Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Күні:18.02.2016ж

Тәрбиеші:Джансерикова Гульжахан Альмабековна

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған орта

Тақырыбы: Көліктер

Мақсаты: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып, (жерде, суда, әуеде) атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Қолданылатын көрнекіліктер: Машиналардың суреттері, интерактивті тақта, магнитті тақта.

Билингвистикалық компонент: Көліктер-транспорт-cars, мотоцикл-мотоцикл- motorcycles, ұшақ-самолет-aircraft.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Саламатсыздар ма, балалар!

Еркетай атты бақшаның,

Тәрбиелі баласы.

Алдыменен үлкенмен,

Амандасып алады.

Қайрылы таң апайлар!

Қайырлы таң достарым!

Тәрбиешімен қосылып, айтады.

Ұйымдастырушылық

ізденімпаздық

Өткен тақырыпты қайталау. Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын ашу үшін. Ал сендер жаңа көшелерден өтіп жүргенде бізге белгісіз біреу ашық хат тастап кетіпті.

-Ашып көреміз бе?

Ой балалар мұнда жұмбақтар бар екен кәне мұқият тыңдайық.

Жұмбақ шешу:

Төбесінде ебелек,

Ұшады өзі керемет. (Тікұшақ)

Табанында жолы бар,

Төбесінде қолы бар. (Трамвай)

Құстан аумайды,

Көкке заулайды. (Ұшақ)

Сымға асылып, жүр асығып (Троллейбус)

Жапанда бір жолаушы аузын ашып,

Аяғын келе жатыр жылдам басып.

Жарқырап маңдайында екі көзі,

Ілезде жеткізеді жерге қашық.(Автомобиль)

Үйрек емес, қаз емес,

Балық емес судағы, өзі жүзе біледі.

Жемі көмір және май,

Шешуін кім біледі?(Кеме)

-Жарайсыңдар балалар. Сонымен біздің бүгінгі ұйымдастырылып отырған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Көліктер» туралы болмақ.

Билингвальды компонент: Көліктер-транспорт-cars, мотоцикл-мотоцикл- motorcycles, ұшақ-самолет-aircraft.

-Ал балалар осы сендер балабақшаға келерде, қайтарда немен қайтасыңдар?

-Иә барлықтарың көлікпен келеді екенсіңдер, ал сол машинаны неге сендер айдап келмейсіңдер?

-Біз әлі кішкентаймыз, жүргізу куәлігі жоқ, ұстап алса айып-пұл салады деген.

-Дұрыс айтасыңдар біз ауылда тұрсақта жол жүру ережесін қатаң сақтауымыз керек.

Ой қозғау: Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген? Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелеу. Балалар ерте заманда көлік түрлеріболмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған.

Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған. Балалар қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда көлік түрлері өте көп.

Көліктер әуе, су және жер көліктері болып үшке бөлінеді.

Су көліктеріне кеме, қайық, желкенді қайық жатады.

Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т.б жатады.

Әр түрлі машиналарда-жүргізуші,

Поезда-машинист пен жол серік.

Ұшақта-ұшқыш, бортинженер, стюардесса.

Су көлігінде-капитан, боцман, матрос қызмет етеді.

Әуе көлігі- көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын /жемістер мен көкөністер/ жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда.

Автомобиль көлігі-жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жетікізетін тиімді көлік құралы.

Темір жол көлігі-республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы. Тасымалданатын негізгі өнімдер-көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер.

Су көлігі-энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі. Поезд, машина, ұшақ сияқты кемелер мен баржылар жылдам қозғалмағанымен, ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік теңесе алмайды. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді.

Балалар көліктер әуе көлігі, су көлігі және жерде жүретін көліктер болып үшке бөлінеді екен. Ал жерде жүретін көліктерді ауыр және жеңіл көліктер деп бөлеміз.

Сергіту сәті:

Машина өлеңі.

Бип,бип,бип-дейді,

Жолдан былай кет-дейді

Күшікті басуға болмайды,

Болмайды, болмайды машина.

Бап, бап, бап-дейді

Көшеде асығыс жүруге,

Болмайды, болмайды машина.

Қайталайды.

-ия

Тыңдайды

-Тікұшақ

-Трамвай

-Ұшақ

-Троллейбус

-Автомобиль

-Кеме

Қайталайды:

Көліктер-транспорт-cars, мотоцикл-мотоцикл- motorcycles, ұшақ-самолет-aircraft.

Жеңіл көлікпен.

Қимыл, іс-әрекет арқылы жасайды.

Рефлексивті-коррекциялаушы

Қорытындылау

-Қандай көлік түрімен таныстық?

-Көліктің маңызы қандай?

-Көліктің зияндығын ата?

-Жол жүру ережесін не үшін сақтау керек?

-Автобустан түскенде не істеу керек?

-Жол бетіндегі ала жол кім үшін?

Сонымен балалар біз көп нәрселермен таныстық, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнады деп ойлаймын.

Мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.

Нені білуі керек? Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастыра білуі.

Нені игереді? Тапсырмаларды орындайды.

Нені үйренді? Күнделікті өмірде көлік қызметін қолданады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов