Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы

№14 «Колосок» бөбекжайы

Тәрбиеші: Нұрғали Салтанат Қусайынқызы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: "Табиғат бұрышындағы құстарды бақылау."

Мақсаты: Балаларды жанды табиғат өкілдерімен таныстыруды жалғастыру. Сөздік қорларын «құстың жүні, мамығы», «қанат» деген сөздермен толықтыру. Құстардың суреттерін көрсету арқылы зейіндерін және білуге деген құштарлықтарын арттыру. Жанды табиғат өкілдеріне деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Тордағы тотықұс, оған арналған жем.

Үштілділік компонент: Тотықұс – попугай-parrot қанаттар – крылья-wings тұмсық – клюв-beak табиғат бұрышы – уголок отдыха- sitting area

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық –

қозғаушылық

Табиғат бұрышына жақындап келіп, балаларға жұмбақ оқимын.

Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,

Басына бөрік киер, құндыз ұстап. (Тотықұс)

Кәне, біздің табиғат бұрышындағы тотықұс – Кешаға назар аударайық.

Балалар жұмбақтың шешуі тотықұс екенін табады. Назарларын тотықұсқа аударады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Үштілділіккомпонент:

Тотықұс – попугай-parrot қанаттар – крылья-wings тұмсық – клюв-beak табиғат бұрышы – уголок отдыха- sitting area

Балалардан тотықұс туралы білетіндерін сұрайды. Балалардың жауаптарын тыңдап болған соң, тотықұс туралы ақпарат береді.

Тотықұс – құйрығы қысқа, түрлі түсті құс. Ол Африка, Америка және Австралияда тіршілік етеді. Адамдар оны қолға үйретіп, торда ұстайды. Сөйлейтін тотықұстар да бар. Олар сенің айтқаныңды қайталайды.

Тотықұстың қанаттарын, тұмсығын, аяқтарын көрсетіп, олардың атқаратын қызметімен таныстырады. Мысалы, қанаттары ұшу үшін, тұмсығы қорегін шоқып жеу үшін, аяқтары жүру және бұтаққа қонып отыру үшін керек.

Кәне, тотықұсқа жем беріп, ол жемді қалай шоқып жейтінін көрейік.

Сергіту жаттығуы

Кәне, қанат жазайық,

Тоты болып ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Қайта келіп қонайық.

Табиғат бұрышында қатты сөйлеп, құстарды шошытып алмау керектігін айтамын.

Жаңа сөздердің қазақша және орысша атауларын қайталайды.

Тотықұс туралы білетіндерін айтады.

Айтқанды мұқият тыңдайды.

Бір-екі бала тордағы тотықұсқа жем салады, қалғандары оның қалай қоректенгенін бақылайды.

Қимылмен сергіту жаттығуын орындайды.

Рефлексия-лық түзетушілік

Сұрақ-жауап арқылы білімдерін қорытындылаймын.

Бүгін табиғат бұрышында қандай құспен таныстық?

Оның қандай дене мүшелері бар екен?

Тотықұспен таныстық.

Оның басы, екі аяғы, қанаттары, тұмсығы бар (көрсетеді). Тотықұстың суретін бояйды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Тотықұстың дене мүшелерін көрсетіп атауға және оның суретін бояуға арналған тапсырмаларды.

Игереді: Тотықұстың тіршілігі туралы мәліметтерді.

Меңгереді: Тордағы құстарды қалай қоректендіру керектігін іс жүзінде.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ