Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Жоспары:

1.Кіріспе сөз. Кітапхана меңгерушісі

2.Ақынның өмір жолына шолу Оқушылар мәнерлеп оқиды

3.ақынның айналасындағы жақын –дос,құрбыларының естеліктерімен танысу.

4.Ақынның өлеңдерімен танысу. Оқушылар өлең оқиды.

5.Кітап көрмесін жарнамалау.

Мақсаты:

Иә,адам ығысады,ұрпақ алмасады.Қырық сегіз жыл жер басқан қысқа ғұмырының бар есті кезеңін қазақ жырының ары мен абыр ойын қорғауға,намысы мен жігерін қайрауға арнап өткен,оны өлкесінің сирек бітімді ақиығы, Жұмекен Нәжімеденовтің аруағын еске алу үшін,халқымыздың өзіндей әрі қарапайым,әрі қайсар, сырлы да сымбатты,ойлы да парасатты,әрі терең ,әрі асқақ,қайталанбас кәусар жырдың шуағына шомылу үшін,оқырманы қалқысыз сүйген арыс тұлғалы суреткермен жолығу,жүздесу,тілдесу,сырласу үшін сол ұлы міндеттің бір белгісі деп қабылдағанымыз жөн.

спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

5 Ответы

0 голосов

1Жүрг: Армысыңдар қадірлі қонақтар мен жыр сүйер оқырман! Бүгінгі кешімізге арқау болып отырған –ақын Жұмекен Нәжімеденовтың 80 жылдық тойына арналған «Бір ғажап ақын -Жұмекен» атты поэзия кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Ақын туралы сөзімді аз ғана шегіністен бастайын.Ердің жасы-елуіне де аяқ баспай, 49 мүшеліне де жетпей 48 жасқа толуына –алты күн қалғанда,күздің тұманды,ызғарлы күндерінің бірінде төңірегін түгел «аһ» ұрғызып,пәниден озған ақын арамызда тірі жүргенде 80-ге толар еді.

Оқушы:Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы,көрнекті ақын,Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері жүмекен нәжімеденов 1935 жылықараша айының 28 жұлдызында қазіргі Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қошалақ ауылында дүниеге келген.Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде (1956-1959)оқыған.Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген.Еңбек жолын 1955 жылы қарағанды шахтасында қарапайым жұмысшы болып істеуден бастаған. 1959-1965 жылдары «Жазушы»баспасында кіші редактор,1965-66 жылдары республикалық «Лениншіл жас»газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі,1966-71жылдары қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші,1974-78 жылдары Қазақ КСР баспа,полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте редактор,1978-83 жылдары «Мектеп»баспасында редакция меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2оқушы: Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары,үш романы,аударма кітаптары «жазушы», «жалын»баспаларынан жарық көрді: «Балауса», «Сыбызғы сыры», «Жоқ,ұмытуға болмайды», «Күй кітабы», «мезгіл әуендері», «Ұлым,саған айтам», «Қызғалдақ жайлы баллада», «Темірқазық», «Менің топырағым»кітаптары,үш томдық шығармалар жинағы (1996-1997), «Мен -тамырмын» дастандар, «Қасірет пен қайсарлық», «Жұмекен», «Жаңғырық», 1967 жылы «Жоқ,ұмытуға болмайды!»атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.Ақын жырлары бірнеше шет ел тілдеріне аударылған.Ақынның балалық балдәурен кезін бірге өткізген жолдасы Хамидолла қабдешов – «Жұмекен сабақты жақсы оқыды.Әрі мектепке баруы мұң екен,домбыраға төселіп жүре берді.ауылға келген сайын үйренген жаңа күйлерін тартып беретін.Ал одан босағанда малды ауылдың науқанды жұмыстарына қатысатын»-деп еске алады.

2жүрг: Иә,адам ығысады,ұрпақ алмасады.Қырық сегіз жыл жер басқан қысқа ғұмырының бар есті кезеңін қазақ жырының ары мен абыр ойын қорғауға,намысы мен жігерін қайрауға арнап өткен,оны өлкесінің сирек бітімді ақиығы, Жұмекен Нәжімеденовтің аруағын еске алу үшін,халқымыздың өзіндей әрі қарапайым,әрі қайсар, сырлы да сымбатты,ойлы да парасатты,әрі терең ,әрі асқақ,қайталанбас кәусар жырдың шуағына шомылу үшін,оқырманы қалқысыз сүйген арыс тұлғалы суреткермен жолығу,жүздесу,тілдесу,сырласу үшін жиналған бүгінгі бас қосуымызды сол ұлы міндеттің бір белгісі деп қабылдағанымыз жөн.

1жүрг:Жұмекен ақынның жыр әлемі-қазақ өлеңінің 20-шы ғасырдың қуаты мен нұры,салмағы мен сыры.Ақын жүрегінен сығылып шыққан арыны бөлек өлең-ағыс қазақ поэзиясындағы қалыпты арналарды бұзып өтіп,бағытын өзгеше бетке салды.

Бір бүйірде қызса деп ем өлеңім,

Бір ұйқыны бұзса деп ем өлеңім.

Ақылдығы қайғы алдырсам деп едім,

Ақымақты ойландырсам деп едім –деп,өзіне ғана жарасар,қайталанбас өлең өрімімен,ойлы бітімімен,парасат түйінімен қазақ жырының көк жиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосқан Жұмекен ақынды шынайы жырсүйер қауымға өлеңдерімен,прозалар,әңгімелерімен шығармашылық жұмыстарымен қысқаша танысудағы ой еді.Ендеше,өлең оқитын оқушыларға кезек берейік. «О,табиғат»оқитын 7 б сынып Аққу, «Менің елім» 5 а сынып оқушысы Нұршат Дүйсен, «Отан» 5 а сынып Аружан Амангелдиева.

2Жүрг:Жұмекен ақын қалам ұстаған тұтас бір кезеңнің оза-шапқан жүйріктері мен дүлдүлдеріне тән мінез еді.

Жыңғылыңды көлеңкелеп көз ілдім,

Көз ілдім мен төсегінде сезімнің.

Саған тартқан өз ұлыңмын.өзіңмін:

Тұла бойым тұтас құйған төзіммін! –деп оқырман ойы мен сезімін қым-қуат әрекетке жетелер таза,саф өлеңнің табиғатына сүйсінбей көріңіз. (Өлең оқылады-Қошалақ)- оқитын 7 г сынып оқушысы Ақбота Болатқызы,

1Жүрг: Әрі қарапайым,әрі ойнақы,әрі ойлы,салиқалы салмақты жолдар ақынның кіндік қаны тамған жер «Қошалақ»атымен аталады. Туған жер! Кез келген жұмыр басты пенденің жүрегіне жылы естеліктер,бойына махаббат пен сезімнің ұлы құдіретін,киесін жинаған осы бір мәңгілік ұғымға ат басын бұрмаған,төгіліп,егілмеген қазақ ақыны жоқ шығар.Бірақ,егілген,төгілгеннің жыр бола бермейтіні белгілі.(Тағы да туған жер туралы өлең оқиық). «Салқындап саясында самал көлдің» 5 асынып Зарина Қалмұрза,

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

2Жүрг:О,Дариға!өшу деген бар ұғым.

Өшпесең де тағылмайды аз айып.

Әрбір майшам сөнген сайын,жарығым

Бара жатқан секілденер азайып...-өлең ақынның өмірбаяны,жыр-ақын жан дүниесінің айғағы,ойы мен парасатының айнасы.Жұмекен-жырдың айдыны кең,аспаны асқақ,өз сөзімен айтқанда, «Бұтақтары-биікте-тамырлары-тереңде!»не жазса да,нені жазса да рухани тегінің қайдан бастау алып жатқанын естен шығармайды.тағыда бір –Менің демім баяу ғана бір алған, Күрсіну мен сүйсінуден құралған –деген қос өрім жолды өмірге әкелу арқылы адам ойы мен сезімін қаншама әсерге бөлейді (Өз көзіммен-тыңдасақ).-оқитын 9 д сынып оқушысы Жексенова жанар.

1Жүрг:Сөзінің иесімен киесі кім екенін білдірмей,жырына өмірлік қуат берер құнарлы топырақтың қадірімен қасиетін ауызға алмай,өткендерге бас иіп,тағзым етпей Жұмекен ақын қолына қалам ұстамайтын секілді.Мұндайда оның сиынары да,сүйенері де жеткілікті.Соның бірі-абай аруағы. Абай-Жұмекннің рухани тегі,қиналғанда алдына барып бас иер қағбасы.

(Абайға арнау кезек беріледі) –оқитын 9 д сынып оқушысы Ізбасарова Диана.

«Адал жұмсап ғұмырымды бүтін бір» оқитын 5 а сынып оқушысыТөлегенов Бекзат

2Жүрг: «Адал жұмсап ғұмырымды бүтін бір

Ақтайтұғын кезім,ана,сүтіңді-

Амалым не,амалым не,амалым:»-деген жолдармен (Ақын анасы туралы бір үздік сыр тыңдап алсақ.) Келген босағасының тілеуін алаңсыз тілеген келін осындай болар...Бұл жолы келін енесі туралы сыр шертті.

(Оқитын Ізбасарова Диана)- Жұмекеннің анасы Мүслима Айдынқызы Атырау облысының Теңіз ауданындағы «13 –ші обьезд»деген жерде 1915 жылы дүниеге келген. Туған анасынан үш жасында жетім қалып,өгей шешенің тәрбиесінде өскен. Ал, Жұмекеннің әкесіне тұрмысқа шыққанда небәрі 15 жаста екен. Нәжімеден атамыз жалғыз ұлы Сабыреденін ерте үйлендірген ғой. Мүслима апай Жұмекенді тұңғышын келін боп босаға аттаған соң, 4 жылдан кейін босаныпты. Жұмекен өз анасын Мүсеке деп өтті өмірден.

Жұмекеннің анасы өте байсалды, көрікті,ү лкеннің жолын кесіп өтпейтін, шыдамды адам болатын. Мінезі жайлы,көп сөйлемейтін. Сол кездің адамдарына тән ескіше сауат ашқан, өз бойына біткен парасаттылығымен, пайымдылығымен аналық қамқорлығын аямаған.

«Сол күндері басынан кешкен қиыншылықтарын айтқанда оны аяп,егіліп жылап отыратын едім»-дейді,есіне алып, «Апам өзі жыламай,жайлап отырып,ұзақ әңгімесін айтатын...»

Анамның өмірі қиындыққа толы. Қазақ ауылындағы қазақ келінінің өмірі. Ата-енесі елге сыйлы адамдар болған.

6-7 жасар немересі Жұмекенді ертіп, Жұмекеннің атасы Нәжімеден ақсақал, Жұмекеннің анасы Мүслиманың төркін жұртына –мына жиендеріңді таныстырайын деп, әрі нағашысынан азғана алажақ бұйымтайын сұрайын деп әдейі ертіп әкеліп отырмын. Жігіттің үш жұрты болады: Өз жұрты-күншіл, қайын жұрты- міншіл, нағашы жұрты – сыншыл деген. осы немеремді әрі сынатқалы,әрі бата сұрағалы келдім деген екен. Сонда нағашысы: «Балаңыз адал сүт емген болсын. Ата-ананың баласы болмай,елдің баласы болсын. Алашаға тартса ақын болар, нағашысы Берішке тартса батыр болар. Елге елеулі,халқына қалаулы болсын,басқа не айтайын,жас қой,бақыты алдынан жарылқасын»-деп батасын берген екен.

Атасы «Өнерлі өрге жүзер деген,жігітті ақылы мен өнері көтереді,шүкір,немерем өнерден құралақан емес,- деп керегіде ілулі тұрған домбыраға қарайды. Осы жолы Жұмекен нағашыларына Құрманғазының «Кішкентайын» тартып береді. Жас Жұмекеннің бойындағы дарыны мен талабы, өнерге икемділігі,отырғандарды еріксіз сүйсіндірген екен. Жұмекен шығармасындағы анасына қатысты өлеңдері баршылық. Апамдай адам сирек туады. Жұмекен бойындағы төзімділігі де,адалдығы да, Жүрегінің жұмсақтығы, кешірімділігі анасының ақ сүтінен дарығаны сөзсіз. Шаңырақтың құты еді апам. Келін боп түскелі ақ батасын талай рет алдым.Үлгісін бойыма дарыттым. Мені өсірген – Балсекерді (анамды) - қатты құрметтеп, келін мен ене, құда-құдағи арасындағы сыйластықтың керемет үйлесімді үлгісін көріп өскенімді мақтанышпен айта аламын.

Сексеннің күзі біздің отбасына ауыртпалық ала келді. Анамыз қатты ауырды. Жұмекенге қатты әсер етті,анасының ауырғаны. Келесі жылы дәл осы күні 1983 –тің 22 қарашасында Жұмекен қайтыс болды. Апам аурудан айыққандай болды.,Жұмекеннен кейін үш жылдан соң қайтты. ұлдан 5 немересін, 2шөбересін, екі қызынан 17 жиен немересін көріп кетті. Бидай өңді,жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұратын көгершіндей сүйкімді ана –еді деп шерін тарқатты-келіні Нәсіп апай.

2-Оқушы:-Оқитын 9 д сынып оқушысы Жексенова Жанар

Жазушылар одағынан Жұмекен ағаны ақырғы сапарға шығарып салғанда,одақтың еңселі үйінен қаралы шерудің алдында,екі қолтығынан құр сүлдерін демеп екі азамат екі жағынан алып бара жатқан Мүслима анамыздың бейнесі көз алдыма келеді. Дүниеге әкелерінде «Мойнына қара ала тұсау салып тілек тілеп көтерген» тұла бойы тұңғышынан, жалғыз ұлы-алпамсадай арысынан айырылған ананың қайғысынан қара жердің де көкірегі қарс айырылғалы жатқанын сезінген зарлы міскіндердің ішінде мен де ілбіп ілесіп,ақынды ақырғы сапарға шығарып салып едім,сол сексен үштің қарашасында –деп Қалампыр Кенжеғанқызы-күрсіне еске алады.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
1Жүрг:Осы ретте анасына арналған өлеңін тыңдасақ «Ана »5 а сынып оқушысы Сырымова Ақерке, «Қоңыр шешем»оқитын 5 а сынып оқушысы Сүннет Мұхаммед Расул. «Жылдан жылға сөніп барад» оқитын 5 а сынып оқушысы Анель Есениязова.

1Жүрг:Әбіш Кекілбаев естелігінен:Адамзат адамзат атанғалы бері,оған бір елі ажырамас баянды серік болып келе жатса да,сырын түгел алдыра қоймаған бір жұмбақ дүние –өлең.

Төбелердің көңілі үшін ғасырлық

Кейде шынның асқақтығын жасырдық –бұл дәлдеп айтып бере алмайтын ащы ақиқат.

Қиянатын тонна болсын өлшемей,

Қайырымын «грамдайтын»тірлік бұл.

Өткені:

Аңқаудың аузында әлі ірімшік тұр,

Аш қасқыр ала қоймен жүр кеңесіп.

Өйткені:Жамандықты жасайды екен жамандар,

Жақсылар тек тартады екен азабын.-өмірдің өзіндегідей бояу,өмірдің өзіндегідей әуез –ырғақ-ақынның көркемдік мұраттары. Ол үшін шындыққа қиянат жасамайтын әсіре бояу,әсіре желпіністің бәрі жат.

Айқай салып арзандатпа шындықты!-бұл Нәжімеденовтің азаматтық та,ақындық та кредосы.

2Жүрг: Қанипа Мәдібаеваның естелігінен:

Қоңыр құман тәрізді күлде қалған баяғы,

Қоңырқай қарт тағы да бір қозғалып қояды...

Қоңыр ала бұлт көшер,Жайыққа аунап қайтадан,

Қоңыр самал еседі іргелерден қайтадан.-астарында алапат өмір қайнаған асыл жырға жан қуатын аямай төккен Жұмекен жырдың әр сөзі-ана тілінің құмары мен құны.

Таудан төмен төгілген бұлақты

Жарқ-жұрқ етіп баурайында

Сонша арық аққанымен,

Шыңдар отыр томсырап

Сабыр,қайрат,

Әлде қатал мінез бе,

Жөн ұға алмас мінез барма бір өзге,

Арықтардың ақ жолы оған жат па әлде-

Қабатына қатпар болып қатқан не?!

Қалтарысты ,қойнаулары бұйығы,

Ала тасқын қанша ұрса да үйіріп,

Бүлк етпейтін неткен бүйір-бүйірі –бұл дегенің өмірдің тар өрісінде шырпысқан тіршіліктің қас-қағым сәттерін –мәнге бұрып отыруында –ойшыл ақынның.Жұмекен поэзиясы-жан жыры, жан мұңы,жан сыры.Ақынның сергек,сезімтал,секемшіл жаны көлгірсу,жағымпаздық,дүниеқоңыздық дерттің симптамдарын аямай ашық айыптайды.Ақын-өзінен кейін ұланғайыр,өзгеше жыр мұрасын,жұмбақ жаратылысты,поэзиясын қалдырған жиырмасыншы ғасырдың аса ірі ақыны –деп ойын жеткізді.

«Ақындықты қайтсем екен мына саған бітпеген» оқитын 5 а сынып оқушысы Інжу Мақсұтова, «Жырым жоқ,сен айтқандай» оқитын 9 д сынып оқушысы жанар жексенова.

1Жүрг:Кез келген жұмыр басты пенденің жүрегіне жылы естілер,бойына махаббат пен сезімнің ұлы құдіретін,киесін жинаған осы бір мәңгілік ұғымға атбасын бұрмаған,я төгіліп,егіліп,естеліктер жазбаған кемде-кем –оның бәрін осы жерде айтып жырлап өту мүмкін емес,ол үшін ақынның осы көрмедегі кітаптарын оқи отырып барлығымен таныс боласыңдар дегім келеді.

(Менің топырағым өлеңі оқылады) 5 а сынып оқушысы Гүлдерайым Ерболатова.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

2Жүрг:Ақын ғасырлар мен ғасырларды,замандар мен замандарды,қазақ даласының бүгінгі ой-кескіні мен кешегі сахараның салқар тарихын –аңыз бен ақиқатты ақындық қиялының құшағына алып,айқара қысады.биік көтеріліп ұшады!Әрқайсысы бір-бір пьеса,повестің арқауы болардай ширығып жатқан сюжетті жырлардың тұла бойы тұнған өмір мен шындық,өзек өртер ой мен сезімнің өзгеше иірімдері.

Ақынның «Мәжнүн тал» деген бір өлеңі ерекше есте қалады.Жұмекен –жүрек мәжнүн тал тағдырынан адам ойына келе бермейтін жұмыр басты пенде мен жаратылыс ұқсастығын көреді.Көреді де өмірі жылауға,тірлігі мұңаюға жаратылған тағдырға арнап жыр жазған, (Мәжнүн тал Оқушыға беріледі) –оқитын 5 а сынып оқушысы Ізғалиева Зере.

1Жүрг: тағы да сәл артқа шегініс жасап,Жұмекен Нәжімеденов мәтінін жазған «Менің қазақстаным» 2005 жылы әнұран болып бекітілді.Ол кісінің жұбайы Нәсіп апайдың айтуынша Жұмекен әнді осыдан бараз жыл бұрын,1956 жылы Алматыда,белгілі қобызшы

Гүлсара Бірманованың үйінде жазған.Бұл өлең бір қарағанда қазақстан миллиард пұт астық жинағанына арналып жазылған сияқты болып көрінгенімен, негізінен «ел,жер менікі» деген отаршыларға қарсылықтан туған.Оны сезіп қалған коммунистер әнді мүлдем шығармай тастауға айналғанда жамал Омарова ара түсіп,эфирден шырқауға мүмкіндік алған.Сөйтіп халыққа жетпей жатып қудалана бастаған ән бағы жанып,бейресмиден тәуелсіздіктің арқасында ресми әнұранға айналды.

2Жүрг: Жұмекен-мәңгілік,Жұмекен қашанда халқының ортасында.Жұмекеннің Қызылоба ауылындағы «Жасқайрат»орталау мектебіне Жұмекен нәжімеденовтің есімі берілді.,кейінірек аудан орталығының кіші Ганюшкин аталатын бөлегіндегі Колхозная көшесі жұмекен Нәжімеденовтің есімімен аталады.Ақынның туған ауданында бір ауыл және орта мектеп оның есімімен аталады.Қазақстан Республикасының астанасында «Жұмекен Нәжімеденов»атында көше бар. Жұмекен Нәжімеденов туралы «жұмекен»атты деректі фильм және Азбанбаевтың «Менің қазақстаным-жұмекен»атты зерттеу кітабы жарық көрді.Ақын шығармашылығы туралы Қ.Юсуповтың «Ж.Нәжімеденовтің ақындығы»деген монографиясы басылды.2006 жылы ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы «Жұмекеннің жүрегі»деген естелік кітап жарық көрді.2010 жылы «менің қазақстаным»атты жыр жинағы үшін жұмекен нәжімеденовке қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (қайтыс болғаннан кейін) берілді.

Тағыда бір топ өлеңдеріне кезек берейін «Әке туралы»оқитын 7 б сынып оқушысы Гүлжауһар. «Ұлым, саған айтам»оқитын5 а сынып оқушысы Ақан Мейірбек. «Менде бар бір ауру»-оқитын 5 а сынып оқушысы Гүлдерайым Ерболатова.

«Мен үйрендім күйінуді күреп бір» оқитын 7 в сынып оқушысы Түлкібаева Перизат.

1Жүрг:Өз өлеңіне ұрпағын тәрбиелеп,өсіру үшін табанынан тозып,таңды кешке ұрып,төзімін уақытқа шыңдатар ата-анадай қараған,күйінген,сүйінген ақынның бағы жанбай қалмайды.жазары мен жазғанын осылай аялағанда ғана ақынның айтқаны жүректерге жетеді,халқының құрметіне бөленеді.Осындай ұлы тұлғаларға ғана тән кескін,кейпін көргендей боламыз.(ендігі сөз кезегін кітапхана меңгерушісі Зеріп апайға береміз) тақырыбы: «Жыр – ақын жан дүниесінің айғағы,

ойы мен парасатының айнасы» атты кітап көрмесі

2Жүрг:

Бір бүйірде қызса деп ем өлеңім,

Бір ұйқыны бұзса деп ем өлеңім.

Ақылдыға қайғы алдырсам деп едім,

Ақымақты ойландырсам деп едім.

Қарсы біткен түк сықылды мақпалға,

Ажарыңды бұздым жанға батқанда,

Ей,өлеңім,

Қараулардан алыс бол,

Қайғысызға,қанша оқысын,жатталма! –деп өз өмірінің нүктесін өзі қойған ақынның сексен жылдық тойының төрінде өзі жоқ. Бірақ төрде жұмекеннің өзіндей,дүниеге мейірімнің тарқамас шуағын сеуіп қарайтын көзіндей болып елімен бірге жасар өлеңі отыр.Қазақ өлеңінің мерейін аспандатар сол қуатты жырға саулық,амандық тілейік,ағайын!

1Жүрг:Осы Жұмекен ақынның кешіне және өлеңдерін жанындай жақсы көріп жаттап,мәнерлеп,өмірін баяндап беріп жатырған оқырмандарға шексіз алғысымызды білдіреміз,осымен «Бір ғажап ақын-Жұмекен»атты поэзия кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер және осы кеште мәтінін жазған Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев және әнін жазған Шәмші Қалдаяқовтардың «Менің қазақстаным» әнін шырқаймыз.

Хош сау болыңыздар,көргенше...

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Нәжімеденов Ж

Толық шығармалар жинағы / Жұмекен Нәжімеденов.- Алматы:. «қазығұрт»баспасы,2012.

Т.1:Өлеңдер мен поэмалар.-488бет.

2.Нәжімеденов Ж

Толық шығармалар жинағы / Жұмекен Нәжімеденов.- Алматы:. «қазығұрт»баспасы,2012.

Т.2:Өлеңдер мен поэмалар.-488бет.

3.Нәжімеденов Ж

Толық шығармалар жинағы / Жұмекен Нәжімеденов.- Алматы:. «қазығұрт»баспасы,2012.

Т.4:Өлеңдер мен поэмалар.-488бет.

4.Өмірбекова А

Жүрегі жыр – Жұмекен / (Ж.Нәжімеденовтың 80 жылдық мерейтойына орай) .-мектептегі мерекелер №5 – 28 бет.

5.Ашықбаев Е.

Жұмекен ішкен шайдың шипасы. Қазақ әдебиеті,№16 6бет

Зеріп Нұрхасанова Орынбасарқызы

16 –шы қазан 2015 жыл

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ