Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Описание: c:\users\1\desktop\майра флеш\фотолар\мугалимдер\img_0500.jpg

Алматы облысы
Алакөл ауданы
Қарлығаш негізгі орта мектебі

педагог-психолог
Сулейменова Майра Рахымқызы

Баяндама тақырыбы:«Бала мінезін тәрбиелеу».

“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.” (А. Құнанбаев)
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені.

(А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)

Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Мектеп пен ата-ананың міндеті-әр балаға бағыт беру. Бақыт сан қырлы. Бұл-адамның өзінің қабілеттерін ашып, еңбекті сүйіп, оның жасампаз болуына, баларды нағыз адам етіп өсіруде. Тек ата-аналармен бірлікте ортақ күш –жігер жұмсау арқылы ғана мұғалімдер балаларға адамдық үлкен бағыт бере алады. Баламен достаспай, онымен рухани қарым-қатынаста болмай тұрып,тәрбиелеуді қара түнекке адастымен салыстыруға болады.
Балалық шақтың қалай өткендігіне, баланы балалық жылдарында қолынан кімнің жетектегеніне, қоршаған дүниеден оның санасы мен жүрегіне ненің енгеніне, бүгінгі балдырғанның қандай адам болып өсуі шешуші дәрежеде осыларға да байланысты.
Тұрмыстық сипаттағы және рухани мәдениетке тән қымбат дүниелер жас ұрпақтың еншісіне көбірек тиген сайын, тәрбиелеу соғырлұм қиындай түседі. Тәрбиеге қатысы бар адамның жауапкершілігі соғырлұм зорая түседі.
Жанұялық өмір, балаларды тәрбиелеу -өте күрделі әрі нәзік іс. Жанұялық өмірдің қуанышы,кемелдігі әке де, ана да бақыттың көзі-бастауыш үнемі толықтырып, оған бір нәрсе қосып отырған жерде ғана болады. Сөйтіп, осы қайнар көзге әйел, бала жайындағы қамқорлық аса маңызды үлес болып табылады. Баланың өмірінде өз қуаныштары мен қайғылары болады. Ата-ана ол қуанса, қуанып, бірдеңеге мұңайса, мазасызданады. Ал, өзімшілдіктің негізі адамгершілік сезімдердің тәрбиесіздігін көрсетеді. Балалық өзімшілдік қауіпті, өйткені бұл ата-ананың балаға сәл ғана жол беруінен басталады.
Өзімшілдік әрекеттер балалар ересектердің, ең алдымен ата-аналардың, мүдделеріне нұқсан келтіру есебінен туындайды. Тәрбиелеу ісіндегі барлық қиындықтар мен олқылықтар мектеп пен жанұя, баланың, жас өспірімдердің күштерімен мүмкіндіктері еңбек етуді қатаң талап еткен кезін байқамай жіберіп алған уақыттан болады. Еңбек әрекетсіздікке уақыт қалдырмағандықтан ғана емес,адамды жалпы тәртіпке келтіріп отырады.
Айғай шу адам қатынастарында мәденитеттің жоқтығының айқын белгісі. Жиі ұрыс естіген балалар басқа адамдардың сенімдерінің аса нәзік мәнерін қабылдау қабілетінен айырылады да, бұл ерекше қорқынышты шындыққа, әділеттілікке деген сенімінен айырылады. Айғай балалық арды тұншықтырады.
Сөз-адамның жан дүниесіне нәзік жанасу. Бұл нәзік, жұпар шашқан гүлді ізгілікке,сенімге оралатын нәрлі су да, өткір пышақ та, қызған темір де, лас кесек те бола алады.
Бала тумысынан жаман болмайды, жаман тәрбиеші болуы ған мүмкін. Бұл көпке аян ақиқат. Бала жаны нәзік, ойы адал, сезімтал да толқымалы. Сол нәзік жанды майыстырып алмай, адал ойға дақ салмай, толқымалы сезімді дұрыс тәрбиелеу ата-ана мен мұғалімнің тынымсыз жұмыс істеуіне байланысты.
Мінезді дұрыс қалыптастыру үшін өз мінезіңнің жақсы, шебер тәрбиелік қасиеті болуы керек. Әсіресе, бұл жерде мектеп пен отбасының бірлігі керек. Бала ісінің жақсы екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата-ана мен мұғалімге жүктелер міндет.

Бала мінезіндегі тіпті елеусіз жайларды да ата-анамен мұғалім ескерусіз жібермей, бақылап отырған жөн. Ол ата-анасына әлдеқалай қарсы келсе, әке-шешенің балаға ұрысуының, «енді қайталама» деп мүсіркеудің керегі жоқ, адаса берсе жарға соғып, мерт болатынын, әке-шешесін сыйлай білмейтін адамды ешкім жақсы көрмейтінін түсіндіру керек. Бала әке-шешесінің көңіл-күйін қабағынан танып, сыйлап тұрса, басқа адамдармен де қатынасы сондай болса, құрметке бөленеді.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ