Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

№5 орта жалпы білім беретін мектебі

тарих пәні мұғалімі

Каиркулова Анар Самигуллиевна

11-сынып Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық мәселелер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе Арал экологиялық апатты аймағы, Семей аймағы, Құм Нарынның қасіреті және болашақ салынбақшы АЭС туралы айта келіп, қазіргі қарт Каспийге және ғарыш аймағы Байқоңырға тоқталу. Қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігіне оқушылардың көзін жеткізу және олардың жолдарын түсіндіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, алған білімдерін кеңейту, ізденушілік қабілеттерін дамыту. Өзіндік ұғым қалыптастыра алатын азамат даярлау.

Тәрбиелігі: Оқушылардың жоғары экологиялық санасын қалыптастыру, олардың өздерін қоршаған әлемді қорғауға ат салысуға ықпал ету. Өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық жұмыс.

Сабақтың әдісі: оқушыларды топқа бөліп, әр топтың зерттеген мәселесі бойынша пікір алмасу, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.

Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті, биология.

Көрнекілігі: Қазақтан картасы, интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

XX ғасырдың соңғы он жылында дүние жүзі халықтары алдында күрделі проблемалар көбейді. Соның бірі экологиялық проблемалар. Адам жаны мен тәнінің саулығы өмңр сүріп отырған ортаның экологиясына тікелей байланысты екені анық. Қазіргі таңда экологиямыздың оңып тұрғаны шамалы. Ал, қазақ халқына келетін болсақ, қазақтың басынан өтпеген зұлмат жоқ. Соның бірі- экологиялық зұлмат. Бұл туралы сөз қозғағанда ауызға бірінші ілінетіні Семей полигоны, Арал-Балқаш, Барсакелмес трагедиясы, Азғыр полигоны, Байқоңыр және өндіріс орындары. Жалпы қоршаған ортаны қорғау мәселесі қоғамдық сипат алмайынша бұл түйінды мәселены шешу қиын .қазір халықаралық деңгейде Қазақстан экологиясы туралы жағымды пікір айтылмайды. Болашақты осы мәселены шешу қарастырылды . Ал, біздің осы мэселеге не алып қосарыымыз бар . Кімнің қандай уәжі бар Ойымызды айтып сөз таластыру үшын сабақтын жоспарымен танысып алайық.

Сабақтың жоспары:

1. Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселердің бірі.

2. Республикамыздың табиғат байлық қорлары.

3. Арал- экологиялық апатты аймақ.

4. Семей аймағындағы ядролық сынақ, оның зардаптары. Нарын қасіреті.

5. Балқаш- Іле аймағындағы экология лық жағдай.

6. Қазақстанда салынбақшы болашақ АЭС.

7. Қарт Каспийдің қазіргі жағдайы.

8. Байқоңыр бағымыз ба, сорымыз ба?

9. Қорытынды

Енді кезек оқушыларға беріледі. Олар 3 топқа бөлініп, өз ойларын ортаға салады.

1- топ. Республикамыздың табиғат байлық қорларына тоқталып өтеді.

Республикамызда табиғат байлық қорлары өте мол. Бізде 48000 көл, 85022 өзен бар. Қазақстан жерінде 6000- ға жуық өсімдік түрлері, 172 сүт қоректілер, 490 құстардың түрлері бар. Осы байлықтарды тиімді түрде аса зор қамқорлықпен пайдалануымыз керек. Сонымен қатар, елімізде Менделеевтің периодтық системасындағы элементтердің 108-і кездеседі. Осыны дұрыс пайдаланбасақ, оның арты үлкен өкінішке ұрындырады. «Адам қазіргі таңда табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы, жасаушы. Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол да бізге тәуелді»- деп жазды Ш. Айтматов. Қазіргі таңда табиғат байлықтарын аш көздікпен игеру бұл үлкен экологиялық апатқа апарып соқтыруы мүмкін. Оны қазір ғалымдар да жоққа шығармайды.

Семей проблемасы. Нарын қасіреті жөнінде әңгімелейді.

Семей аймағындағы ядролық сынау халықтың қайғысына айналды. Бұл аймақта бірінші рет 1949 жылдың тамыз айында 16000 км кеңістікке жайылған жарылыс басталды.

Ашық ауада ядролық сынақ 14 жыл бойы (1949-1963 жж) жүргізілді. Ядролық техниканы сынау нәтижесінде рак, катаракта, туберкулез, аллергия, жүрек, тері, нерв- жүйке, психикалық аурулар пайда болды. 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлық жариялаған соң, ядролық сынау тоқтатылды. Семей полигонын жабуда «Невада-Семей» халықтық қозғалысының жетекшісі ақын Олжас Сүлейменовтың еңбегі ерекше. «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы 1992 жылғы 18 желтоқсанда ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы шықты. Бұл оның зардаптары жойылып бітті деген сөз емес. Қазіргі таңдағы тағы бір мәселе Құм- Нарынның қасіреті. Нарын аймағындағы экологиялық жағдай қазір алаңдатарлық деңгейде. Орда ауданының тұрғындары Ресей мемлекетіне қарайтын Капустин Яр әскери сынақтарының әсерінен зардап шегіп келеді. Жалпы қорыта айтқанда Семей полигоны қазақтың 7 атасына кететін қасірет. 21 ғасырдағы қазақ халқының ең ауыр трагедиясының бірі. Ол қазақ халқының ғасырлар бойы шеккен қасіретінен де асып түсуі мүмкін. Семей ядролық полигоны – ЖЕР- АНАНЫҢ тәніне адамзат қолымен жасалған, оңайлықпен жазылмайтын жара. Жарылыс тоқтағанымен радиоактивті әсер сарқыншағы жойылған жоқ. 19 ғасырдағы жер жаннатындай әдемілігімен Абай, Шәкәрім, Мұхтардай ұлыларды туғызған жер. 20 ғасырда әскери милитаризмнің құрбандығына айналды. Семей өлкесі 21 ғасырға адам өмір сүруге ең қауіпті аймақ ретінде енетін болды.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
2-топ Арал- экологиялық апатты аймақ туралы зерттеулермен таныстырады. Қазіргі таңда су қорларын қоймаларда сақтау- экологиялық проблемалардың ең күрделі саласы болып отыр. Әсіресе, Арал теңізінің тағдырына байланысты. Соңғы 35 жылдың ішінде Арал теңізі 700 км су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы 1 л –ге шаққанда 20 граммнан асып түсті. Теңіз деңгейі 17 м-ге төмендеді. Жыл сайын 75 млн. Тонна топырақ пен тұзды шаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірімен құртуда. Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Шаң мен топырақ Арал қаласын тұншықтыруда. Оның халқының жартысынан астамы басқа жаққа қоныс аударуға міжбүр болды. 1960-жылдары Арал қандай еді? Ол КСРО-ның құрлықтағы көлдері ішіндн 4 орын алған. Балығы тулаған, құсы шулаған, қасиетті де киелі орын болған. Арал теңізінен жылына 450000 тонна балық ауланған. Жалпы алғанда Арал сол аймақтың ауа- райына жағымды әсер еткен, табиғатты реттеуші болды. Аралға құятын 2 өзен суын өлшеусіз пайдалану нәтижесінде теңіз суы тартыла бастады. Теңіз суының сапасы нашарлады. Өңірді мекендеген 57 жабайы аңның 13- ақ түрі қалды. Жер сорланды. Арал аймағында көптеген жұқпалы аурулар пайда болды. «Арал өңірі азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылы 17 желтоқсанда республика үкіметі қаулы шығарды. Онда көптеген жеңілдіктер көрсетілген болатын. Қазір ол жеңілдіктердің барлығы тоқтатылды.

Балқаш- Іле аймағындағы экологиялық жағдай және болашақ АЭС туралы өз пікірлерін білдіреді. Қазіргі таңда тек Арал, Семей экологиялық жағдайы халықты алаңдатып отырған жоқ. Балқаш- Іле аймағындағы экологиялық жағдай да мәз емес. 1972 жылы Іле өзенінде Қапшағай су электр станциясы салынды. Қапшағай қойнауы суға толтырылды. Соның әсерінен Іле өзенінен Балқашқа құятын су мөлшері азайды. Кішігірім көлдерге су келмейтін болды, көбі құрғап кетті. Балық аулау көлемі қысқарды. Үлкен Алматы каналының салынуына байланысты химиялық тыңайтқыштарды есепсіз пайдалану нәтижесінде егістік жерлер тұзданды. Арал тағдыры қайта басталды. Балқаш- Іле аймағындағы экологиялық жағдай күрделі мәселеге айналды. Қазіргі таңда қоғам мен табиғат арасындағы қатынас шиелінісе түсті. Ендігі бір үлкен күрделі мәселе Қазақстанға АЭС салу қажет пе? АЭС салу мәселесіне азуын айға білеген Американың батылы бармай отыр. АЭС салуға 5 млрд. доллар және оның қоқыстарын көмуге 5 млрд. доллар жұмсалу керек екен. Сонымен қатар, АЭСпен жұмыс істейтін кадр Қазақстанда жоқтың қасы. 1991 жылы Токиодан 840 км жердегі Мигама АЭСінде апат болған. Демек, Жапонияның өзі АЭСтеріне әлі келмей, оны сақтай алмай отыр. Бір кездері Чернобыль апаты 8 млрдтан астам шығынғы батырды. Ал жазатайым осындай жағдай қайталанса, не істемекпіз?

3- топ. Байқоңыр ғарыш аймағының қоршаған ортаға әсері туралы көпшілікпен ой бөліседі.

Адамзатты ғарышты иегере бастағанына жарты ғасырдан аса уақыттың өткендігін, оның пайдасы мен қатар зиянының аз емес екендігіне ерекше тоқталады. Ғарышкер Т.Әубәкіровтың дәйектемелеріне сүйене отырып, радиациялық сәулелердің адам ағзасына қауіпті екендігіне назар аударады. «Байқоңыр бағымыз ба, сорымыз ба?» дей келе, қазір Байқоңыр космодромынан бірнеше жер серіктері, зымырандар ұшатын және олардың атмосфераның озон қабатын бұзып, радиацияны көбейтетінін айтады. Қазір осы аймақтан түрлі аурудың тарап жатқанына сараптама жасайды. Осылайша экологиялық апат адамдардың денсаулығына, оның болашағына қауіп төндіреді. Табиғат пен қайшылықтың шиеленісуіне техника, өндіріс қана кінәлі емес, адамдарың іс- әрекетті басқарудағы кемшіліктері, қабілетсіздіктері, қоршаған ортаны сақтауға ынтаның жоқтығында болып отырғандығына тоқталады.Қоршаған орт аны қорғау- қажеттілік. Саябақтар салу, бау- бақша өсіру, ағаш отырғызу бұлар жұмыстың жартысы ғана деп ой бөліседі.Қарт Каспийдің қазіргі жағдайына көпшілік назарын аударады. «Аралдан күдер үздіріп, Каспийге жетті жүз күдік» дегендей қазіргі қарт Каспийде экологиялық жағдай жақсы болып тұрғпн жоқ. Экологтар, ғалымдар теңізден қара алтын өндіру теңіздің тамаша табиғат ресурстарын жоюы мүмкін деп қауіптенеді. Оған дәлел:

1. Каспий су табанынан құбыр жүзгізу балықтардың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан қоныс аудару тәрт ібін бұзады.

2. Қашаған кен орнының әлемдік маңызы бар бекіре балығының уылдырық шашу жолына орналасқандығы аса қауіпті.

3. Әлемдік рынокта 1 тонн қара уылдырық 1200000 доллар тұрады. Ал мұнайдық бағасы бар болғаны 60 долларды құрайды. ОКИОК – Қазақстандық халықаралық офшорлық операциялық компаниясы қауіпсіздікті қамтамасыз ете ала ма, ол да сенімсіз? Тек табиғаттың бермесін тартып алам деп, араны ашылған тойымсыз адамзаттың Құдайдың: «Сақтансаң ғана сақтаймын» деп ескерткен сөзін естен шығармағаны абзал. Жалпы бір өндірістің екінші өндірісті «жеп» қоймауына жол бермеу керек.

Набиев Айбек география пәнінен қорғаған «Ұзынкөл ауылы мен Барбастау өзенінің экологиялық жағдайы туралы» ғылыми жобасы туралы қысқаша мәліметтер айтып береді.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Қазақстан 70 жыл бойы КСРО-ның құрамында болды. Сол кезде республикамыздың ұлттық қазба , кен байлықтары ысыраппен пайдаланып, экологиялық апатқа тап болдық . Оның үстіне ,Байқоңыр космодромының қоршаған ортаға кері әсерінің болғандығын ешкім жоққа шығармайды. Осылардың әсерінен қоршаған ортаның экологиясын аман сақтай алмадық .

Оның басты себептер:

1) Еліміз табиғи байлықтардың көзі болды.

2) Ядролық сынақ полигондарының және ғарыш айлағының республикамызда орналасуы.

3) Өндірісті игерушілер мен пайдаланушылардың табиғатты қорғауға немқұрайлы қарауы.

Міне, осылардың барлығы елімізді экологиялық апатқа душар етті. Қазіргі заманғы экологиялық проблемалардың күрделі болып отырғандығы сондықтан. Табиғатты қорғау баршамыздың ісіміз. Адам мен табиғаттың арасындағы қайшылықты қоғам реттейді, оның қызметі- жоғарғы сана, яғни , адамдардың жоғарғы эколгиялық санасын тәрбиелеу және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағытталған ынта жігерін қолдау болып табылады.Біз жоғарыда сөз еткен мәселелер ең өзекті мәселе . Баршамыздың міндетіміз табиғатты аялау. Бір кездегі ақын Олжас айтқандай «Адамға табын, Жер, енді »демей , адам жерге табынуға тиіс.Біз төрт ананы құрметтеп өсуге тиіспіз: 1. Туған жер 2. Туған тіл 3. Туған жер 4. Туған тарихы

Осы төртеуін құрметтеу арқылы біз ғасырдан ғасырға өтеміз . Сонымен қатар далалықтардың даналықтарын есте ұстаған абзал. Сонда ғана біз табиғатты аялап , оның қадырын түсінеміз. Қазір Қазақстанда бірде-бір экологиялық таза қала жоқ. Қазіргі уақытта экологиялық жағдайды жақсарту ғаламдық проблема. Оған белсене қатысу әрбір адамның , әсіресе жастардың міндеті болмақ.

Әр топқа интерактивті тақта арқылы беріледі:

1. Әлемде тұңғыш рет атом бомбасын қай ел , қашан жасап шығарды?

2. Атом қаруын қандай елдің қалаларына қарсы қолданды?

3. Семей полигоны қашан ашылды?

4. Семейде ашық ауада қанша ядролық сынақ өткізілді?

5. Арал теңізі жағалаудан қанша шақырымға ығысты?

6. Теңіз деңгейі неше метрге дейін төмендеді?

7. Қазақстанда тағы қандай сынақ полигондары орналасқан ?

8. Т.Әубакиров ғарышқа қай уақытта ұшты?

9. «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім?

Сабақты бекіту: Эссе тақырыбы «Мен туған ауылымның тазалығын сақтауға қандай үлес қостым»

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ