Жаңа білімді меңгерту бөлімі:
Қаралатын сұрақтар: 1) Атыс жүйесі;
2) Атыстағы маневр.
1-сұрақ. Қарудың барлық түрлерінің ішінде ату ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі құралы болып табылады. Ол шабуылды дайындайды және шабуылдаушы бөлімшелерді өзімен алып жүреді, ал қорғаныс кезінде атыс қорғаныстың беріктігі мен жеңілмейтіндігінің негізі болып табылады.
Мотоатқыш бөлімшелері:
1.Қарсыласты жекелеген атыс құралдарынан ату арқылы (ЖҰМ, БТР, пулемет, гранататқыш)
2.Шоғырланған атыс арқылы жоя алады.
Шоғырланған атыс- бірнеше атыс құралдарынан бөлімшенің бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі учаскесіндегі нысаналар тобын ату.
Атыс құралдары:
Жарықшақты қол гранаттары;
Танкіге қарсы қол гранаттары;
Қол пулеметтері;
Автоматтар;
Жаяу ұрыс машинасы.
Бөлімшінің атыс құралдары командир жоспарымен ұрыста жергілікті жердің сипаты мен мүмкіншілігі, қызметі ескеріле отырып пайдаланылады. Бұның барлығы атыс жүйесін құрайды, ол бөлімшенің маңдай шебі алдында, қапталдарда және көршілермен аралықта атудың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ айнала қорғаныс жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде бөлімшеге атыс жолағы, атқылаудың қосымшга секторы, ал взводқа бұдан басқа шоғырланған атыс учаскесі тағайындалады. Атыс құралдарына негізгі және қосалқы атыс бекінісі бекітіліп беріледі және нақты атудың қашықтығында атқылаудың негізгі және қосымша секторы көрсетіледі. Гранататқыштық атыс бөлімшенің атыс жолағында дайындалады. Көрші бөлімшелердің атқылау және атыс құралдарының секторлары мен атыс жолақтары өзара бірін-бірі жабуы тиіс.
Атыс бағытына қарай :
Жаппай ату нысананың маңдай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде барынша тиімді.
Қапталдан ату- нысана қапталынан ату. Ол көбінесе қарсыластың шабуылдаушы жаяр әскеріне автоматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.
Айқастыра ату бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан жүргізіледі, ол өте тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады.
Бір нақты бағытта жақын қашықтықтан, кенеттен, пулеметтен және автоматтан жүргізілген атыс бойлата ату деп аталады.
Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындауымен, оқ-дәрінің болуымен анықталады. Атысты басқаруды ыңайлы ету үшін бөлімше командирі өз бөлімшесінің атыс карточкасын жасайды.
2-сұрақ. Ұрыстағы моневр. Қазіргі заманғы ұрыстағы табысты бөлімшелердің атыс моневрін кең қолдануынсыз көзге елестету мүмкін емес.
Ұрыс бөлімшенің маңдай шебі алдында маңыздылығы жағынан әртүрлі бірнеше нысаналар бір мезгілде пайда болуы мүмкін: тірі күш, атыс құралдары, танкілер және басқа да ұрыс машиналары.
Өз уақытында барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне бірінен кейін бірін немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру- мұның барлығы атыс моневрін жасау болып табылады.
Атыс моневрін әрбір жауынгер қолдана алады. Бұл үшін ол ұрыс алаңын үздіксіз бақылап, нысананы анықтауы керек және маңыздылық деңгейі бойынша бір нысанадан екіншісіне атысты ауыстыра отырып жоюы қажет.
Бөлімшелер моневрі қарсыластың барынша әлсіз тұсына атыс жүргізу үшін тиімді жағдайға ие болу мақсатында немесе қапталдан және тылдан шабуыл жасау үшін, сондай-ақ қарсыластың басым күшінің соққысы астынан шығу үшін жүргізіледі.
Шабуылда және бетпе-бет ұрыста бөлімшелер қамту және айналып өту түрінде моневр жасай алады.
Қамту-қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара қимылы арқылы үлкен емес тереңдікте жасалады.
Айналып өту-қарсыластың қапталы мен тылына барынша терең моневр жасау. Ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз тактикалық өзара қимылда жүргізіледі. Қорғаныста моневр шығынға ұшыраған бөлімшелерді күшейту, қосалқы бөкіністерге, атыстық шепке ие болу, қаптал немесе тылға шыққан қарсыласты тойтару мақсатында және қарсы шабуыл үшін жүргізіледі.
Ұлы Отан соғысының және бейбір өмірдегі бөлімшелердің ұрыстағы жаттығуларының тәжірибесі көрсеткендей, ұрыста маневрді тез және жасырын жүргізу қажет. Маневр жүргізу үшін ашық қапталдар мен аралықтар, жергілікті жер қыртыстары мен жасырын кіреберістер, ал қорғаныста бұдан басқа –орлар мен байланыс долы пайдаланылады. Қазіргі заманға ұрыста әрбір жауынгер маневр қолдана алады: маневр қарсылас күтпеген жерде жауынгердің қимыл жасауына мүмкіндік береді.
Ұрыс қимылдарынан жүргізу тәжірибесі ұрыстағы шешуші кезеңде батыл, қорықпайтын өз ерік-жігерін қарсыласқа күштеп таңатын, өзінің тапқырлығын және ойлы бастамшылдығын кең көрсете алатын әскер ғана жеңіске жететінін көрсетті.
Ұрыста әрбір жауынгер берілген тапсырманы мерзімінде және толық орындау үшін қалай қимылдау керектігін өз бетінше шешу қажеттілігі туатын жағдайға тап болуы мүмкін. Кез келген жағдайда тапсырылған міндетті орындаудың ең тиімді тәсілін табу, батыл шешім қабылдап, оны өмірге табанды түрде енгізу біліктілігі- бастамашылдықтың көрінісі болып табылады.
Тапқыр және талапшыл жауынгер жағдайдың кез келген шартында бастамашылдық көрсете алады. Ұрыста батылдық пен ойлы бастамашылдық көрсете алу қабілеті, қарсыласты жою үшін жауапкершілікті өзмойнына алуға дайын болу-әрбір жауынгер мен командир үшін бағалы қасиет болып табылады. Әрбір жауынгер үшін бастамашылдық- ұрыста және бейбіт өмірдегі жаттығу күндерінде өзін-өзі ұстау, мінез-құлық нормасы, ұрыста жеңіске жетуге жағдай жасайтын маңызды шарттардың бірі- кенеттілік.
Кенеттілік-қарсылас үшін күтпеген қимылдар, ол қарсыласты аңдаусыз қалдырып, дүрбелең тудырады және оны ұйымдасқан түрде қарсылық көрсету қабілетінен айырады. Кенеттілікке қол жеткізу үшін күтпеген жерден атыс жүргізіп, ұрыста жасырын, тез әрі шешуші қимылдар жасау керек және әскери құпияны сақтап, бүркеніш шараларын орындау қажет. Кенеттілікті бастамашылдықпен және батылдықпен үйлестіре білген жақ қана барынша тиімділікке жетеді.
6. Жаңа сабақтың меңгерімін тексеру бөлімі:
7.Сабақты қорыту бөлімі: Өзін-өзі бағалау./мониторинг арқылы/. Жақсы сабаққа қатысқан оқушыларды атап өту, үлгі тұту.
8. Үйге тапсырма беру: Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі. 124-128 беттерді оқу.