Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Байзақ ауданы Бұрыл ауылы

«Бәйтерек» балабақшасының

тәрбиешісі:

Алкереева Ляззат Джумабековна

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс әрекет түрі: Қарапайым математика

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»

Мақсаты: Балалардың геометриялық заттарды сан,көлем кеңістікті уақытты бағдарлау геометриялық пішінді бір-бірінен адыратуға сөзбен айтуға дағдыландыру. Логикалық ойлау дағдысын дамыту.Сөйлеу қабілетін иәдениетін дамыту.Зейінділікке, ойшылдыққа. Тапсырманы тиянақты орындауға дағдыландыру.

Әдіс тәсіл: Түсіндіру, сұрақ жауап, ойын, тосын сый.

Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндерджің муреттері,шарлар 1-5 – ке дейін сандар.

Үштілдік компонент: үшбұрыш-треугольник-triangle

дөңгелек - круг- circle

төртбұрыш- квадрат-square

сопақ-овал-oval

тік төртбұрыш- прямоугольник-rectangle

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезеңі

Ұйымдастыру

шылық кезең

Рефлексивті

түзетуші

Шаттық шеңбер:

Күліп созып қолымыды,

Бір екі үш деп соғайын

Қарап тұрған досыма

Қолымды мен бұлғайын

Жылы-жылы жүзбенен

Маңдайыңнан сыпайын

Ыстық алақаныңмен

Қолыңды бір қысайын

Амандасып өзін мен

Құшақтап бір алайын.

-Балалар жыл мезгілдер нешеге бөлінеді?

-Казір жылдық қай мезгілі?

Көктем мезгіліні айларын атап өтіңдерші?

Балалар бір аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның қай күні?

Ауа райы қандай болып тұр?

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»

Музыка ойналады.

-Балалар, міне керемет. Сендер не байқап тұрсыңдар. Мынау не?

Қызыл,сары, көк түсті,

Шарларымыз көп тіпті

Кане қайсысын таңдайсың

Түсін біліп алғайсың.

Балалар шарлардың түсі қандай?

Жарайсыңдар байқадыңдар ма бұл шарлар сиқырлы шарлар.

-Балалар шарлар қай жерде тұр?

Біз оны қалай алсақ болады екен?

Балалар маған бір ой келіп тұр. Мүмкін сиқырлы шарларға бір тақпақ айтып көрсек қайтеді.

Бір дегенім бесік, шықтық одан өсіп

Екі дегенім елім, далам туым көгім

Үш дегенім үміт, Үміт артар жігіт

Төрт дегенім бақыт,Бағалайтын уақыт.

Музыка әуенімен шарлар төменге түседі.

-Бізге сиқырлы шарларымызбен бірге ғажайып тапсырмалар келген екен.

-Мынау қандай пішін?

Үшбұрыштың тапсырмасы:

Д\о: 5-ке дейін санау, сынның емлесін тану, зейінін дамыту.

Ал балалар мынау қандай пішін?

«Кім тез ойлап табады екен?»

Ал балалар мынау қандай пішін?

Мақсаты: Түс пен пішінді ажырата білу.

Тапсырма:

Сары шеңберге секір

Көк төртбұрышқа аяқ ғой

Қызыл үшбұрышты атта.

Сертгіту сәті

Ал балалар турайық

Қолымызды созайық

Жапырақ болып дөңгелек

Жерге келіп қонайық.

Балалар бүгін біз қандай пішіндермен таныстық.

Геометриялық пішіндерді атап өтіңдерші?

Балалар геометриялық пішіндерден не құрастырдық?

Балаларды жеке-жеке мақтап мадақтау.

Балалар өлең жолдарына сай қимыл іс-әрекет жасайды.

Төрт

Көктем

Наурыз,сәуір,мамыр

Жеті күн

Бейсенбі

Күн жылынды

Шарлар

Қызыл,сары,жасыл,ақ

Жоғарыда

Үшбұрыш

Дөңгелек

Қимыл арқылы жасайды.

Дөңгелек

Үшбұрыш

Төртбұрыш

үй

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: 1-5 ке дейін тура және кері санау

Түсінеді: Геометриялық пішіндерге дұрыс атады.

Қолданады: Геометриялық пішіндерден үй құрастыра алады.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Технологиялық карта

Білім беру салалары: Таным Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қ.М.Ұ.Қ. Тақырыбы: Геометриялық пішіндер. Мақcаты: Балаларға геометриялық пішіндер туралы білім беру. БМ: Заттарды шамасы бойынша салыстыра білуді дамыту. ДМ: Есте сақтау қабілетін, сөздік қорын дамыту. ТМ: Ыждағаттылыққа, зейін қоюға тәрбиелеу. Көрнекі, оқу құралдары:Сурет, геометриялық пішіндер, сандар. Әдіс – тәсіл: Түсіндіру. Көрсету. Сұрақ. Жауап. Ойын. Мотивациялық қозғаушы

Жылулық шеңбері

Білгір - қазақ баласы, Апайларды қарашы.

Сәлем - сөздің анасы. Біздер сәлем береміз

Тобымызға келіп отырған, Сәлеметсіздерме апайлар!

-Жылдың неше мезгілі бар? -Қазір қай мезгіл? Қай ай? -Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата? Іздену ұйымдастырушы -Балалар бізге математика оқу іс-әрекеті. 1.Өткен оқу іс-әрекеттерді еске түсіріп, қайталау. -Балалар оң, қасық ұстайтын қолдарың қайсы? (Түсіріңдер) -Балалар сол, нан ұстайтын қолдарың қайсы? (Түсіріңдер) -Қайсысы биік үй, қайсысы аласа үй? (Биік-аласа) -Мынау қандай аю , ал мынау ше? (Үлкен-кіші) -Қай жолақ ұзын, қайсысы қысқа? (Ұзын-қысқа) -Қандай сызықтарды білесіңдер? (Ирек,түзу,кесінді.) Суретпен жұмыс. –Мына суретте оң жақ жоғарыда не орналасқан? (Күн)

-Сол жақ жоғарыда не бар? (Құс) -Сол шетінде не бар?(Гүлдер,шөптер) -Оң жақ төменде не орналасқан?(Ағаш) -Ортасында не орналасқан?(Тау) -Өткен оқу іс-әрекеттерде қандай сандармен таныстық? (1-ден7-ге дейін) -Балалар 1-ден 7-ге дейін және кері санайық. Балаларға жеке-жеке санату.Орысша санайды. -2,3,4,5,6 санының көршілерін атаңдар? «Күн мен түн» дидактикалық ойыны Мақсаты:1,2,3,4,5,6,7 сандарын қайталау. Тәрбиеші «Түн» дегенде балалар көздерін жұмады, ал тәрбиеші бір санда жасырып қояды.Тәрбиеші «Күн» дегенде,балалар көздерін ашып, жоқ санды табады.

2.Жаңа оқу іс-әрекет -Доп пен қарбызда ортақ не бар, пішіні қандай? (Дөңгелек) -Дұрыс,шеңбер тәріздес дөңгелек, дөңгелек домалайды екен. Айналамызда дөңгелекке ұқсас нелер бар? (Шар,машина дөңгелегі) Балалар ауада дөңгелек сызады. -Мынау не? Шырша қандай пішінге ұқсайды? (Үшбұрышқа) -Бұл үшбұрыш.Оның үш бұрышы мен үш қабырғасы бар.Ол домалай алмайды-бұрыштары кедергі болады. -Мынау қандай түсті үшбұрыш? (Қызыл) -Мынау үшбұрыш ше? (Жасыл) -Қайсысы үлкен? (Қызыл) Балалар ауада үшбұрыш сызады. -Мынау не? Планшет қандай пішінге ұқсайды? (Төртбұрышқа) -Бұл төртбұрыш. Оның төрт бұрышы,төрт қабырғасы бар.Төртбұрыштың екі қабырғасы ұзын, екі қабырғасы қысқа. Ауада төртбұрыш салады. -Мынау не? Сағат қандай пішінге ұқсайды? (Шаршыға) -Шаршының төрт бұрышы,төрт қабырғасы бар. Бірақ қабырғалары бірдей. Балалар ауада шаршы салады. «Ғажайып дорба» дидактикалық ойыны Мақсаты:. Геометриялық пішіндерді ажырату. Балалар дорбадан эаттарды алып, қандай пішінге ұқсайтынын айтады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық (орындарынан тұрады) Белімізді жазайық (қолдарын белдеріне қойып, айналады) Жоғары-төмен қарайық (жоғары-төмен қарайды) Оңға,оңға түзу тұр (оңға екі рет қисаяды) Солға,солға түзу тұр (солға екі рет қисаяды) Бойымызға күш жинап (қолдарын иыққа қояды) Біз демалып қалайық (түзу тұрып,терең тыныс алады)

*Таяқшалардан үшбұрыш, төртбұрыш жасау *Суреттегі шеңберді қызыл, үшбұрышты жасыл түстермен боя. *Балалар тақтаға шығып, бірі дөңгелектен аққала , үшбұрыштан шырша, төртбұрыштан мұнара құрастырады.

Рефлексивті коррекциялаушы

-Сендер қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? -Шеңбер неге домалай алады, ал үшбұрыш,төртбұрыш неге домаламайды? Оқу іс-әрекетке жақсы қатысқан баланы мадақтау. «Қуанышты хабарлама» беру.

Күтілетін нәтиже: Түсінеді: 1-ден 7-ге дейін тура және кері санауды біледі. Қолданады: Геометриялық пішіндерді ажыратады. Жасайды: Өз бетімен іс-әрекет жасап, сұрақтарға жауап беруді.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов