Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Егемендік туралы шығарма ойларыңызды айтсаңыздар
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

–1 голос
«Егемендік  ел  ертеңі»
  Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас  отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін  республика  Туын, Елтаңбасын, Гимнін ардақтап, құрметтеуге тиіспіз.
                                                                                         Н.Ә.Назарбаев.

Егемендік,  тәуелсіздік , азаттық - неткен әсерлі,  жанға  жағымды сөздер.
   Тәуелсіздік  қуантады, жаныңды  жадыратады.  Ал  егемендік, азаттық  ол бізге  оңай  келмегенін  біз  ешбір  естен  шығармауымыз керек.  Ол  естелік, қазақ тарихы,  өткеннің  ізі  десек те болады.  
   Ата-баба  аңсаған  азаттық  көптеген   ғасырға, көптеген кезеңге  созылды  десек  қате  болмас.  Ал бізді  осы тәуелсіздігіміз  үшін  күреске  1986 жылғы желтоқсан  көтерілісі  бірден –бір  себеп  болды.  
 Содан   бері   біз  16  желтоқсанда  Қазақстанның  тәуелсіздігін  атап  өтеміз.
Міне,  бүгінгі таңда  Қазақстан  Егеменді  тәуелсіз  дербес  ел деп  мақтанышпен  айта аламыз.  Бүгінгі таңда  Қазақстан  дамыған  50 ел  қатарында.  Біздің еліміз күн санап  қарқындап  өсіп келеді.  Керемет  кеудемді  қуаныш  кернейді, осындай  азаттық  таңы  жарқыраған  елде  туылғаныма  өзімді  бақытты  сезінемін.    
Жаңа  ғимараттар,  гүлденген, құлпырған қалалар.  Астана - бұл біздің  көптеген  жетістіктеріміздің  ішіндегі  ауыз толтырып  айтарлық  мақтанышымыздың  бірі.
Тағы қуантары  біз егеменді,  бейбіт,  тату елде  тұрамыз.  Қазақстанның   болашағы  жарқын, біздің  мүмкіндігіміз  шексіз.  
Біздің  ұлан байтақ  еліміз  азат, тәуелсіз.  Енді біз  осындай  тәуелсіз елде  еңбек етіп,  алға  ұмтылмауға  қақымыз  жоқ.
Маған  тәуелсіздік  егеменді  елім деген  сөзді  айтудың өзі  еріксіз  жанды тебірентеді.  
Тәуелсіз  Қазақстан,  мен сені  сүйем!  Мәңгі  желбіресін  көк  байрағым! Жадыра,  жайнап  өсе бер!
Тәуелсіз  мемлекетпіз  біз бүгін,
Ешқашан  ұмытпаймыз  жеңіс күнін.
Қасиетті  он алтыншы  желтоқсанды,
Қуанышпен  тойлаймыз  біз бүгін.
Ешқашан  жалқаулыққа  басымбай,
Біздің  қазақ, біздің  қазақ  осындай.
Қанша  уақыт  қиыншылық  болса да,
Құр босқа  жеңілдім  деп  отырмай.
Үлкен алғыс  мына  менің  өлкеме,
Туған  жерге, қасиетті  еліме.
Біз –Отанның  қорғанышымыз  бүгінгі,
Ержеткен соң  қорғау  болам еліме!- деп  көкейімде  жүрген  өлең  шумағыммен  шығармамды  аяқтаймын.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов