Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от аноним в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Рахмет, ана!
Жарық сәуле өн бойымда оттай маздап таралған,
Ақ сүтінен ананың кұлындайын нәр алғам
Алақанын аялы сезіп едім бірден-ақ,
Жарқырайды шуағы мөлдіреген жанардан

Еркелетер баласын ай-жұлдызым,кунім деп
Кұлап калсаң сурініп ана келер ентелеп
Тентектігің анаға татті балдай корінер
Бала десе ананың жан-жүрегі өртенед.

Көзқарасы теніздің терең  тұнган суындай,
Бір орында тұрмайды уақыт өтер зуылдай
Сонда дағы ананың пәк сезімі,көнілі
Сәбиіне ешқашан кете қоймас суымай.

Шексіз ғалам тұнғиық аналардың қолында
Кұрбан болған аналар баласының жолында.
Анасынан жыраққа кетсе дағы балалар,
Терезеге телміріп,сағынады торыға.

Өлшеуі жоқ омірдің әні,сәні аналар
Аналарға түсіне байыппенен қараңдар
Қатты сөздер баланың ойланбастан айтқаны
Жүрегіне ананың тікен болып қадалар

Рахмет ана сездірдің маған жылуыңды
Сүйсінемін,сүйемин ақ адал қылығыңды
Сыңғырлаған күлкиңнен жел еседі
Сенсіз өткен өмірдің өзі мұңды.

Пейіш мекен жұмақтың періштесі өзіңсің,
Ақ уызын ананың әрбір адам сезінсін,
Көкейімде сыңғыр үн,даусың мәнгі жаңғырар
Қараны ақтан ажыратар ана менің көзімсің

Арқалап-ап ананы жеткізсеңіз меккеге
Алдыңдағы борышың қала қоймас өтеле
Сыйлаңдаршы ананы аяландар бауырлар
Кірбің түсірме ананың кеудесінен итере.

Әлемдегі қастерлі, ана ардақты жан десең,
Айтқан алтын сөзбенен толығымен келісем
Кәусәр бұлақ.аскар шың,жазиралы даладай
Жүрегі кең ананың,адал жаны көнілшең.

Қанша дерлік толассыз ана жайлы толғаулар
Өсиетін ақылын місе тұтпай тыңдаңдар
Кие тұту ананы өмірдегі парызың,
Бөлшегіндей жаныңнын аналарды қорғаңдар

Барлығы да осынын алғысқа кеп тірелер
Аналардың бауырлар бар қадірін біліңдер
Аспандагы жап-жарық сансыз жұлдыз секілді
Өздеріне пір тұтып,алғыс айтып жүріңдер.

Болыпты бір қарт ана және оның баласы
Окиғаны бастан аяқ баяндайын қарашы
Оқыған соң әнгіменің мазмұны мен желісін,
Адамзаттың өн бойына судай сініп тарасын

Саби бейқам бұл өмірдің ақ-қарасын білмейді
Ойнап-куліп анасыз сәби өмір сүрмейді
Қамықса егер баласы қабағынан қар жауып
Жүдеу тартып жүздері анасы да күлмейді

Жіберді ана баласын мектепке білім алуға
Киіндірді уқыптап,бала кетті бұрыла
Анасының аялы алақанын сезінді
Содан ана кулімдеп,медеу тапты жанына

Келді бала мектептен сөмкесін міне тастады
Дайын болды ананың тіл уйірген астары
Жуындырып ән айтып ұйықтатты да баласын
Үйдін ішін тазалап ыдыс жуа бастады

Маңдайынан иіскелеп оятты ана тұр қалқам
Ұйқысынан тұрмайды,бала болды күл-талқан
Еркетотай қыңырлық баласының міні ғой
Осындай қып баланы қайдан ғана жараткан

Өсті бала окуға түсті,келді қалаға
Көре алмай еркесін ана шыдап тұра ма?
Өтті міне осылай уақыт зырлап тоқтамай
Ана күтті баласын сағынышпен зарыға

Бітті окуы түйді корді,енді  жұмыс басталды
Ал ойынан анасын шығарып мүлде тастады
Бастық болып,көзі оның ешнәрсені байқамай
Анасының уйіне мүлдем аяқ баспады

Шыдамады, төзімі таусылды  байғус ананың
Халін сұрап барады суық ызғар баланың
Айналайын  жарығым таудай болып өсіпсің
Құтты болсын ендігі алға басқан қадамың

Біраз уақыт тұрақтап баласының уйінде
Кеш келеді баласы қас-кабағы туйіле
Анасына жақында әйел алам әзірлен
Деп айтты да баласы шығып кетті күрсіне

Отбасылық өмірді бастарынан кешуде
Анасына қарайды келіні де тесіле
Сорлы ананың соншама жазығы не келіні
Отырады шалқайып арқасымен көсіле

Әйелі айтты анаңмен енді бірге тұрмаймын
Таңда озін шешімді тауып бір күн  ыңғайын
Күйеуі айтты жарайды бердім саған келісім
Болсын сенің дегенің жақсы менде колдайын

Тапсырды сорлы ананы қарттар тұрған мекенге
Тартып кетті өздері алыс сонау шетелге
Терезеге телміріп ана отыр мұңайып
Бір бөлмеде қамалып ,өмірі солай өтер ме?

Жылап жатыр жүрегі,жас парлайды көзінен
Қанша ана жабықты сұм тағдырдың өзінен
Осыншама қиындык бір адамның басына
Сорлы ананың мұңы боп қалай ғана кезіккен?

Сағынышпен күтеді келер әлі балам деп
Бұл қараңғы қапастан шығарып мені алар деп
Тарыққаннан жүрегі шаншып қатты сыздайды
Үміті де ананың бір кездері сөнер кеп

Баласы оның келмеді ана байғус жылады
Терезенің алдында жаңбырдай жас парлады
Қалмады  оған өмірдін мәнісі де мазмұны
Емдей алсын кім енді дақ боп қалған жараны

Куйіп-жанып сағынышпен сарғайды
Келер әлі балам деп өзін-өзі алдайды
Ақырғы рет дем алды көзі оның жұмылды
Енді ана өмірін о дуниеде жалғайды

Тас бауыр боп адамдар неге олай жаралды
Тастайтындай ананы не жаулады сананы?
Келешекте қарт үйге тапсырса егер өзіңді
Күтпейсіңбе зарығып кұдай берген балаңды

Осы оқиға мысал болар баршаға
Аялаңдар ананы деп айтамын жар сала
Қу тізесін құшақтап тентіреген аналар
Қарап тұрсақ зер салып,қарт уйінде қаншама
ответил от аноним

Похожие вопросы

0 голосов
9 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов