Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Облыс, аудан, ауыл Оңтүстік Қазақстан облысы

№ мектеп Кентау көпсалалы колледжі ,информатика пәнінің мұғалімі

Пән мұғалімі : Ашимбекова Торғын Әбдіманапқызы

Мекен жайы Кентау қаласы

Пәні:Компьютерлік технология негіздері

Тобы

Күні

Сабақтың типі:аралас сабақ

Сабақтың түрі:аралас,практикум элементтері бар сабағы

Сабақтың тақырыбы: MS Excel-де мәліметтер типтері, адрестеудің түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ms Еxcel электрондық кестесінде де оқушылардың мәліметтер типтерімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру. Ұяшыққа мәтін, сан, формула енгізуді түсіндіру.Адрестеудің түрлеріне анықтама беру.

Тәрбиелік:мәдениеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа, дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: сана сезімін, сабаққа деген қызығушылығын дамыту

ОТҚ және көрнекі-дидактикалық құралдар: дербес компьютер, проектор, слайдтар.

Оқыту тәсілі:Ауызша түсіндіру,сұрақ-жауап, жеке жұмыс, дербес компьютерменжұмыс

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі: Оқушы анықтамасы «Информатика» Мұхамбетжанова С.Т., «Информатика» Камардинов О, «Жаңа информациялық технологиялар» Балапанов Е. Бөрібаев Б.

Қосымша: «Электронды үкімет» оқу әдіст.құрал ; «Информатика» оқу әдіст. журнал

Сабақтың барысы мен мазмұны:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Сабақ басталмай тұрып, алдымен дәрісхананың тазалығына және дайындығына назар аударамыз. Оқушының сабаққа қатысуын түгелдеу және студенттердің зейінін сабаққа аудару.

2. Сабақтың тақырыбын хабарлау: MS Excel-де мәліметтер типтері, адрестеудің түрлері

3.Үй тапсырмасын тексеру:«Құрылғылар» яғни сол құрылғылардың астарына жасырылған сұрақтар бойынша оқушылардың білімін бағалау.

4. Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқушылар алдында тұрған мәселелерді хабарлау:

5. Жаңа сабақты қортындылау:

1-кезең. Ұяшыққа оқушылардың бағасын енгізіп орта
балын шығару, кестемен қоршау,автотолтыру әдісін пайдалану
арқылы.
2-кезең. Оқушылардың диаграммасын тұрғызу.
3-кезең,. Егер (Если) функциясын қолданып шарттың ақиқат не жалған болуын тексеру.

6.Сабақтың қорытындысын шығарып, қысқаша түсінік бере отырып бағалау:

жоғарыда көрсетілген 3 кезең бойынша оқушылардың дербес компьютерде жұмысты қалай орындауына байланысты бағалаймын.

7.Үйге тапсырмаберу: Ұяшықтардағы мәліметтер, салыстырмалы, абсолютті, аралас

адрестеу

Сабақтың аяқталуынхабарлау:

Оқытушы : __________ Т. А. Ашимбекова

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

«Құрылғылар» яғни сол құрылғылардың астарына жасырылған сұрақтар бойынша оқушылардың білімін бағалау.

Оқушылардың білімін сұрақтар арқылы бақылау.

1. Операциялық жүйе дегеніміз не? Оның түрлері (Операциялық жүйе – компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программа мен байланысы бар нақты программа).

2. Утилиттер дегеніміз не? (Утилиттер – белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы).

3. ЭЕМ программалары неше топқа бөлінеді? (1. жүйелі программалық жасақтама. 2. қолданбалы программалық жасақтама)

4. Құжатты көру режимі (Құжатты көру режимі 5 түрде бейнеленеді: обычный, электронный документ, разметка страницы, структура, главный документ)

5. Файл аты неше бөліктен тұрады? (Файл аты екі бөліктен тұрады: аты және кеңейтілімі)

6. Бір мақсатты операциялық жүйені атаңыз? ( MS (PC) DOS ).

7. Құжатқа колонтитул қосу үшін не істейміз? (Вставка – Колонтитулы командасын орындаймыз)

8. MS Word – та формула редакторы қайда орналасқан? (Вставка – Формула командасын орындаймыз)

9. Процессор немен өлшенеді (МГц-ГГц).

10. Windows XP- дің неше нұсқасы бар атаңыз? (екі нұсқа Windows XP Home, Professional).

  1. Компьютер жұмысының принципі? Немен кодталады? (Енгізу, өңдеу, сақтау,шығару. Екілік санау жүйесімен 0-1).
  2. Пернетақтада Ctrl, Shift, Alt батырмалары не істейді жеке басқанда? (Ешқандай қызмет атқармайды , жай көмекші пернелер).
  3. Интервал дегеніміз? (Интервал қатарлардың арақашықтығын анықтайды).

Жаңа тақырыпты түсіндіру.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Ұяшықтардағы мәліметтер

Excel-де кестенің кез келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәлеметтерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ — әріп немесе “ ’ ” (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе “ = ” болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.

Енгізілген мәліметтер ұяшық ішінде немесе формула жолында бейнеленеді және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.

Мәтін енгізу

Мәтін — кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді “’” символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады (бірақ ЭЕМ жадында ол толық сақталып тұрады).


Сандарды енгізу

Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды =, +, – таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Excel санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына #### символдарын қояды (бірақ ЭЕМ жадында ол санның барлық разрядтары толық сақталады).
Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциалды формада беріледі. Мысалы, 501 000 000 саны ЭЕМ-де 5.01Е+08 болып жазылады яғни 5,01 108 дегенді білдіреді. Ал 0,000 000 005 саны 5Е-9 болып жазылады. (5*10-9). Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен бөлініп жазылады, қандай айыру таңбасын пайдалану Excel программасын орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады.

Формулаларды енгізу

Excel-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула “=” таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа С1+F5 формуласын енгізу үшін оны =С1 + F5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшығындағы мәлеметтердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшыққа алынады.

Адрестеудің түрлері

Осы сияқты D1 ұяшығына a1*c1 формуласы енгізілсе Excel «Жоғары» деген сөзді «Сол жағында» мәнімен алмастырып оқиды да, ұяшыққа 63 санын енгізеді. Маркерді пайдаланып, автотолтыру әдісі бойынша енгізуді автоматтандыруға болады. «Жоғары», «Сол жағында», «Оң жағында», «Төмен» тәсілдері бойынша формулаға енгізілген адрестеуді салыстырмалы адрестеу деп атайды. Бұдан басқа адрестеудің басқа да түрлері бар яғни абсолютті және аралас адрестеу. Ұяшыққа енгізілген формулада ұяшықтарды өзгеріссіз алуға да болады. Ол үшін олардың баған мен жол атауларының алдында $ символын кірістіріп жазса болғаны. Мысалы: бейнеленген кестенің F1 ұяшығына = $А$1* $С$1 формуласы енгізіліп F2, F3 ұяшықтары автотолтыру әдісі бойынша толтырылса. Оларға 63,63,63 сандары жазылып қойылады. Ұяшыққа енгізілген мұндай формулалық сілтемені абсолютті адрестеу деп атаймыз.Бейнеленген кестенің Е1 ұяшығына = $В$1* С1 формуласын енгізіп Е1:Е3 ұяшықтар блогын автотолтырсақ оларға 54, 6126,10710 сандары жазылып қойылады. Осы сияқты адрестеу аралас адрестеу деп аталады.

Excel-де СУММ функциясынан басқа математикалық, финанстық, статистикалық, логикалық және т.б. функциялар да жеткілікті. Ол үшін мәзір арқылы формулы---> вставить функцию командасын беру жеткілікті.

Нәтижеде:

Жаңа тапсырманы орындау кезендері:

1-кезең. Ұяшыққа оқушылардың бағасын енгізіп орта
балын шығару, кестемен қоршау,автотолтыру әдісін пайдалану
арқылы.
2-кезең. Оқушылардың диаграммасын тұрғызу.
3-кезең,. Егер (Если) функциясын қолданып шарттың ақиқат не жалған болуын тексеру.

Үйге тапсырмаберу:

Ұяшықтардағы мәліметтер, салыстырмалы, абсолютті, аралас адрестеу.

Сабақтың аяқталуы:Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов