Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов

Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Ұрыстағы ату,атыс жүйесі туралы түсінік беру.
  2. Оқыта және тәрбие бере отырып, елдің қауіпсіздігін сақтау басты борыш екенін үнемі дамыта меңгеру,сабаққа белсенділігін арттыру.
  3. Елін сүюге баулу, адамға деген құрмет сезімге тәрбиелеу.

  • өрнекілік: үлестірме қима қағаздар, плакат, оқулық.
  • қ әдісі: түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс.
  • қ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

  • өлімше бастығының баяндауын қабылдау, амандасу.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

  • лестірме қима қағаздар арқылы білімдерін тексеру

ІІІ. Жаңа тақырып.

  • арудың барлық түрлерінің ішінде ату ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі шарасы болып табылады.ату арқылы шабуылды дайындайды және шабуылдаушы бөлімшелерді алып жүреді, ал қорғаныс кезінде атыс қорғаныстың беріктігі мен жеңілмейтіндігінің негізгі болып табылады.
  • қыш бөлімшелері қарсыласты жекелеген атыс құралдарынан ату( ЖҰМ,БТР,пулемет,гранататқыш) немесе шоғырланған атыс арқылы жоя алады.Шоғырланған атыс – бірнеше атыс құралдарынан бөлімшенің бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің учаскесіндегі нысаналарын тобын алу.

Атыс бағытына байланысты ату жаппай, қапталдан және айқастыра ату болуы мүмкін. Жаппай ату нысананың мандай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшолондаған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде барынша тиімді.

  • апталдан ату нысанын қапталынан ату. Ол көбінесе қарсыластын шабуылдаушы жаяу әскеріне пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.
  • қастыра ату бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан жүргізіледі,ол тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады. Бір нақты бағытта жақын қашықтықтан, кенеттен,пулеметтен және автоматтан жүргізілген атыс бойлата ату деп аталады.
  • өлімшенің атыс құралдарын командир  жоспарымен ұрыста жергілікті жердіңсипаты мен мүмкіншілігі, қызметі ескеріле отырып пайдаланады. Бұның барлығы атыс жүйесін құрайды.

Атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде ұйымдастыру кезінде бөлімшеге(бөлім взводқа) атыс жолағы,атқылаудың(оңға және солға) қосымша секторы, ал взводқа бұдан басқа шоғырланған атыс учаскесі тағайындалады.

Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындауымен,оқ дәрәнің болуымен анықталады. Атысты басқаруды ыңғайлы ету үшін (мысалы,қорғаныста) бөлімше командирі өз бөлімшесің атыс карточкасын жасайды.

  • азіргі заманғы ұрыстағы бөлімшелердің(күштер мен құралдардың) атыс маневрін кең қолданусыз көзге елестету мүмкін емес. Өз уақытында барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға (нысана тобына) шоғырландыру,атысты бір мезгілде жою үшін ауыстыру мұның барлығы атыс маневрін жасау болып табылады.

Атыс маневрін әрбір жауынгер қолдана алады. Бұл үшін ол ұрыс алаңын үздіксіз бақылап,нысананы анықтауы керек және маңыздылық денгейі бойынша бір нысанадан екіншісіне атысты ауыстыра отырып жоюы қажет.

  • өлімшелер (күштер мен құралдар)маневрі қарсыластың барынша әлсізтұсына атыс жүргізу үшін тиімді жағдайға ие болу мақсатында немесе қапталдан және тылдан шабуыл жасау үшін, сондай-ақ қарсыластың басым күшінің соққысы астынан шығу үшін жүргізіледі.

Шабуылда және бетпе – бет ұрыста бөлімшелер қамту және айналып өту түрінде маневр жасай алады.

  • амту – қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара қимылы арқылы үлкен емес терңдікте жасалады.

Айналып өту – қарсыластың қапталы мен тылына барынша терең маневр жасау.Ұрыстағы бастамашылдық пен кенеттілік.

  • рыс қимылдарын жүргізу тәжірибесі ұрыстағы шешуші кезеңде батыл, қорықпайтын өз ерік – жігерін қарсыласқа күштеп таңатын, өзінің тапқырлығын және ойлы бастамашылдығын кең көрсете алатын әскер ғана жеңіске жететінін көрсетті. Кез келген жағдайда тапсырылған міндетті орындаудың ең тиімді тәсілін табу, батыл шешім қабылдап, оны өмірге табанды түде енгізу біліктілігі бастамашылдықтың көрінісі болып табылады. Ұрыста батылдық пен  ойлы бастамашылдық көрсете алу қабілеті, қарсыласты жою үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу – әрбір  жауынгер мен командир үшін бағалы қасиет болып табылады. Әрбір  жауынгер үшін бастамашылдық – ұрыста және бейбіт өмірдегі жаттығу күндерінде  өзін-өзі ұстау, мінез-құлық нормасы, ұрыста жеңіске жетуге жағдай жасайтын маңызды шаттардың бірі -  кенеттілік.

Кенеттілік – қарсылас үшін күтпеген қимылдар, ол қарсыласты аңдаусыз қалдырып, дүрбелең тудырады және оны ұйымдасқан түрде қарсылық көрсету қабілетінен айырады. Кенеттілікте қол жеткізу үшін күтпеген жерден атыс жүргізіп, ұрыста жасырын, тез әрі шешуші қимылдар жасау керек және әскери құпияны сақтап, бүркеніш шараларын орындау қажет. Кенеттілікте бастамашылдықпен және батылдықпен үйлестіре білген жақ қана барынша тиімділікке жетеді.  

ответил от Ulia
0 голосов
  1. . Жаңа тақырыпты бекіту:
  1. Атыс жүйесі дегеніміз не?
  2. Атыс жүйесі бөлімшеде қалай ұйымдастырылатынын айтып беріңдер.
  3. Атыспен маневр жасау дегеніміз не?
  4. Бөлімшелер қандай мақсатта маневр жасайды?
  5. Шабуылда және қарама – қарсы ұрыста қандай маневр түрлері жүзеге асырылады?
  6. Ұрыста бастамашылдық не үшін қажет?

V. Үйге тапсырма беру.

Сабақты қорытындылап, аяқтау.

Қосымша сұрақтарға жауап беру немесе түсінбеген жерлеріне анықтама беру. Бағалау. Сапқа тұрғызып, қоштасу.

ответил от Ulia
0 голосов

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшқайың ауылы

"Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі

Садуакасов Нурлыбек Муратбекович

Сабақтың тақырыбы: Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға ұрыстағы ату, атыс жүйесі туралы жан-жақты мағлұмат беру

Дамытушылығы: әскери дайындықтың алғашқы іс-әрекеттерін меңгерту, білім дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелілігі: оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, төзімділікке баулу, патриоттық тәрбие беру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сематикалық карта, тірек-сызба схемаларын қолдану, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: схемалар, карталар, плакаттар

Қолданылатын әдебиеттер: АӘД оқулығы, методикалық журналдар

Өтілетін орын: АӘД оқыту бөлмесі

Сабақтың оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлау, сатылай комплексті талдау

Сабақтың барысы:

Жоспар:

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасы (Сематикалық картаны қолдану)

Білімдерін жан-жақты тексеру (Сұрақ-жауап)

Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа білімді меңгерту (Сатылай-комплексті талдау)

Сабақты бекіту (Топтастыру арқылы)

Бағалау

Үйге тапсырма беру

1. Ұйымдастыру бөлімі:

а) взводты екі қатарлы сапқа тұрғызу

ә) взвод басшысының мәлімдемесі

б) сәлемдесу

в) сырт пішіндерін, тазалықтарын тексеру

г) оқыту бөлмесіне кіргізу, отырғызу

2. Үй тапсырмасын тексеру бөлімі:

Сематикалық карталарды қолдану, онда жауаптарының орын ауыстырылуы арқылы.

Семантикалық карта ЖҰМ (жауаптарының орын ауыстырылуы).

Аты

Шартты белгілері

Қарулары

1

Бөлімше командирі

К

АК-74

2

Көздеуші-оператор

КО

АКС-74

3

Механик-жүргізуші

МЖ

АКС-74

4

Пулеметші

П

РПК

5

Аға атқыш

АА

АК-74

6

Атқыш

А

АК-74

7

Атқыш-гранататқыш

ГА

РПГ-7

8

Гранататқыштың көмекшісі

ГК

АК-74

Семантикалық карта БТР (жауаптарының орын ауыстырылуы)

Аты

Шартты белгілері

Қарулары

1

Бөлімше командирі

К

АК-74

2

Жүргізуші

Ж

АКС-74

3

Пулеметші

П

РПК

4

Аға атқыш

АА

АК-74

5

Атқыш

А

АК-74

6

Мерген

М

СВД

7

Атқыш-гранататқыш

ГА

РПГ-7

8

Гранататқыштың көмекшісі

ГК

АК-74

Білімдерін жан-жақты тексеру бөлімі:

а) Тактика дегеніміз не?

ә) Ұрыс дегеніміз не?

б) Қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыс дегеніміз не?

в) Шабуыл дегеніміз не?

г) Қорғаныс дегеніміз не?

д) Бетпе-бет ұрысқа сипаттама бер?

е) Ұрыс түрлері немен сипатталады?

ж) Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері?

Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсатын қою бөлімі:

Оқушыларға ұрыстағы ату, атыс жүйесі туралы толық білім беріп арқылы мақсатқа жету


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Жаңа білімді меңгерту бөлімі:

Қаралатын сұрақтар: 1) Атыс жүйесі;

2) Атыстағы маневр.


1-сұрақ. Қарудың барлық түрлерінің ішінде ату ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі құралы болып табылады. Ол шабуылды дайындайды және шабуылдаушы бөлімшелерді өзімен алып жүреді, ал қорғаныс кезінде атыс қорғаныстың беріктігі мен жеңілмейтіндігінің негізі болып табылады.

Мотоатқыш бөлімшелері:

1.Қарсыласты жекелеген атыс құралдарынан ату арқылы (ЖҰМ, БТР, пулемет, гранататқыш)

2.Шоғырланған атыс арқылы жоя алады.

Шоғырланған атыс- бірнеше атыс құралдарынан бөлімшенің бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі учаскесіндегі нысаналар тобын ату.

Атыс құралдары:

Жарықшақты қол гранаттары;

Танкіге қарсы қол гранаттары;

Қол пулеметтері;

Автоматтар;

Жаяу ұрыс машинасы.

Бөлімшінің атыс құралдары командир жоспарымен ұрыста жергілікті жердің сипаты мен мүмкіншілігі, қызметі ескеріле отырып пайдаланылады. Бұның барлығы атыс жүйесін құрайды, ол бөлімшенің маңдай шебі алдында, қапталдарда және көршілермен аралықта атудың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ айнала қорғаныс жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде бөлімшеге атыс жолағы, атқылаудың қосымшга секторы, ал взводқа бұдан басқа шоғырланған атыс учаскесі тағайындалады. Атыс құралдарына негізгі және қосалқы атыс бекінісі бекітіліп беріледі және нақты атудың қашықтығында атқылаудың негізгі және қосымша секторы көрсетіледі. Гранататқыштық атыс бөлімшенің атыс жолағында дайындалады. Көрші бөлімшелердің атқылау және атыс құралдарының секторлары мен атыс жолақтары өзара бірін-бірі жабуы тиіс.

Атыс бағытына қарай :

Жаппай ату нысананың маңдай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде барынша тиімді.

Қапталдан ату- нысана қапталынан ату. Ол көбінесе қарсыластың шабуылдаушы жаяр әскеріне автоматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.

Айқастыра ату бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан жүргізіледі, ол өте тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады.

Бір нақты бағытта жақын қашықтықтан, кенеттен, пулеметтен және автоматтан жүргізілген атыс бойлата ату деп аталады.

Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындауымен, оқ-дәрінің болуымен анықталады. Атысты басқаруды ыңайлы ету үшін бөлімше командирі өз бөлімшесінің атыс карточкасын жасайды.

Подпись: атыс құралдарын шоғырландыру


2-сұрақ. Ұрыстағы моневр. Қазіргі заманғы ұрыстағы табысты бөлімшелердің атыс моневрін кең қолдануынсыз көзге елестету мүмкін емес.

Ұрыс бөлімшенің маңдай шебі алдында маңыздылығы жағынан әртүрлі бірнеше нысаналар бір мезгілде пайда болуы мүмкін: тірі күш, атыс құралдары, танкілер және басқа да ұрыс машиналары.

Өз уақытында барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне бірінен кейін бірін немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру- мұның барлығы атыс моневрін жасау болып табылады.

Атыс моневрін әрбір жауынгер қолдана алады. Бұл үшін ол ұрыс алаңын үздіксіз бақылап, нысананы анықтауы керек және маңыздылық деңгейі бойынша бір нысанадан екіншісіне атысты ауыстыра отырып жоюы қажет.

Бөлімшелер моневрі қарсыластың барынша әлсіз тұсына атыс жүргізу үшін тиімді жағдайға ие болу мақсатында немесе қапталдан және тылдан шабуыл жасау үшін, сондай-ақ қарсыластың басым күшінің соққысы астынан шығу үшін жүргізіледі.

Шабуылда және бетпе-бет ұрыста бөлімшелер қамту және айналып өту түрінде моневр жасай алады.

Қамту-қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара қимылы арқылы үлкен емес тереңдікте жасалады.

Айналып өту-қарсыластың қапталы мен тылына барынша терең моневр жасау. Ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз тактикалық өзара қимылда жүргізіледі. Қорғаныста моневр шығынға ұшыраған бөлімшелерді күшейту, қосалқы бөкіністерге, атыстық шепке ие болу, қаптал немесе тылға шыққан қарсыласты тойтару мақсатында және қарсы шабуыл үшін жүргізіледі.

Ұлы Отан соғысының және бейбір өмірдегі бөлімшелердің ұрыстағы жаттығуларының тәжірибесі көрсеткендей, ұрыста маневрді тез және жасырын жүргізу қажет. Маневр жүргізу үшін ашық қапталдар мен аралықтар, жергілікті жер қыртыстары мен жасырын кіреберістер, ал қорғаныста бұдан басқа –орлар мен байланыс долы пайдаланылады. Қазіргі заманға ұрыста әрбір жауынгер маневр қолдана алады: маневр қарсылас күтпеген жерде жауынгердің қимыл жасауына мүмкіндік береді.

Ұрыс қимылдарынан жүргізу тәжірибесі ұрыстағы шешуші кезеңде батыл, қорықпайтын өз ерік-жігерін қарсыласқа күштеп таңатын, өзінің тапқырлығын және ойлы бастамшылдығын кең көрсете алатын әскер ғана жеңіске жететінін көрсетті.

Ұрыста әрбір жауынгер берілген тапсырманы мерзімінде және толық орындау үшін қалай қимылдау керектігін өз бетінше шешу қажеттілігі туатын жағдайға тап болуы мүмкін. Кез келген жағдайда тапсырылған міндетті орындаудың ең тиімді тәсілін табу, батыл шешім қабылдап, оны өмірге табанды түрде енгізу біліктілігі- бастамашылдықтың көрінісі болып табылады.

Тапқыр және талапшыл жауынгер жағдайдың кез келген шартында бастамашылдық көрсете алады. Ұрыста батылдық пен ойлы бастамашылдық көрсете алу қабілеті, қарсыласты жою үшін жауапкершілікті өзмойнына алуға дайын болу-әрбір жауынгер мен командир үшін бағалы қасиет болып табылады. Әрбір жауынгер үшін бастамашылдық- ұрыста және бейбіт өмірдегі жаттығу күндерінде өзін-өзі ұстау, мінез-құлық нормасы, ұрыста жеңіске жетуге жағдай жасайтын маңызды шарттардың бірі- кенеттілік.

Кенеттілік-қарсылас үшін күтпеген қимылдар, ол қарсыласты аңдаусыз қалдырып, дүрбелең тудырады және оны ұйымдасқан түрде қарсылық көрсету қабілетінен айырады. Кенеттілікке қол жеткізу үшін күтпеген жерден атыс жүргізіп, ұрыста жасырын, тез әрі шешуші қимылдар жасау керек және әскери құпияны сақтап, бүркеніш шараларын орындау қажет. Кенеттілікті бастамашылдықпен және батылдықпен үйлестіре білген жақ қана барынша тиімділікке жетеді.

6. Жаңа сабақтың меңгерімін тексеру бөлімі:

7.Сабақты қорыту бөлімі: Өзін-өзі бағалау./мониторинг арқылы/. Жақсы сабаққа қатысқан оқушыларды атап өту, үлгі тұту.

8. Үйге тапсырма беру: Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі. 124-128 беттерді оқу.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ