Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Сабақтың тақырыбы: Символдар бойынша жолдарды өңдеу

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды символдық және жолдық шамалармен орындалатын амалдармен таныстыру.

Дамытушылық: Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, дербес компьютерлер, үлестірмелер.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ – жауап, пікірлесіп – түсіндіру, фишбаун әдісі, ішіне – сыртына стратегиясы.

Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1) Оқушылармен амандасу

2) Сабаққа қатысын тексеру

3)Оқушыларды 3 топқа бөлу. Топқа бөлу үшін қолданылатын сөздер: (Алг, басы, енгізу, шығару, соңы, program; var; begin; readln, writeln; end,монитор, пернетақта, тышқан, жүйелік блок,колонка.) Берілген сөздерді құрап 3 топқа бөлінеді.

4)бағалау бетшесін тарату.

Өткен тақырыпты қайталау.

«Сиқырлы сандар» ойыны. Ойынның шарты: оқушы интерактивті тақтадағы көрсетіліп тұрған санның бірін шертіп , шыққан сұраққа жауап беру керек. Егер жауап бере алмаса оның тобы көмектеседі.

І топтың сұрақтары.

1. Символдық шама деген не?(мән ретінде бір ғана таңбаны қабылдай алады)

2. Символдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді?(char)

3. Паскальда бос орын қандай рөл атқарады? (символ болып табылады)

ІІ топтың сұрақтары.

1. Символдық шамаларға қолданылатын қандай стандартты функцияларды білесіңдер?(chr(x), ord, pred, succ, upcase)

2. Символдық мәліметтерді енгізудің қандай ерекшеліктері бар?(ентер пернесін басқанда ақиқат, басқа жағдайда жалған болады )

3. EOLN функциясының қызметі? (жолдың соңы болды)

ІІІ топтың сұрақтары.

1. Символдық шамаларда қандай кодты қолданамыз?(ASCII коды)

2. Символық шамаларға қандай логикалық қатынастар қолданылады?(<, >, =, <=, >= ,< >)

3. Символдық мәліметтерді енгізу қандай операторлар арқылы жүзеге асырылады?(read, readln)

Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар қолданылады.Олардың типін көрсету үшін алдымен айнымалы атауы,одан кейін тік жақша ішінде жолдың ең ұзыны көрсетілгенstringтүйінді сөз қолданылады. VAR<айнымалы аты>: string[ жолдың ең үлкен ұзындығы ]

Тіркестік өрнектер.Тіркестік өрнекдеп амал белгілері,тіркестік айнымалылар және функция атауларынан құралған,ұзындығы 256 символды тізбекті айтамыз.

Біріктірунемесе конкатенанция амалы,ол қарапайым+ белгісімен белгіленеді. Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады.Программа мәтіндегі сөз тіркесінен тұратын тұрақтылар бір жолда жазылу тиіс.Егер оның бөлігін келесі жолға тасымалдап жазсақ қате болады.

Мәтін ұзындығын анықтау операциясы.Бұл операция алгоритмдік тілде ұзын түйінді сөзі қолданылады.Мәтін ұзындығы оны құрайтын символдар санымен анықталады.

Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын CHAR түйінді сөз арқылы жүзеге асырылады.Әрбір символ 0 мен 127 кодтарына әмбебап таңбалар,яғни латын әріптері тыныс белгілері,басқару символдары кіреді.Ал,128-255 кодтарына орыс,қазақ алфавиттің әріптері орналасқан.

Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар.Паскаль тілінің функциялары :

CHR(I)-I санына сәйкес символы береді.

ORD(S)-S символының бүтін сан түріндегі кодын береді

COPY( ST,POZ,N ):String; STсөз тіркесінің POZнөмірлік символынан

бастап қатар тұрған N- символ көшіріліп алынады.

UPCASE( C:CHAR ): CHAR;латын алфавитінің кіші әріптерін бас

әріптерге ауыстырады.

DELETE( Var S:String; N, M:Integer); S-мәтіннің,N-таңбасынан бастап,М-

таңбасын өшіреді.

INSERT( S1,S2,Poz ); Sсөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап

Nсимволды өшіреді де, нәтижені S мәні ретінде жазады.

Осы функцияларды қолданып мысал ретінде мына есептерді шығарамыз.

1 есеп.Берілгені ‘а’ , ‘н’ символдары. Екі символдан ‘ана’ сөзін құрау керек.

Program esep; Var a,k:char; s:string; Begin a:=’а’; k:=’н’; s:=a+k+a; Write (s) End.

2есеп. Берілгені ‘кітапхана’ жолдықайнымалысы.Стандарттыфункцияларды қолданып «танк» , «кітаптар» сөздерінқұраукерек және «танк» сөзініңұзындығынтабу керек.

Program esep; Var a,k,p: string; l:integer; Begin a:=’кітапхана’; p:=copy(a,3,2)+copy(a,8,1)+copy(a,1,1); l:=length(p);

delete (a,6,4); insert (‘тар’,a,6); writeln (l); writeln (p); write (a)еnd.

Компьютермен жұмыс. (10 минут)

І топтың есебі.

1 – жаттығу. Str, Val процедураларын қолданып, берілген бүтін санның цифрларының қосындысын есептеңдер.

var x, i, y, s:integer;

a,в:string;

begin

read (x); {сандаенгізу}

str (x, a); {сандыа символдықтұрақтығаайналдыру}

for i: =1 to length (a) do

begin

b:=copy (a,I,1) {1-символданбастап қиыпалу}

val (b, y, c); {символдысанға түрлендіру}

S:=S+y;

end;

Writeln (‘санныңцифрларының қосындысы=’, S)ж

end.

Stringтипі array [o.n.] of charбірөлшемді символдармассивінеұқсас.Мұндағы n-жолдағысимволдардыңмаксимал саны. Сондықтанжолдағыкез –келгенсимволдыкөрсетуге болады, яғнисopy (a, i, 1)функциясыныңорнына a[1]депалуғаболады.

ІІ топтың есебі.

2жаттығу. Берілгенсөздегі “a”әрпін санаңдар.

Var a:string;

i, k: integer;

begin

read (x); {сөздіенгізу}

for i:=1 to length (x) do

if (x [i]= ‘A’) or (x [i]= ‘a’) then k:=k+1;

Wtiteln (сөздегіа әрпініңсаны=’k);

end.

Бұлжаттығуда а [i]-діңорнына copy (a, i, 1 )депалуға даболады.

ІІІ топтың есебі.

3-жаттығу. Берілген сөз төңкермелі (полиндром) бола ма? Сөз төңкермелі деп аталады, егер берілген сөз бен оны кері жазғандағы сөз бірдей болса. Мысалы: қазақ, нан, 1221.

Var a,b: string;

i: integer;

begin

read (a);

for i:=1 to length (a) do

b:= a[i] + b;

writeln (‘:’,a,’:’b);

if a=b then writeln (‘төңкермелі’) else writeln (‘төңкермеліемес’);

end.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Сергіту сәті.

Ребустар шешу

Паскальдан хат

Математикалық есептерді паскаль тілінде жазу.
Сабақты бекіту. Тест

1. НақтыX айнымалысын сипаттау:

А) Var x : integer; В) Var x : real: С) Var x : array (1..n)of real;

Д) Var x : array (1..n)of integer Е) Xof real

2. Символдық айнымалылар Паскаль тілінде...типіне жатады?

А)integer; В)real; С)string: Д)array(1..n)of string: Е)char:

3.ЕгерL-бүтін,S-тұрақты,P-нақты сандар болса,VARтүйінді сипаттаймыз?

А)Var : p : integer; L: real; const S=2;

B) const S=2: Var L: integer; p: real:

C) const S:=2; l ; integer; p: real;

Д) label s:=2: l: integer; p: real;

E) Var const s:=2 : l : integer; p: real:

4. LENGTH (S) функциясы...

А) S жолдық айнымалысының таңбасының санын есептеу

В) S жолдық айнымалысын кері оқу

С) S жолдық айнымалысын өшіру

Д) S жолдық айнымалының таңбаларын жеке-жеке жолдарға жазу

Е) S жолдық айнымалысын көшіру

5. UPCASE (Символ)функциясының қызметі

А) Латынның үлкен әріптерін кіші әріптерге ауыстырады

В) Латынның кіші әріптерін үлкен әріптерге ауыстырады

С) Символдарды санау

Д) Символдарды алфавит бойынша реттеу

Е) Қазақтың кіші әріптерін үлкен әріптерге ауыстырады

Тест жауаптары

1

в

2

с

3

в

4

А

5

в

Қорытындылау.

Рефлекция. Оқушылар сабақтан алған әсерлеріңді төмендегі көрсетілген смайликтер арқылы көрсетеміз.

Үйге тапсырма. Символдар бойынша жолдарды өңдеу. 102 беттегі 9 тапсырманы орындау

Бағалау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ