің балалар да өздері білетін тақпақ, мақалдарын ала келді.
-Ата-әже
рахмет! Сізден балалармен көп нәрсе үйрендік. Дендеріңіз сау болсын. Біз
сіздерге жиі келіп тұратын боламыз. Біз енді балабақшамызға қайтайық.
Ата:
- Жолдарың болсын, балалар сендер сияқты
білімді, ақылды балаларымыз өсіп келе жатқанына марқайып қалдық, қуанып
қалдық.
Әже:
- Айтпақшы, балалар сандығымның түбіне
сақтаған құртым бар еді, ала қойыңдар. Жолдарың болсын!
Тәрбиеші:
- Рахмет, сау болыңыздар!
-Балалар, біздер ауылдан не көрдік?
-Ендеше
көрген төрт түліктің бірі-қойдың суретін салайық.
Қоңырау
соғылады. Сергіту сәті:
Ішік, пима, қолғап бар
Арада жоқ тоңғақтар
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз алақай!
- Рахмет
-Балалар ойын ойнағыларың келе ме, ендеше
«Кім шапшаң?» деген ойын ойнаймыз. Мен сендерге төрт түлік суреттерін берем,
олардың төлдерін қасына дұрыс, шапшаң орналастыруларың керек.
|
- Иә
- иә
-Сиыр төлі-бұзау, жылқы төлі-құлын, түйе
төлі-бота, қой төлі-қозы, ешкі төлі-лақ
(Балалар атаның үйіне кіреді)
-иә
-ешкі
-қой
-түйе
Алпамыс:
Секең-секең лағым
Селтеңдейді құлағың
Ерасыл:
Кіп-кішкентай момақан
Қошақанды ұнатам
Сабыр:
Сүйеді апам «қозым» деп
«қошақаным» өзің деп
Әділер:
Мал өсірсең қой өсір
өнімі оның көл-көсір
Әділхан:
Жер гүлімен жарасты, Мал төлімен жарасты
Жанна:
Жылқы малдың патшасы
Түйе малдың қасқасы
Санжар:
Әукім-әукім сиырым
Мүйізіңнің
сүйірін
Шүйгін жерге
келгелі
Шығып қапты
бүйірің
Даяна:
Ешкі деген
жануар
Лақ кезінен
тынығар
Жапырағы
жайқалған
Ағаш көрсе жыны
бар
Тамила:
Ұшып жүру үшін
де
Жаралған бұл
мүсін бе
Сезімтал жылқы
малы
Төрт түліктің
ішінде
-рахмет
Балалар топқа келеді.
-қой, ешкі, сиыр, түйе
Балалар саусақпен сурет салады.
Шеңберге жиналады, қимылмен көрсетеді,
- иә
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
|