Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы.

Индер ауданы, Индербор кенті.

МКҚК "Балдаурен" бөбекжайы.

Тәрбиеші:

Утенова Райхан Қожахметқызы.

"Тамаша табиғат аясында"

Мақсаты: Балаларға туған өлкесі туралы, туған жердің тамаша табиғаты туралы түсінік беру. Балаларды табиғатты қорғауға, аялауға үйрету. Табиғат құндылығының маңыздылығын түсіндіру.

Білімділігі: Табиғат аясына серуенге шығу. Табиғаттағы әсемдікті сезіге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Табиғат туралы білімдерін дамыту. Табиғатты қорғауға аялауға үйрету.

Көрнекілігі: табиғат көріністері: Орман.

Әдісі: ойын, шаттық шеңбері.

Балалар шеңбер құрып: Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түссін даламыз

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы күн апайлар

Сәлем, сәлем, сәлем.

бастарын иіп бір-біріне жылы амандасады.

Тәрбиеші : - Ал енді балалар бәріміз « Өз сынарын тап» деген қимылдық ойынды ойнайықшы. Тәрбиеші балаларға құстар, гүлдер,жапырақтар,балықтар,саңырауқұлақтар,жемістер,жабайы- жануарлардың суретін таратып береді.

-Балалар қараңдаршы қолдарында табиғат аясында кездесетін тіршілік иелері бар.Кәне Гүлден айта қойшы қолындағы суретіннің пішінін, түсін атап өз сыңарыңды таба ғойшы?

Гүлден : - Менің қолымдағы гүл.Түсі кызыл,сары әрі әдемі .Менің қолымдағыдай гүл Салтанатта бар деп өз сыңарың тауып қасына тұрады.Басқа балаларда қолдарыңдағы тіршілік иелерінің аттарын,түстерін, көлемін айтып өз сыңарларың тауып қастарына тұрады.

Тәрбиеші : - Балалар қазір біз табиғат аясына серуенге шығамыз.Қолымыздағы суреттерді табиғат иелерін өз орындарына орналастырамыз.Кәне балалар автобуска отырайық.

Тәрбиеші : - Балалар алдымызда бағдаршам тұр.Бағдаршам туралы не білесіңдер?

Балалар : - Бағдаршамның үш көзі бар қызыл, сары, жасыл.Пішіні дөңгелек.

Тәрбиеші : - Бағдаршамның қандай көзі жанып тұр?

Балалар : - Қызыл көзі жанып тұр.Біз тоқтап тұрмыз.

Тәрбиеші: - Сары көзі жанғанда ?

Балалар : - Біз жүруге дайындаламыз.

Тәрбиеші : - Ал жасыл көзі жанғанда не істейміз ?

Балалар : - Жасыл көзі жанғанда біз жүреміз.

Тәрбиеші : - Дұрыс балалар сендер бағдаршам туралы өте жақсы біледі екенсіңдер.

Ал енді баратын жеріміз ұзақ сондықтанда жұмбақ жасырайын.Шешемізбе?

Ал кәне жауабын кім біледі?

1.Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады

(Күн)

Тәрбиеші : -Күн қандай?

Балалар : - Пішіні дөңгелек,түсі сары әрі жылы.Біз күннен нәр аламыз.

2.Еш жерге тұрақтамайды

Ол жоқта жер құрғайды

(Су)

Тәрбиеші : - Су қандай?

Балалар : - Су мұздай салқын, мөлдір.Біз суды ішеміз.Төгуге болмайды.

3.Барма жоқпа оны білмейсің

Ол жоқта өмір сүре алмайсың

(Ауа)

Тәрбиеші : - Мұрынымызбен демалып ауызымызбен сыртқа шығарамыз.2рет қайталау.

4.Көктемде көгереді

Жазда ырысқа бөленеді

Күзде пісіп марқаяды

Қыста ақ көрпе жамылады

(Жер)

Тәрбиеші : - Жер қандай?

Балалар : - Жер топырақтан, тастан тұрады.Түсі қоңыр

Тәрбиеші : -Өте жақсы балалар сендер жұмбақты да шеше білдіңдер.Ал енді мен сұрақ қояйыншы

-Бізге су не үшін қажет?

Балалар : - Адамға сусыз өмір жоқ,гүлге де,ағашқада су керек

Тәрбиеші : - Дұрыс балалар бәріміз ауамен дем алып,суды ішеміз.Осылардың бәрін бізді қоршаған ортаны бір сөзбен айтқанда не деп атаймыз?

Балалар : - Табиғат деп атаймыз

Тәрбиеші : - Дұрыс айтасыңдар балалар.Міне бізді қоршаған орта табиғат аясынада орманға келдік.Ормандағы әдемі көрініске қарайды.Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар : - Күз мезгілі

Тәрбиеші : -Иә күз мезгілі. Қараңдаршы жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр айнала әдемі күйге еніп жатыр.Біз күзді алтын күз депте атаймыз

Орман қызы : - Ей сендер кімсіңдер мұнда не қып жүрсіңдер?Менің ағаштарымды сындырып, табиғатымды ластауға келдіңдерме? Мен орман қызымын бұл менің табиғатым мен бұған жол бермеймін.

Тәрбиеші : - Сәлематсызба Орман қызы біз табиғатты ластауға емес, қорғауға келдік.Біз өзімізбен

бірге табиғат иелерін өз орындарына қоюға келдік.

Орман қызы : - Жарайды мен сендерге орманымды аралатайын жүріңдер.Орманда ағаштар көп болады.

Тәрбиеші : - Ендеше осы ағаштарға жапырақтарымызды ілейік.Балалар жапырақтардың түстерін жасыл,сары ,қызыл деп атап ағаштарға іледі.Құстар жоғары ұшады деп бұлттарға,ағаштарға қонады деп ағаштарға.Гүлдерді,шөптерді,саңырауқұлақтарды жерде өседі , жемістерді ағаштарға, жерге.Жан-жануарларды орман ішіне, балықтарды суға орыналастырамыз.

Тәрбиеші : - Орман қызы орманда қандай аңдар мекен етеді.

Орман қызы : - Мен сендерге ормандағы аңдардың қимылдарын көрсетейін кәне бірге қайталаңдар.Ормандағы қоянның қос аяқтап секіретінін,аюдың қорбандағанын,түлкінің ирелендеп жүретінін ,құстардың қанаттарын жайып қалықтап ұшатынын жасап қимылмен көрсетеді.Орман қызымен сергіту жаттығуын қайталап жасайды

Тәрбиеші : - Орман қызымен бірге сергіту жаттығуын жасап серігіп алдықпа?Рахмет саған біздің балалардыңда тақпақтарың қабыл ал:

Азиза: Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

Елхан: Күзім-ау , күзім –ау

Мінезің бұзық –ау

Жаңбырын сіркіреп

Келгенің қызық ау

Ақерке:Күздің тамыз айында

Алма алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайған

Сылдыр-сылдыр түседі

Орман қызы : - Рахмет балалар сендермен өте керемет болды.Табиғатты аялап, қорғап жүріңдер

Мынау сендерге табиғаттың сыйы,келгендеріңне рахмет,сендермен өте көңілді болды күнді жақсы өткіздік.Орман қызына рахметін айтып қоштасып жол шығады

Тәрбиеші : - Балалар қалай ойлайсыңдар осы жалпы табиғатқа қамқорлық керекпе?

Балалар : -Иә керек.

Тәрбиеші : - Табиғаттағы барлық заттарға қамқорлықпен қарап аялауымыз керек, ластамай таза ұстауымыз керек екен.

Тәрбиеші : - Ал енді балалар біз тобымызға келдік.Енді орнымызға отырып, алдарыңдағы таблицаға қараймыз.Ішінде суреттер көрсетілген.Осы суреттерді қарап табиғатта не көрдік соны ашық қалдырамыз,ал не болған жоқ соның бетін жабамыз

Тәрбиеші : - Бізді қоршап тұрғанның бәрі керемет жаратылыс табиғат екенін танып білдік . Табиғаттың бар тіршілік иелеріне берері мол табиғат бізді мейірімділікке үйрететініне көзіміз жетті.Балалар шеңбер құрып жүректен – жүрекке :

Барлығымыз табиғатты сүйеміз

Бейбіт өмір баршамызға тілейміз!

Осымен «Тамаша табигат аясында » атты ұйымдастырылған оқу іс-әректі аяқталды.Рахмет бәріңізге!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ