Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Әдептілік- әдемілік сабақ жоспары
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы.

№5 жалпы орта білім беретін мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Ескалиева Гулзира Қонысқызы

Тақырыбы: «Әдептілік- әдемілік.» 2сынып

Мақсаты:

1. Оқушыларды адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;

2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету.

3. Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: Әдептілікке байланысты сөздер суреттер, слайдтар,постерлер,маркерлер

Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Шеңберге тұрып айтады. Балалар топқа бөліп отырғызамын.

Әдептілік ар – ұят,

Адамдықтың белгісі.

Тұрпайы мінез тағы жат,

Надандықтың белгісі, - деген екен.

Біздің ата – бабаларымыз өз ұрпағын әдепті, инабатты болуын қадағалаған.

Әдеп деген сөзде үлкен мән жатыр. Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының белгісі, жүріс – тұрысының ережесі болып табылады.

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, парасаттылықты, қарапайым – кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол біздің ата – анамыз ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп ата – баба, салт – әдеттерін үйренеміз.

Әдептілік туралы бейне ролик көрсетіп, ондағы ойларымен бөліседі. Балалар әдепті баланың бойында қандай қасиеттер болады.

Әдепті бала: Ұқыпты, білімді, таза жүреді,мейірімді,сыпайы, тәртіпті.

Әдепсіз бала: Дөрекі, ұқыпсыз, еріншек, Тіл алмайды, нашар оқиды.

Топтастырамыз.

Сәлем сөздің анасы деп әдептілік сәлемдесуден басталады. Ата мен баланың сәлемдесуі.

Үш топқа бөлу.

І топ ІІ топ ІІІ топ

Өлең шығару Мозайка құрастыру. Сурет салу

Әдептілік туралы мақал- мәтелдер кім айтады.

1.Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.

2.Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

3.Әдепсіз бала

Ауыздықтан атпен тең

Ақылды қария

Жазып қойған хатпен тең.

4.Әдептің не екенін

Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

5.Аға әдепті болса,- іні әдепті

Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті

Көрініс: Әдеп

Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.

Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.

Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.

- Ал балалар сендер не істер едіңдер?

- Арманның істеген ісі дұрыс па?

- Әдептілікке жата ма?

Әдептілік туралы тақпақтар

Жасмин

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай- шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың.

Біржан: Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ – табақты

Али: Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын

Салдыр - салақ болмағын.

Жалқаубек көрінісін тамашалайық.

Дастарханның басындағы әдептілік, мектептегі әдептілік,көшедегі әдептілік туралы не білесіздер.

Ән: Мен әдепті баламын.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ