Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

БҚО Орал қаласы

№46 ЖОББМ-нің

мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Бекбульсинова Асем Максутовна

Тақырыбы: «Берекелі алтын күз!»

Мақсаты:

Білімділігі: Күз мезгілінің қандай мезгіл екенін, қандай құбылыстар болатынын түсіндіру, тақырыпты түсіндіру

Дамытушылығы: тақырыпты түсіндіре отырып білімдерін дамыту

Тәрбиелілігі: күз туралы өлеңдер, әңгімелерді сүйе білуге, мәнерлеп оқуға үйрету

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекеліде мерекелі күз мерекесі құтты болсын!

Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады, ендеше, мектепалды даярлық топ бүлдіршіндері дайындаған «Алтын күз» атты мерекелік концертімізді бастаймыз!

Берекелі, мерекелі,

Келді жомарт алтын күз

Қалада да, далада да

Жанның бәрі жарқын жүз

Хор: «Алтын күз» әні .

Тақпақтар

Нұралы:

Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Ералы:Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Медина: Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.

Карина: Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Әлихан:Листопад листопад

Листья желтые летят

Желтый клен, желтый бук

Желтый в небе солнца круг

Амина :Down, down

Yellow and brown

The leaves are falling

Over the town

Жүргізуші: Аспанда ерек дабыл кем күркіреген,

Жаңбыр құйды дамылсыз сіркіреген

Ағыл-егіл, кең көше көл боп кетті.

Шомылтпаған бұта кем, сілкімегенБи: «Жау жау жаңбыр»

Жүргізуші:

Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...

ӘН «Көңілді күн» хор .

Тақпақтар

Инабат:Нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді

Ағиба:Сап сары маңай

Сап сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс келді қайтып

Саида:Молшылыққа бөлеген

Күз айы неткен ырысты ең

Біздерді қауыштыратын

Ыстық ұя мектеппен

Сабина: Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді

Кемелденсін халқымыз

Карина: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Мадина: Қамба толы астыққа

Алыс алған алтын күз

Бір уыс дән шаштық та

Қап қап қауын алдық біз

Жофи: Күз келді алақай!

Алтын келді далаға

Дәні бітік бидайды

Құйып жатыр қамбаға

Інжу: Күздің қазан айында

Алма,алмұрт піседі

Дәні бітік бидайды

Құйып жатыр қамбаға

Саят: Миновало лето

Осень наступила

На полях и в рощах

Пусто и уныло

Аяна:Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік ойнайық

Ән «Алтын күз» орындайтын Демеу Амина

Жүргізуші:Ән салып жас кәріміз

Би билейік бәріміз

Би «Вальс» (МАД Д)

Хор: «Күз жомарт»

«Жемістер мен көкөністер айтысы» (МАД Д)

Сәбіз:Өсіретін бойынды

Дамытатын бойынды

Қояндарға азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз

Алма:Мен алмамын алмамын

Тандай жұлар бар дәмін

Қызылша:Ақ түсім бар қант алар

Қызыл түсім қанға нәр

Зияным жоқ біліп қой,

Қызылшамын пайдам бар

Өрік:Мен өрікпін өрікпін,

Табиғатқа көрікпін

Қарбыз:Көрсен егер бақшада

Доп екен дер қалма

Шөл қандырар қарбызбын

Ерте үзіп алма

Алмұрт:Мен алмұртпын алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың

Қауын:Иісін жұпар анқы,аңқыған

Бақшадағы шырынмын

Жек көргенде тамсанған

Балдай тәтті қауынмын.

Жүргізуші: Жұмбақты жасыру (барлық оқушыға)

Қара суық тұрады

Ызғарлы жел соғады

Дәу қара құс көрінді

Көзінен жас төгілді (Бұлт)

Би: «Бұлттар»

Ән «Джентельмен» орындайтын Абай Арнур.

Ж: Мектепалды даярлық тобының оқушылары әнші, биші әрі сәнқой . Бүгінгі мерекеге арнап бүлдіршіндеріміз түрлі пакеттерден, карталардан сәнді киім үлгілерін жасап, сіздерге көрсетпекші. Ендеше тамашалайық. Осы сән үлгісіне ат салысып, қол ұшын бергендері үшін ата-аналарына мың алғыс. Көп-көп рахмет айтамыз.

Өткен аптада мектепалды даярлық топ оқушылары арасанда «Берекелі, мерекелі –Алтын күз»атты көрме ұйымдастырған болатынбыз. Сол көрмеге үлестерін қосып ат салысқан оқушыларымызды марапаттау үшін ортаға тәрбие ісінің меңгерушісі Ақмарал Шапағатқызына сөз беріледі.

Марапаттау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ