Батыс
Қазақстан облысы
Орал қаласы
№5 орта
жалпы білім беретін мектебі
тарих пәні
мұғалімі
Каиркулова Анар Самигуллиевна
11-сынып Қазақстан тарихы
Сабақтың
тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі:Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе Арал экологиялық апатты
аймағы, Семей аймағы, Құм Нарынның қасіреті және болашақ салынбақшы АЭС туралы
айта келіп, қазіргі қарт Каспийге және ғарыш аймағы Байқоңырға тоқталу.
Қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігіне
оқушылардың көзін жеткізу және олардың жолдарын түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, алған
білімдерін кеңейту, ізденушілік қабілеттерін дамыту. Өзіндік ұғым қалыптастыра
алатын азамат даярлау.
Тәрбиелігі: Оқушылардың жоғары экологиялық санасын қалыптастыру,
олардың өздерін қоршаған әлемді қорғауға ат салысуға ықпал ету. Өз еліне,
жеріне, Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың
әдісі: оқушыларды топқа бөліп, әр топтың зерттеген мәселесі
бойынша пікір алмасу, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.
Пәнаралық
байланыс: география, қазақ әдебиеті, биология.
Көрнекілігі: Қазақтан картасы, интерактивті тақта, тақырыпқа
байланысты суреттер.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
XX ғасырдың соңғы он жылында дүние жүзі халықтары алдында
күрделі проблемалар көбейді. Соның бірі экологиялық проблемалар. Адам жаны мен
тәнінің саулығы өмңр сүріп отырған ортаның экологиясына тікелей байланысты
екені анық. Қазіргі таңда экологиямыздың оңып тұрғаны шамалы. Ал, қазақ халқына
келетін болсақ, қазақтың басынан өтпеген зұлмат жоқ. Соның бірі- экологиялық
зұлмат. Бұл туралы сөз қозғағанда ауызға бірінші ілінетіні Семей полигоны,
Арал-Балқаш, Барсакелмес трагедиясы, Азғыр полигоны, Байқоңыр және өндіріс
орындары. Жалпы қоршаған ортаны қорғау мәселесі қоғамдық сипат алмайынша бұл
түйінды мәселены шешу қиын .қазір
халықаралық деңгейде Қазақстан экологиясы туралы жағымды пікір айтылмайды.
Болашақты осы мәселены шешу қарастырылды . Ал, біздің осы мэселеге не алып қосарыымыз
бар . Кімнің қандай уәжі бар Ойымызды айтып сөз таластыру үшын сабақтын
жоспарымен танысып алайық.
Сабақтың
жоспары:
1.
Экологиялық жағдай
қазіргі уақыттағы күрделі мәселердің бірі.
2.
Республикамыздың
табиғат байлық қорлары.
3.
Арал- экологиялық
апатты аймақ.
4.
Семей аймағындағы
ядролық сынақ, оның зардаптары. Нарын қасіреті.
5.
Балқаш- Іле
аймағындағы экология лық жағдай.
6.
Қазақстанда
салынбақшы болашақ АЭС.
7.
Қарт Каспийдің
қазіргі жағдайы.
8.
Байқоңыр бағымыз
ба, сорымыз ба?
9.
Қорытынды
Енді кезек
оқушыларға беріледі. Олар 3 топқа бөлініп, өз ойларын ортаға салады.
1- топ. Республикамыздың табиғат байлық қорларына тоқталып өтеді.
Республикамызда табиғат байлық қорлары өте мол. Бізде 48000 көл, 85022
өзен бар. Қазақстан жерінде 6000- ға жуық өсімдік түрлері, 172 сүт қоректілер,
490 құстардың түрлері бар. Осы байлықтарды тиімді түрде аса зор қамқорлықпен
пайдалануымыз керек. Сонымен қатар, елімізде Менделеевтің периодтық
системасындағы элементтердің 108-і кездеседі. Осыны дұрыс пайдаланбасақ, оның
арты үлкен өкінішке ұрындырады. «Адам қазіргі таңда табиғатты тұтынушы ғана
емес, сонымен қатар бағындырушы, жасаушы. Біз бүгінде оған тәуелді ғана
емеспіз, ол да бізге тәуелді»- деп жазды Ш. Айтматов. Қазіргі таңда табиғат
байлықтарын аш көздікпен игеру бұл үлкен экологиялық апатқа апарып соқтыруы
мүмкін. Оны қазір ғалымдар да жоққа шығармайды.
Семей проблемасы. Нарын қасіреті жөнінде әңгімелейді.
Семей
аймағындағы ядролық сынау халықтың қайғысына айналды. Бұл аймақта бірінші рет
1949 жылдың тамыз айында 16000
км кеңістікке жайылған жарылыс басталды.
Ашық ауада
ядролық сынақ 14 жыл бойы (1949-1963 жж) жүргізілді. Ядролық техниканы сынау нәтижесінде рак, катаракта,
туберкулез, аллергия, жүрек, тері, нерв- жүйке, психикалық аурулар пайда болды.
1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
«Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлық жариялаған соң, ядролық сынау
тоқтатылды. Семей полигонын жабуда «Невада-Семей» халықтық қозғалысының
жетекшісі ақын Олжас Сүлейменовтың
еңбегі ерекше. «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап
шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңын күшіне енгізу тәртібі
туралы 1992 жылғы 18 желтоқсанда ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы шықты. Бұл оның
зардаптары жойылып бітті деген сөз емес. Қазіргі таңдағы тағы бір мәселе Құм-
Нарынның қасіреті. Нарын аймағындағы экологиялық жағдай қазір алаңдатарлық деңгейде. Орда
ауданының тұрғындары Ресей мемлекетіне қарайтын Капустин Яр әскери сынақтарының
әсерінен зардап шегіп келеді. Жалпы қорыта айтқанда Семей полигоны қазақтың 7
атасына кететін қасірет. 21 ғасырдағы қазақ халқының ең ауыр трагедиясының
бірі. Ол қазақ халқының ғасырлар бойы шеккен қасіретінен де асып түсуі мүмкін.
Семей ядролық полигоны – ЖЕР- АНАНЫҢ тәніне адамзат қолымен жасалған,
оңайлықпен жазылмайтын жара. Жарылыс тоқтағанымен радиоактивті әсер сарқыншағы
жойылған жоқ. 19 ғасырдағы жер жаннатындай әдемілігімен Абай, Шәкәрім,
Мұхтардай ұлыларды туғызған жер. 20 ғасырда әскери милитаризмнің құрбандығына
айналды. Семей өлкесі 21 ғасырға адам өмір сүруге ең қауіпті аймақ ретінде
енетін болды.