Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

«Ақмарал» балабақшасы

Тақырыбы:«Мерекелі, берекелі, Алтын күз!»

Жүргізген тәрбиеші:Тлеулина Нұрғаным

Қазан. 2016 жыл.

Мақсаты : Жыл мезгілдері туралы түсінік беру, күз мезгілінің ерекшелігін білу, табиғатта болатын өзгерістер туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын жетілдіру, табиғат сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: Жапырақтар, бейнетаспа, атрибуттар, жемістер мен көкөністер муляждары.

(Зал күз көрінісі сияқты безендірілген)

Жүру барысы: («Күз келгенде» атты музыка әуенімен балалар залға кіреді)

Жүргізуші : Қымбатты ата * аналар! Барша көрермендер!

«Балапан» тобының күз мезгіліне қатысты ұйымдастырылған «Алтын күз» атты ойын -сауық кешіне қош келдіңіздер!

(«Алтын күз» өлеңінің әуенімен балалар топқа кіреді)

Жүргізуші: Ал, балалар, балалар,

Кәне, бермен қараңдар.

Бізге қонақ келмекші,

Сендерді бір көрмекші

Топқа музыка әуенімен билеп, «Алтын күз» келеді.(Қолында себет толы жемістер мен көкөністер)

-Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Береке – бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын күз,

Сары алтынға малынған

«Алтын күз» деген мен болам!

-Қош келдіңіз, отырыңыз жайғасып.

«Алтын күз» -Ал, балалар мен туралы не білесіңдер, қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші:Сіз туралы біздің балалардың өнері өте көп, сондықтан олар 2 топқа бөлініп жарысқалы тұр. (Балалар 2 топқа бөлінеді)

«Жемістер» тобы «Көкөністер» тобы

Сезім: Іші толған шәрбат Жігер:Өсем бақша бауында

Дәмі қандай әйбат Қатты ұқсаймын қауынға

Үзесің бірден жүзін

Оның аты-...жүзім

Бексұлтан:Дөп-дөңгелек сары Нұрасыл:;Иісім жұпар аңқыған

Ішінде бардәні Бақшадағы шырынмын

Қызығасың көріп

Оның аты өрік Жеп көргендер тамсанған

Балдай тәтті қауынмын

Зайнаб:Жапырақты тасалап Аңсар:Ақ түсім бар қант алар

Өсетін жері бақша – бақ Қызыл түсім қанға нәр

Күрең қызыл шіркін –ай, Ал балақай – біліп қой

Оның аты – құлпынай Қызылшамын, пайдам бар.

Назым: Дамытатын ойыңды

Өсіретін бойыңды

Нұртөре:Пісетін кезі дәл күзде :Қоянға да азықпыз

Мезгілсіз оны үзбе. Сәбіздерміз жазықсыз

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты шабдалы.

Мейірім: Мен алмұртпын, алмұртпын Нұрәділ: Картоп біздің атымыз ,

Күзде жинап алатын Жер астында жатырмыз.

Балбыраған біреуін Бір тамырдан тараған,

Жесең тойып қалатын Ағайынбыз бәріміз.

Айкөркем:Нарттай қызыл алмамын, Алтынбек:Бақшаларда қызарып,

Мәз болады алғандар Жатырған мен қызанақ.

Жаз әдемі киінем Талшыбығым бұралып,

Тілді балдай үйірем. Күнге қарап ұялып

Мирлан:Мынау шие шырағым, Гүлбану:Көрсең егер бақшада,

Қызыл болып піседі. Доп екен деп қалма

Тезірек жинап алмасаң, Шөл қандырар қарбызбын

Ұрлыққа торғай түседі. Ерте үзіп алма

Жасмина:Асханадан шықпаймын Ақниет:Бақшаларда тізіліп,

Атым пияз бұқпаймын Қаперсіз мен жатамын

Көзден жасты шығарып Қабат – қабат киініп

Тұмаудан бірақ сақтаймын Қырыққабат атандым

Алуа: Қарашы қарашы, күз келді Нұрислам: Күздің қазан айында

Сары алтын жауыпты іздерді Алма , алмұрт піседі

Құс біткен керуен түзеді, Жапырақтар сарғайып

Неліктен көңілсіз күз енді Сыбдыр, сыбдыр түседі

Мейірбек , Нұрбақыт, Гүлназ, Аманбек, Аңсағаным.

Алтын күз:Өнерлерің тамаша екен, ал мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

«Бұл қай мезгіл?» ( Бейнетаспамен жұмыс)

Мақсаты: Жыл мезгілдерін ажырата білу, тез ойлауға жаттықтыру.

«Кім тапқыр» (Жұмбақтар жасыру, тез жауабын табу)

Ал, балалар менің жапырақтарым күн сайын азайып барады, менің жапырақтарым қайда екен.

«Жапырақтар биі» (музыка жіберіледі)

Мен келген мезгілде жаңбыр көп жауады. Ал сендермен ойын ойнап көрейін.

Ойын:«Күн мен жаңбыр»

Ойын шарты түсіндіріледі, барлық бала ойынға қатысады. Ойынды қорыту.

Ән:«Бұл қай кезде болады?»

Алтын күз: Ал, менде құр келген жоқпын, сендерге өз өнерімді көрсетейін.

Ән; «Күз келгенде» Орындайтын – Аңсағаным

Алтын күз: Ал, балалар мен сендермен әлі қоштаспаймын,сендер далаға серуенге шыққанда тағы да кездесемін.

Жүргізуші: Берекелі бақ –дәулет

Арта түссін тойланып.

Сау болайық бәріміз,

Келгенше күз айналып!

Кешті қорытындылау, балаларды мадақтау,көңілді орта туғызу, күз сыйын беру.

(Алмалар,өріктер, шиелер, алшалар, жүзімдер)

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов