Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тексерілді:____________

Күні:

Сыныбы:8

Пәні:Технология

Сабақтың тақырыбы:

Ағашты көркемдеп өңдеу

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістері мен ағаштан түрлі бұйымдар жасау үшін әр түрлі станоктардың жұмысістеу принципімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар ағашты көркемдеп өңдеу әдістері мен ағаштан түрлі бұйымдар жасау үшін әр түрлі станоктардың жұмысістеу принципіментанысады.

Сабаққа туындаған негізгі идеялар

Сын тұрғыдан ойлай отырып, ой жүгірту және диалогтық оқыту барысында проблеманы шешу үдерістері қамтылады.

Тапсырмалар

Сабақтың мақсаты мен мазмұны мен таныстыру.

Сілтеме

Оқулық, 8-сынып

Оқыту әдістері

Практикалық жұмыс

Топтық, жұптық, жеке жұмыстар

Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар

Ағаш ою құралдары, ара, сүргі, балға, шот, сызғыш, қарындаш т, б.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ТҚЕ сұрау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу, топқа бөлу, топ ережесін еске түсіріп.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ағаштан және қолда бар материалдардан жасалатын кәде сыйлық бұйымдар

ІІІ. Жаңа сабақ

Өткен тарихымызды білмей, бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата-бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан-теңіз. Ата-баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматтық, ұлттық парызы.

Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал-сері, тігінші, өрімші, балгер-бақсы өтті.

Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан, Аягөз бойындағы Қозы Көрпеш – Баян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқан шебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ.

Өрнек дегеніміз - кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.

Ал ою дегеніміз- бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.

Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері:

1. Жұмысты бастамас бұрын құрал-саймандарды түгендеп мұқият тексеру (верстактың қысқыш қораптары т.б.)

2. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдаушы болма және басқаға кедергі жасама.

3. Кесу, сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықтап бекітілуге тиіс және сол қолды араға жақын ұстамаңдар.

4. Жұмыс соңында жасап жатқан бұйымыңды, материалыңды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.

ІҮ.Сергіту сәті

Жұмбақтар шешу.

1. Азулы хайуан- темір ер,

Әндетіп сүйек кемірер.

(Ағаш кескіш ара)

2. Бір қыры- балта,

Бір қыры –балға.

Ағашты шапқан,

Шегені қаққан.

(Шаппа шот)

3. Қолға алсаң қызмет етер,

Бүтінді бөлшектеуге шебер.

(Пышақ)

4. Кедір-бұдыр тақтайды,

Тегістейді тілімен.

Жеген асын таппайды,

Шығар желке түбінен.

(Сүргі)

5. Болат түкті

Көсеу мықты

Тозаңдатып темірді үкті.

(Егеу)

6. Қалпақты жымырады,

Төбесінен ұрады,

Түзетуге қыңырды,

Дәйім дайын тұрады.

(Балға)

Ү. Қорытынды

Материалдарды бекіту, сұрақтар.

1. Бедерлеп ою дегеніміз не?

2. Кертіп ою. Қиып ою тәсілдерін түсіндір.

3. Жұмырлап ою дегеніміз қалай түсінесің?

4. Ағаш өнерінің түрлерін ата.

ҮІ. Үй тапсырмасы

Ағашты көркемдеп өңдеу.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ