Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Есірткі туралы эссе шығарма әлде есірткі туралы мәліметтер тауып беріңіздерші
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
«Мен  саған  есірткі  жайлы  айтып беремін»

   Мен –оқушымын.  Әлі  оң-солымды  дұрыс  танымаған. Мектепке  білім алуға  барамын, білімімді  жетілдіру үшін   анда-санда  кітапханаға  барамын.
Кітапханадағы  газет-журналдардан  есірткі  жайлы  оқыдым.  Және  теледидардан естуім бар.
Есірткі – қазіргі  заманымыздың  жиіркенішті   жұқпалы кесел  ауруы.  Сондықтан   мен ойлаймын жұқпалы аурудан  тезірек  айығу  керек деп.  Ол үшін  мына өмірде  қара әріппен  жазылған есірткі   сөзін еш уақытта  да  ауызға  алмайтын «таза жан» керек.  Есірткі  салдарынан  әр түрлі  жұқпалы  аурулар  көбеюде.  Аталарымыз  «Сұрап алған  аурудың  емі жоқ» -деген. Сондықтан  есірткіге  әуес  адамдарға  айтарым  да  осы.
Адам өмірге  бір-ақ рет келеді.   Сондықтан   құдайдың   берген  өмірін  жақсы   сүруге болады  деп ойлаймын.  Баяғы  заманда  ата-бабаларымыз  есірткісіз  өмір кешкен.  Сол кезеңдегідей   таза  өмір,  таза табиғат  қайтып  келсе   екен  деп армандаймын.  Күллі    әлемдегі  адамзатқа  бақытты  өмір мен  таусылмайтын  денсаулық  тілегім келеді. Сондықтан  қандастарымызға
  есірткіні   мүлдем ауызға  алмаңыздар,  егер де  қазақ деген  ұлтымыздың  болашағын   жойғыларыңыз   келмесе  дегім келеді.
Болашақ  ұрпақтың, біздің  өміріміздің  мәнді де  мағыналы  болуы  үшін,  салауатты  өмір салтын  ұстанып,  жасөспірімдер  үнемі  спортпен,  денешынықтырумен, қоғамға пайдалы  нәрселермен  айналысып  жүрсе деймін.  
Қазақстан  Республикасы  «Саламатты  Қазақстан»  денсаулық  сақтау  саласын  дамытуды  жүзеге асыруда.
 Елбасымыз:
 Егеменді  еліміздің  ертеңі – біздерміз.         
  Тәуелсіздік Туын тігуге қаншалықты   қажыр-қайрат  керек   болса, оны
құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат  керек,-деген.
Сондықтан  Тәуелсіз  елдің  ұрпағының   есірткі  жолында кеткенін  мен қаламаймын.  Жасөспірім достарыма, салауатты  өмір салтын  ұстан, спортпен  шұғылдан, сымбатты бол дегім келеді!  Өз мемлекетімізді  нашақорлықтан  сақтап,  өз  ұлтымыздың  санын  өсіруіміз керек.  Дүниеге дені сау жоғарғы  биіктен  көрінетін  ұрпақтар  келе берсін!
Қорытынды сөзімді  бір шумақ  өлеңіммен аяқтаймын.
Есірткі  шеккенің,  өз-өзіңді  құртқаның,
Дүниеге не үшін  келгеніңді, ойлан!
Одан да  сен де  бір кірпіш  дүниенің,
Біліміңмен   кетігін  тап та бар  қалан!
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы