Облыс, аудан, ауыл Оңтүстік
Қазақстан облысы
№ мектеп Кентау
көпсалалы колледжі ,информатика пәнінің мұғалімі
Пән мұғалімі : Ашимбекова Торғын Әбдіманапқызы
Мекен жайы Кентау қаласы
Пәні:Компьютерлік
технология негіздері
Сабақтың типі:аралас сабақ
Сабақтың түрі:аралас,практикум элементтері бар сабағы
Сабақтың тақырыбы: MS Excel-де мәліметтер типтері,
адрестеудің түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ms Еxcel электрондық
кестесінде де оқушылардың мәліметтер типтерімен жұмыс жасау қабілетін
жетілдіру. Ұяшыққа мәтін, сан, формула енгізуді түсіндіру.Адрестеудің түрлеріне
анықтама беру.
Тәрбиелік:мәдениеттілікке,
компьютерлік сауаттылыққа, дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: сана
сезімін, сабаққа деген қызығушылығын дамыту
ОТҚ және көрнекі-дидактикалық құралдар: дербес компьютер, проектор, слайдтар.
Оқыту
тәсілі:Ауызша түсіндіру,сұрақ-жауап, жеке жұмыс, дербес
компьютерменжұмыс
Пәнаралық байланыс:
Әдебиеттер
тізімі:
Негізгі: Оқушы
анықтамасы «Информатика» Мұхамбетжанова С.Т., «Информатика» Камардинов О, «Жаңа
информациялық технологиялар» Балапанов Е. Бөрібаев Б.
Қосымша: «Электронды
үкімет» оқу әдіст.құрал ;
«Информатика» оқу әдіст. журнал
Сабақтың барысы мен мазмұны:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Сабақ басталмай тұрып, алдымен дәрісхананың тазалығына және дайындығына
назар аударамыз. Оқушының сабаққа қатысуын түгелдеу және студенттердің зейінін
сабаққа аудару.
2. Сабақтың тақырыбын хабарлау: MS Excel-де мәліметтер типтері, адрестеудің
түрлері
3.Үй
тапсырмасын тексеру:«Құрылғылар» яғни сол құрылғылардың астарына жасырылған сұрақтар бойынша
оқушылардың білімін бағалау.
4. Жаңа сабақтың тақырыбы мен
оқушылар алдында тұрған мәселелерді хабарлау:
5. Жаңа сабақты
қортындылау:
1-кезең. Ұяшыққа оқушылардың бағасын енгізіп орта
балын шығару, кестемен
қоршау,автотолтыру әдісін пайдалану
арқылы.
2-кезең. Оқушылардың диаграммасын тұрғызу.
3-кезең,. Егер (Если) функциясын қолданып
шарттың ақиқат не жалған болуын тексеру.
6.Сабақтың қорытындысын шығарып, қысқаша
түсінік бере отырып бағалау:
жоғарыда көрсетілген 3 кезең бойынша оқушылардың
дербес компьютерде жұмысты қалай орындауына
байланысты бағалаймын.
7.Үйге тапсырмаберу:
Ұяшықтардағы
мәліметтер, салыстырмалы, абсолютті, аралас
адрестеу
Сабақтың аяқталуынхабарлау:
Оқытушы : __________ Т. А. Ашимбекова
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
«Құрылғылар» яғни сол құрылғылардың астарына
жасырылған сұрақтар бойынша оқушылардың білімін бағалау.
Оқушылардың білімін сұрақтар
арқылы бақылау.
1.
Операциялық
жүйе дегеніміз не? Оның түрлері (Операциялық жүйе – компьютерді басқаруға
арналған және қолданбалы программа мен байланысы бар нақты программа).
2. Утилиттер дегеніміз не? (Утилиттер – белгілі бір қосымша
қызмет атқаруға керекті программалар тобы).
3. ЭЕМ программалары неше топқа бөлінеді? (1. жүйелі
программалық жасақтама. 2. қолданбалы программалық жасақтама)
4. Құжатты көру режимі (Құжатты көру режимі 5 түрде бейнеленеді:
обычный, электронный документ, разметка страницы, структура, главный документ)
5. Файл аты неше бөліктен тұрады? (Файл аты екі бөліктен тұрады:
аты және кеңейтілімі)
6. Бір мақсатты операциялық жүйені атаңыз?
( MS (PC) DOS ).
7. Құжатқа колонтитул қосу үшін не
істейміз? (Вставка – Колонтитулы командасын орындаймыз)
8. MS Word – та формула редакторы қайда орналасқан?
(Вставка – Формула командасын орындаймыз)
9. Процессор немен өлшенеді (МГц-ГГц).
10. Windows
XP- дің неше нұсқасы бар атаңыз? (екі нұсқа Windows XP Home, Professional).
- Компьютер жұмысының принципі? Немен кодталады? (Енгізу, өңдеу,
сақтау,шығару. Екілік санау жүйесімен 0-1).
- Пернетақтада Ctrl, Shift, Alt
батырмалары не істейді жеке
басқанда? (Ешқандай қызмет атқармайды , жай көмекші пернелер).
- Интервал дегеніміз? (Интервал қатарлардың арақашықтығын анықтайды).
Жаңа тақырыпты түсіндіру.