Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Ойнайық та ойлайықсабақ жоспары
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы

№1 мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық

сыныбы тәрбиешісі Жантумина Янжу Мұхамбетжанқызы

Ойнайық та ойлайық

Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: «Ойнайық та ойлайық»

Мақсаты:

Білімділігі: Балалрдың алған білімдерін тиянақтау.Бірден онға дейін ауызша санап есептеуді, сандар қатарын, тура және кері санауды, артық,кем, тең табалары ( < , > , = ) арқылы салыстыра білуін жетілдіру.

Дамытушылығы: Ойлау қабілетін дамыту.Санамақтар, жаңылтпаштар , ойындар арқылы бала тілін дамыту.

Тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Іс- әрекет түрі:білім, білік, дағдыны дамыту және бекіту мақсатындағы сайыс түріндегі іс-әрекет
Әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбері,ой қозғау,қызығушылық ояту, сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық ойындар, венн диограммасы , жинақтау, қорытындылау.

Көрнекілігі мен ақпараттық құралдар: компьютер, экран, мультимедиалық проектор, оқулық- дәптер,кеспе сандар, үлестірмелі карточкалар т.б.

Алдын-ала жүргізілген жұмыс: санамақтар,жаңылтпаштар жаттату, жұмбақтар мен логикалық есептерді балалар үйден дайындап келу.
Пәнаралық байланыс: математика,құрастыру,тіл дамыту, көркем әдебиет.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық- қызығушылық

Ұйымдастырушы-ізденушілік кезең

Ұйымдастыру

Амандасу.Көңіл-күйіміз жақсы болу үшін айналамызбен амандасып алайық.
Қол ұстасып бәріміз,

Жылылықты сезейік.

Шуақ шашқан күндей боп,

Күлімдесіп жүрейік!

Бүгін ерекше күн болғалы тұр. Себебі өзеріңе геометриялық пішіндер таңдау арқылы топтарға бөлініп сайысасыздар.

Топ ережесімен таныстыру

1.Тыныш отыру

2.Бірін-бірі тыңдау

3.Ойымызды ашық айту

4.Әр пікір құнды деп есептеу

5.Топпен бірлесе жұмыс жасау

-Ерте,ерте,ертеде 1-ден—10-ға дейінгі сандар бір үйде бақытты өмір сүріпті.

Бір күні олар орманға серуендеуге шыққан кезде «мыстан кемпір» бәрін ұстап алып сандыққа қамап тастапты.

Сандар сандықтан қанша шыққысы келгенмен «мыстан» оларды босатпапты.

-Ал енді балалар сендер сандарға көмектескілерің келе ме?

-Ол үшін «мыстанның»бірнеше тапсырмаларын орындауымыз керек.

Тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба?

(Слайд ашу арқылы төмендегі тапсырмаларды орындау)

1-тапсырма:

1-ден 10-ға дейін тура және кері санау , тура және кері санамақтар айту.

2-тапсырма:

"Көршісін тап" дидактикалық ойыны

3-тапсырма

«Көңілді санамақтар»

Санамақтар айтудан жарыс

4 -тапсырма:
Сандарды салыстыру

3 * 6 3 * 5

8 * 5 9 * 4

7 * 7 10 * 10

10 * 9 1 * 6

5 -тапсырма:

Топтар бір біріне логикалық есептер айтады.

Сергіту сәті

6-тапсырма:

Оқулық-дәптермен жұмыс

8-тапсырма:

Сандарға байланысты жұмбақ жасыру, жаңылтпаш айту

9-тапсырма:

10 -тапсырма:

Шығармашылық жұмыс «Ойдан бейне құрастыр»

Балалар шаттық шеңберінде тұрып бір –бірімен және қонақтармен амандасады.

Геометриялық пішіндер таңдау арқылы үш топқа бөлінеді

Топ ережесімен танысады

Балалар тәрбиешінің ертегісін ықыласпен тыңдайды.

-Иә, көмектескіміз келеді.

-Дайынбыз.

Балалар1-ден 10-ға дейін тура және кері санайды және 1 санын құтқарады

Сандардың көршісін табады және 2 санын құтқарады

Санамақтар айтып жарысады және 3 санын құтқарады

Балалар

сандарды салыстырады және 4 санын құтқарады

Логикалық есептер шығарады және 5 санын құтқарады

6 санын құтқарады

Венн диограмасы арқылы есептер шығарып 7санын құтқарады

Шеше кеше,

Сынды неше кесе?

Төсек үстінде төрт бөрік,

Төртеуі де көк бөрік.

Суда сең келеді,

Сегіз серке тең келеді.т.б. және 8,9 сандарын құтқарады

Балалар геометриялық пішіндерден бейне құрастырып ең соңғы 10 санын құтқарады

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытынды:

-Балалар сендер «мыстанның» барлық тапсырмаларын өте жақсы орындап барлық сандарға көмектестіңдер. Бұл сандар жәй сандар емес сиқырлы екен,оларың артын ашсақ бір сөз оқимыз.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

М

А

Т

Е

М

А

Т

И

К

А

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық.

Балалар қосылып санап, әр топ неше смайлик жинағанын анықтау арқылы жеңімпаз топты анықтайды


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:Бірден онға дейін сандар қатарын, тура және кері санауды, артық,кем, тең табалары ( < , > , = ) арқылы салыстыра білуді,есептер шығаруды. Геометриялық фигураларды ажырата білуге тиісті.

Қандай түсініктерді игерді:Геометриялық фигуралардан бейне құрастыруды,топтық шығармашылық жұмыстыарды ұқыпты, тиянақты орындауды игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Карточкалармен жұмыс жасауды,қағаз бетіне пішіндерді орналастырып,топпен жұмыс жасауды ,бір-біріне көмектесуді меңгерді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Муханбетова Индира Жанболатқызы

МКҚК №13 «Балапан» балабақшасының

тәрбиеші

Атырау қаласы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық.

Мақсаты: Жыл мезгілдерін ажыратып айта білуге, табиғат көрінісін сипаттай білуге дағдыландыру. Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту. Дидактикалық ойыны арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Білімдерін жүйелі түрде көрсете алуға баулу, дидактикалық шеберлігінің артуына ықпал жасау.

Әдіс- тәсілі:Дидактикалық ойын: «Бұл қай мезгіл?», «Сенің ойыншығың қандай?», « Жануарлар мен төлдері» ойыны, сергіту сәті, «Кімге не керек?» дидактикалық ойыны, жеке жұмыс, қорытынды.

Көрнекілігі: слайд, жеке жұмыс.

Ұйымдастырушылық сәт:

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге қонақтар келіп қалыпты. Бәріміз қанекей амандасайық. (балалар амандасады.)

Қане бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық.

Дос болайық бәріміз,

Достық біздің сәніміз.

Бірге ойнап жүреміз,

Бір бақшаға келеміз.

Тәрбиеші балалар назарын өзіне аударады: Бүгін мен өзіммен бірге әдемі дорба ала келдім. Ішінде сендерге арнайы дайындаған сыйлығым бар.

Бұл сыйлыққа ие болу үшін алдымен сендер,мына тақтадағы ойын тапсырмаларды орындауға келісесіңдер ме? (иә. )

- Жарайды онда 1 тапсырманы орындайық.

«Бұл қай мезгіл?» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін әңгімелету.

- Балалар көктем мезгілінде қар қалай еріп жатыр?

- Жылу арқылы жер бетінде не өседі?

- Дұрыс айтасыңдар,балалар. Қар күннің қызуының жылуымен ериді. Бұл көктемнің алғашқы гүлдері.

«Сенің ойыншығың қандай?» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорына ойыншықтардың атауын және оның түрлерін енгізу.

Тақтаға балалар жеке жеке шығып ойыншықтарға сипаттама береді.

- Мынау –қуыршақ. Оның басы,екі көзі,екі аяғы,екі қолы бар.

Мен қуыршақпен ойнағанды жақсы көремін.

- Бұл ойыншық қонжық. Қараңдаршы,ол қандай жұмсақ. Қонжықтың денесі,басы,аяқтары бар. Басында кішкентай дөңгелек екі құлағы,қысқа құйрығы бар.

- Мынау ойыншық жүк машинасы.Бұл машина ауыр заттарды тасиды,сондықтан оны жүк машинасы дейді.Оның төрт дөңгелегі бар. (Санау.) Мынау жүргізушінің отыратын жері.

Бұлардың бәрін бір сөзбен көліктер деп атаймыз.

Тақтадағы суреттер бойынша жетелеуші сұрақтар қою:

- Нені көріп тұрсыңдар?

-Көлемі қандай? Түсі қандай?Бұл зат қандай пішінге ұқсайды?

-Олар адамдарға керек пе?

Тіл ұстарту жаттығуы

Ғыш- ғыш- ғыш,

Сынып қалды шаңсорғыш.

Қыш- қыш- қыш,

Суық екен тоңазытқыш.

«Жануарлар мен төлдері» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдерінің жекеше және көпше түрлерін қолдану білігін дамытуды жалғастыру.

Балалардың назарын тақтадағы суретке аудару.

Ненің суретін көріп отырмыз?

Аю- аюлар,қонжық- қонжықтар,жылқы- жылқылар,құлын- құлындар.

Енді осы жануарлар туралы кім тақпақ айтады?

Кәусар: Венера:

Құлын ,құлын құлыншақ, Шөре -шөре лағым,

Желтеңдейді тұлымшақ. Тентек болма шырағым.

Құйрығында құндызы, Секектемей деміңді ал,

Маңдайында жұлдызы. Селтеңдемей құлағың.

Жарайсыңдар! Сендер бәрін біледі екенсіңдер.

Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп- өніп толамыз,

Көкке қарап,талпынып,

Күнге қолды созамыз.

«Кімге не керек?» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Отбасы мүшелеріне қажетті нәрселерді табу.

Кімді көріп тұрмыз?

Атаға не қажет? Әжеге ше?

Жарайсыңдар балалар. Сендер осы отбасы мүшелеріне қажетті заттарды таптыңдар. Енді отбасы туралы кім тақпақ біледі?

Парасат:

Анам менің- асылым,

Анам менің – қамқоршым.

Анам менің – айбыным,

Анам менің– тәрбиешім.

Жеке жұмыс.

Не артық? дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Бірдей заттардың ішінен артық затты табу.

Балалардың алдына жеке- жеке тапсырма тарату.

Қорытынды.

Жақсы балалар,бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Барлығыңа рахмет!
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов