Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік – тәрбие
бастауы
Тәрбие сағатының мақсаты
1.Оқушылардың
білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға
үйрену.
2.Оқушылардың сөздік қорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын
қорытып, тұжырымдай білуге үйрету.
3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, жақсы қасиетке
үйрету, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік қасиетін дамыту.
Сабақтың
көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек
сызбалар
Барысы: I. Кіріспе сөз.
II. Жұмбақтар шешу. Кім тапқыр ойыны.
III. Тақпақтар, нақыл сөздер.
IV. Мақал-мәтелдер. (Әдептілік туралы)
V. Ситуациялық жағдаяттар.
VI. Ассоц. карта. «Жалғастыр» ойыны.
VII. «Зеңгір көктем» ән.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі. I Кіріспе сөз
Мұғалім:Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының
ережесі.Осы әдептілік ережесін сақтау керек.Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір
сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына
қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның,
Отаныңның мақтанышы боласың. Балалар, болашақ сендердікі сондықтан білім алған
жолдарыңнан бастап, мектеп өңірінде болып жатқан тәрбие жұмыстарына назар
аударып, ұстаздардың берген тәлімдерін өз бойларыңа жинап, өнегелі болып
өсулерің керек.Яғни адам болып өсу үшін тек өз бойымызға жақсы қасиеттерді
жинап өсуіміз керек. «Жақсыдан үйрен - жаманнан жирен» деген сөз.Ата-анаңның
тілегі - сенің жақсы адам болып, азамат болуың.Сенің Отан сүйгіштігің, оқу мен
еңбектегі табыстарың ата-ана үшін шексіз бақыт. Ата-анаңның алдында шыншыл бол!
Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды бол!
II.Жұмбақтар
шешу.Кім тапқыр ойыны.
«Әдептілік» тобы
1. Анаңның анасы саған кім?(әже)
2 .Оң аяқ, сол аяқ.Кезек оны тебеді.(доп)
3.Бала тәрбиесі (бесіктен)
4. Жеті күн. ( апта)
5. Мектептегі екінші анаң.(ұстаз)
6.Бірлік болмай (тірлік)болмас.
7. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар өзінде.(қалам)
8. Сүттен жасалатын тағам.(ірімшік)
9. Қабат, қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
«Әдемілік» тобы
1. Үйреткен ілімді қырық екі білімді. (әліппе)
2. Жұмыс бізді үш жамандықтан құтқарады.
ауырудан, жоқшылықтан,( зерігуден)
3. Жақсыдан үйрен - жаманнан (жирен)
4.Білім ордасы не? (мектеп)
5. Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін не? (білім)
6. Бала тілі - (бал)
7. Үлкенге құрмет - кішіге (ізет)
III. Тақпақтар, нақыл сөздер.
Адам болатын бала-барлық жақсы
қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек.
Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден
тыңдайық.
1- оқушы
Ата- ананың тілегі- адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік
дегенің- әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің- әуре сарсаң әлегің.
2- оқушы
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
3- оқушы
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
4- оқушы
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
5-оқушы
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.
6-оқушы
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын
Салыр салақ болмағын.
7-оқушы
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.