Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған

«Ұлт рухының, ұлы жолы»

атты әдеби – музыкалық композиция

Сахна сыртында оқиды. Серік Арапов «Әсем әуені» Мектеп оқушыларымен ұстаздарынан құралған Үшқұлын сазды фольклорлық оркестры

Сахна ашылады.

Ашылуы: ОРКЕСТР

Сахна жабылады

Екі жақтан екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші: (Батырхан)

Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не өзгенің өлшемінің,

Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы,

Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің.

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Жер әлемге жетеді көпке үнім!

2-жүргізуші: (Сымбат)

25-жыл, тәуелсізбін, дербеспін,

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.

Бодандығым ғасырларға жалғасқан,

Қазір міне, артта қалды келмес күн.

Тәуелсіздік! Тәуелсіздік ұраным!

Тәуелсіздік айбынды менің жыр әнім.

Армандаған ата-бабам ежелден,

Ерлігіңді жырға қоссын ұланың!

1-жүргізуші: (Батырхан)

Тәуелсіздік бізге оңай тимеді,

Асау аттай өз тізгінің бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.

2-жүргізуші: (Сымбат)

Тәуелсіздік бізге оңай тимеді

Жұртым менің не қиындық көрмеді?!

Жылап тұрып аналарым бұл жолда

Сан перзентін қара жерге жерледі.

1-жүргізуші: (Батырхан)

Иә, Тәуелсіздік бізге онайлықпен келген жоқ.

Бүкіл қазақ батырларының басын біріктіріп, білектін күшімен, найзаның ұшымен ұланғайыр жерін дұшпанның тырнағынан қорғап, ұрпақтарына тастап кеткен бабаларымыздың рухына тағзым етіп, тарихын келешек ұрпақтарымызға жеткізу біздің міндетіміз. Талай-талай жол бастаған көсемдер, қол бастаған батырлар, сөз бастаған даналар есімі қазақ халқының тарихында қалды, үш жүздің басын қосқан ұлы тұлға Абылай хан, дана билеріміз Төле, Қазыбек, Әйтеке, батырларымыз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Уақ Баян, Олжабай, Малайсары батырлар

2-жүргізуші: (Сымбат)

Құрметті Майқайыңдықтар, конақтар! Ата – бабамыз армандаған, дүниені дүр сілкіндіріп Тәуелсіздік туын көтерген Қазақ Елінің мерейлі 25 жылдығы құтты болсын! Көк байрағымыз желбіреп, Мәңгілік Қазақ Елі жасай берсін! Осы мерейлі мерекемізге арналған «Ұлт рухының, ұлы жолы» атты әдеби – музыкалық композициямызға қош келдіңіздер. Бағдарламамыз екі бөлімнен тұрады. 1- бөлім қазақ халқының тарихына арналған «Ұлы Дала тарихы», 2- бөлім «Тәуелсіздік белестері» 25 жыл ішінде Қазақстанның жеткен жетістіктеріне арналған.

Квартеттің орындауында: Ән «Атамекен» ( Ән айтылып жатқанда Слайд: 1 бөлім «Ұлы Дала тарихы»)

2-жүргізуші: (Сымбат)

Рухсыз ұлт – ұлт емес. Оны тарих дәлелдеген. 80 жылдардың екінші жартысында біздің халқымыздың рухы өсті, мухиттай буырқанып, бусанып жатты. Тәуелсіздіктің өкпек желі үздіксіз соғып тұрды.

1-жүргізуші: (Батырхан)

Қазақстан ол кезде әлі де болса Қызыл империяның құрсауында болатын, бірақ, әне – міне деп құлдық шынжыр үзілгелі тұр еді. Осы құлдық шынжырды мезгілінен бұрын үзген, алдаспан қылыштай болған уақиға 1986 жылдың 16 – 18 желтоқсанында Алматы қаласында болған қазақ жастарының көтерілісі еді. «Мен қазақпын» деген әрбір қазақ бұны білуі тиіс.

2-жүргізуші: (Сымбат)

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болам деп талпындың.

Кеуденде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!

(Түрменің адамдары ішінде Қайрат бар) көрініс

Талғат Қайраттың өлеңін оқиды

Қайратты алып бара жатқанда «Желтоқсан желі» әні ойналып тұрады 2 минут

1-жүргізуші: (Батырхан) сахнаның сыртында

1991 жылдың 16 желтоқсаны Қазақстан Республикасының тарихына алтын әріппен жазылған күн. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық Заңы жарияланды.

(Слайд 2 бөлім «Тәуелсіздік белестері»)

«Шашу» биі

Шашу шашылады.

1-жүргізуші: (Батырхан)

Бабалардың ғасыр бойы арманы

Өткені мен келешегін жалғады

Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың

Егемендік, тәуелсіздік алғалы.

2-жүргізуші: (Сымбат)

Қуаныштан қалай кеуде кермеспін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.

Ақ түйенің қарны міне жарылды,

Тәуелсізбін,егеменмін,дербеспін!

1-жүргізуші: (Батырхан)

1991 жылдың 2-қазанында қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

2-жүргізуші: (Сымбат)

1991 жылдың 1-желтоқсанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының алғашқы Президенті болып Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы сайланды.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

1-жүргізуші: (Батырхан)

1991 жылдың 10-желтоқсанында Н.Ә.Назарбаев мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. 2012 жылы елімізде алғаш рет аталып өткен мемлекеттік мереке «1желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні» бұл әрине, ұлтымыздың Елбасына деген құрметі, сенімі.

2-жүргізуші: (Сымбат)

Бар әлемге шын танылдық міне , біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Ән: «Нұр аға» Елбасы туралы слайд көрсетіліп тұрады

2-жүргізуші: (Сымбат)

1992 жылы Қазақстан Республикасының рәміздері бекітілді.

Рәміздерім! Сен неткен маңызды едің,

Сенсің асыл қазынам нағыз керім.

Төбемде Ту, төсімде Елтаңбам бар,

Гимнімдей аузымнан ән үзбедім.

Бір ауыздан айтылып әнұраным,

Елтаңбаммен әлемге таныламын.

Бір жағадан бас шығып, бір жеңнен қол,

Көк туымның астынан табыламын.

1-жүргізуші: (Батырхан)

1992 жылы маусым айында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық

2-жүргізуші: (Сымбат)

1993жыл 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының Конституцисы қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.

Тіліменен жауың женген бабалар,

Сөз қадірін ұға білген аналар.

Тіл туралы өлең жазған ақындар,

Қастерлейді тілімізді даналар

1-жүргізуші: (Батырхан)1993 жылы15-қарашада Қазақстан Республикасының

Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді. Ал 2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді. 2016 тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 10 мың теңгелік купюрасы Ел Президенті Н.Назарбаевтың суретімен 1 желтоқсаннан айналымға енеді.

2-жүргізуші: (Сымбат)

1994 жыл. Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.

1-жүргізуші: (Батырхан)

1995 жылы 30-тамызда референдумға ұсынылған жаңа Ата Заңымыз қабылданды.

Дуэттің орындауында Ән: «Елім менің»

Сахынаның артынан екі жақтан екі топ шығады.

Бірінші:Туды Нұрберген алып шығады, Елтаңбаны Ислам алып шығады, Ата Заңды Назгүл алып шығады, Ұландар Арман мен Меруерт, дәрігер Лаззат, ұстаз Гүлайым мен Талғат

Екінші:Шал – Қымбат, Кемпір - Мәрзия, келін Шынай балаларымен.

2-жүргізуші: (Сымбат) -1997 жылы еліміздің бас қаласы Астана болды.

Астана – таң сәулесі өшпес жарық,

Жарқырап күндіз-түні тұрған жанып.

Қазаққа ай мен күндей нұрын шашқан,

Сол нұрдан ләззат алған барша халық.

1-жүргізуші: (Батырхан)

1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бір» деген бабам,

Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.

2-жүргізуші: (Сымбат)

Бізге берік ұлы достық,

Бірлік құрып тілек қостық.

Ұлы мақсат биігіне,

Дос жолына жүрек тостық.

Достық – біздің тірегіміз,

Бірге соғар жүрегіміз.

Әр ұлттың биі биленеді: Қазақ – Айбек, орыс - Айгерім, Неміс – Толқын, Молдованка – Кенжегүл, Өзбек - Лаззат, Славян – Гүлайым, Укранина – Айнагүл, Грузин – Талағат

2-жүргізуші: (Сымбат)

2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Нұрсұлтан Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты жаңа мемлекеттік әнұран бекітілді

1-жүргізуші: (Батырхан)

2010 жыл 14-қаңтарда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық қызметіне кірісті.

Жастанып ұлы таулар, жайсаң жерін,

Тұрғанда алтын діңгек -Арқанда елің,

Елдік пен келісімнің арқасында,

Қашанда тартар өрге көшім менің!

2-жүргізуші: (Сымбат)

Қазағым – көпті көрген көне халық,

Ту етіп ата арманың келеді алып.

Теңдессіз бірлігімнің арқасында

Жасады Еуропаға төрағалық.

2-жүргізуші: (Сымбат)

2011 жыл , 31-қаңтар мен 6-ақпан аралығында Қазақстан – VII Қысқы Азия ойындарының қожайыны.

1-жүргізуші: (Батырхан)

Халықаралық көрме «ЭКСПО – 2017» Астанада өтеді әрине ол Ел мен Елбасының жеңісі, Қазақ еліне деген әлем халықтарының сенімі, еліміздің мерейі, Елбасының беделі.

Бастауыш сынып оқушыларның орындауында хор: «_________________»

Сахна жабылады Кереге, үстел қойылады. Батырхан сыртында оқиды.

1-жүргізуші: (Батырхан)

Мақтанса бүгін, мақтансын қазақ. Төбесі көкке тимей тұр аз-ақ» - деп жырлағандай, ойы еркін, басы азат қазақтың мақтанатындай-ақ күні бүгін. Қалайша мақтанбасқа? Қалайша шаттанбасқа 2015 жылдың қыркүйек айының 2-сі күні Астана уақыты бойынша 10 сағат 37 минутта отандасымыз, ғарышкер-сынақшы, қазақ азаматы Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Ол – аспан әлемін бағындыруға бет алған үшінші қазақ.

Слайд (Павлодар облысының картасы шығып, әр аудан туралы өлеңдер оқылады)

Сымбат –Кереку, Ақтоғай – Ислам, Ертіс- Айсұлу, Аққу – Айгерім, Железинка – Успенка – Арман, Шарбақты – Салтанат, Қашыр – Лаззат, Май – Еламан, Екібастұз -Айнагүл

Сахнада жарық өшеді. Жоғарыдан 25 түседі, Екі жақтан Алтын адам мен Тәуелсіздік шығады. Жарық жанады. Өлеңдерін оқиды.

1-жүргізуші: (Батырхан)

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық

2-жүргізуші: (Сымбат)

Туған жердің киесі мен қадірін әр азамат жүрегімен сезініп аялай білсе, ұлтқа, елге, Отанға деген ыстық сүйіспеншілікпен бағалай білсе, бұл – әр азаматтың қасиетті борышы.

1-жүргізуші: (Батырхан)

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

ХОР: «Қазақстаным»

2-жүргізуші: (Сымбат)

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

1-жүргізуші: (Батырхан)

Алтын күн шуағын көк байрақ шашатын,

Жатсынбай әлемге құшағын ашатын.

Қазақтың төрінен нәр алған даласы,

Тәуелсіз бейбіт ел мәнгілік жасасын!


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
НОМЕРЛЕР:

1.ОРКЕСТР

2.Квартеттің орындауында: Ән «Атамекен»

3.Көрініс «Қайрат»

4.Шашу биі

5.Ән: «Нұраға»

6.Дуэт «Елім менің»

7. Әр ұлттың биі

8.Бастауыштың хоры

9. Әр аудан

10.Алтын адам мен Тәуелсіздік 25 жыл

11. Хор
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ