Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Баяндама: Өнеркәсіптің салалық құрылымы.

Жоспар:

1. Өнеркәсіп салаларының экономикалық классификациясы.

2. Өнеркәсіптің салалық факторы және құрылу жолдары.

3. Өнеркәсіп салаларының классификациясы.

4. Салалық өнеркәсіп құрылымының дамуы.

Өнеркәсіп саласы- кәсіпорын мен өндірістер жиынтығының бірлігі. Ол сипатталады:

-шикізат және негізгі материалдарды тұтынудың біржақтылығы

-техникалық база мен технологиялық процестердің жалпылығы

-ерекше кәсіби кадрлар құрамы

-қоғамдық еңбекті ұйымдастыру формасы мен деңгейінің ерекшеліктерімен.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы жалпы , жеке және бірлік еңбек бөліністерін көрсетеді. Жалпы еңбек бөлінісін ауыл шаруашылық өнеркәсібі бөлімімен тарихи байланысты.Жеке еңбек бөлінісі кәсіпорындар арасындағы өзіндік салалар қабілеттілігімен, ауыл шаруашылығы, құрылыс, транспорт және де басқа салалармен көрінеді

Жалпы, жеке және бірегей еңбек бөліністері бір-бірімен тығыз байланысты және өнеркәсіптің салалық құрылымдарының дамуына біріккен түрде әсер етеді.

Жалпы еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің жаңа салаларынан бөлінуге және де жеке еңбек бөлінісі өнекәсіптің болашақта дамуына әкеледі.Жеке еңбек бөлінісі әсерімен өнеркәсіптің жеке өндірістік ұлттық басқа да шаруашылық салаларының байланысы күшейеді, яғни оның өнеркәсіптік негізге өтуін жеделдетеді. Жеке еңбек бөлінісі өндіріс салаларын реттеп, олардың кәсібін жақсартады.

Пропорционалды және балансталған өсу оның көптүрлі саласының классификациясынсыз мүмкін емес. Негізгілер қатарына өндірілетін өнімнің экономикалық тағайындалуы бойынша салалар топтамасы кіреді:

-бағынудың басқармалық (ведомость) белгісі және формасы бойынша;

-экономикалық ерекшеліктер белгісі бойынша;

Өндірілетін өнімнің экономикалық тағайындалуы бойынша өнеркәсіптік салалар топтамалары маңыздырақ болып табылады. Осы сапаларына сәйкес бүкіл өнеркәсіп екі топқа бөлінеді:

1. Өндіріс құралдарын шығаратын салалар –«А» тобы.

2. Тұтыну заттарын шығаратын салалар – «Б» тобы.

Аралас өндірістерде, өндіріс қорлары ретінде де, қолдану заттары ретінде де бірдей қолданылатын өнім «А» немесе «Б» тобына жататын өнімнің мөлшерін белгілейді. Өнімнің табиғи формасы әлі оның экономикалық тағайындалуын анықтайды, сондықтан салалық құрылым өнімнің экономикалық тағайындалуы бойынша өнеркәсіп топтамаларымен толығымен сәйкес келмейді.

Еңбек заттарына әсер етуі бойынша өнеркәсіп өндіретін және өңдейтін болып бөлінеді. Өнеркәсіптің өндіру салалары еңбек заттарын тек қана табиғаттан өндірумен және оны келесі қайта өңдеуге бірінші дайындықпен айналысады.

Өнеркәсіптің өңдейтін салаларында шикізаттық материалдар жаңа сапалық құндылықтарға ие болып, өз формаларын өзгертеді. Бұл топта өнеркәсіптен шыққан шикізатты өңдейтін салалар бөлінеді, мысалы шойын, болатты балқыту және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу салалары, яғни ет, сүт, жарма ұнтағы.

Салаларды экономикалық ерекшеліктері бойынша классификациялау оларды топтастыруға мүмкіндік береді. Олар:

-Негізгі және айналым қорларының құрылымының жалпылығы бойынша.

-Өндірістің материал-энерго-еңбек және қор сыйымдылығы сатысы бойынша.

-Өндіріс типін меңгеруі бойынша (жалпы, сериялық, бірлік)

-Өндірісті ұйымдастыру деңгейі мен формасы, сонымен бірге басқа да белгілер қатары бойынша.

Бақылау сұрақтары:

1. Салалар бойынша өнеркәсіптің сала және салалық құрылым түсінігі.

2. Салалар бойынша өнеркәсіптің салалық құрылым көрсеткіші.

3. Салалардың прогрессивтік дамуы мәні.

4. Жаңа ғылыми сыйымды өндірістердің дамуын көрсету және жұмыс жасаушы өндірістің техникалық жаңаруы.

5. Салалар бойынша өнеркәсіпті реқұрылымдау және бүтіндеу (рационалдау)

Орындаған: «Құрылыс –техникалық колледжі»

ІІ курс студенті Әсетұлы Надиль

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ