Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Күні:

Сыныбы:5 “Б

Сабақтың тақырыбы:Ф. Оңғарсынова «Оюлар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу. Өлең мазмұнын, құрылысын меңгерте отырып, автор шеберлігін таныту.

Дамытушылық: Ой және қол еңбегін жасату арқылы ізденпаздыққа, еңбексүйгіштікке баулу.Ұлттық қолөнердің баға жетпес байлық екендігін ұғындырып, халықтық дәстүрді қастерлеуге үйрету.

Тәрбиелік:Ой және қол еңбегін жасату арқылы ізденпаздыққа, еңбексүйгіштікке баулу.Ұлттық қолөнердің баға жетпес байлық екендігін ұғындырып, халықтық

дәстүрді қастерлеуге үйрету.

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, өлең мазмұнын талдау, ою ойып үйрену, СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, ақынның портреті, бейне-баяндар, оюдың суреттері.

Пәнаралық байланыс:Тарих, бейнелеу, еңбек, саз.

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару.

«Молекула» әдісібойынша сыныпты 3 топқа бөлемін.

І кезең. Қызығушылықты ояту

«Миға шабуыл» әдісі

1. Әңгімедегі Төреқұл мен Ағыбайдың достығы қалай, қашан басталған еді?

2. Төреқұлдың Қозыкүрең туралы әңгімесі қай кезде болған оқиға?

3. Қозыкүрең қандай мінез көрсетеді? Оны ең алдымен кім байқайды?

4. Жануарым-ай, аман-есен келген екенсің ғой! Айшылық жолыңды алты аттап, Алатауыңа жеткен екенсің-ау!..- деген кімнің сөзі?

5. Қозыкүрең оқиғасы қалай аяқталады?

6. Әңгіме Ағыбайға қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?

7. Төреқұл Ағыбайдың жиендеріне қандай сый жасады?

ІІ кезең. Мағынаны тану

«Мозайка» әдісібойынша әр топ алдарыңа берілген кеспе қағазды оқып алып, мазмұнын басқа топқа түсіндіреді.

Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына тоқталу.

Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5 желтоқсанында Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл әдебиет факультетін

бітіріп,Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. 1966-1968 ж.ж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.

Еңбектері

• 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді.

• "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы.

• Содан кейін "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", «Дауа» сияқты кітаптары оқырман қауымға ұсынылды.

• Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.

Оюлар
Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай?
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
“Келе ғой, қошақаным, өзіме!”- деп
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі.
Тұрғандай ана - көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
Аңсаумен күнім өтті қанша менің,
Желбауда, басқұрда ма аңсау емім.
Әжемнің көзіндей бұл оюларды
Таба алмай дала кезіп шаршап едім.
Елестеп көз алдымда сән шақтарым,
Келгендей құлағыма аңсатқан үн.
Түрінен текеметтің көріп тұрмын
Әжемнің тарамысты саусақтарын.
Шебер көп бұл заманда кілең керім,
Болмайтын ажыратып түр - өңдерін.
Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан
Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім...
Болардай басқұр, өрнек маған медет,
Белгісі балғын шақтың қарар жебеп,
Сүйеніп түскиізге тұрып қаппын,
Көз жазып оюлардан қалам ба деп.
Мөлдір шық жасырынды жанарға кеп...

ІІІ кезең. Ой - толғаныс.

Сөздікпен жұмыс

Қошқармүйіз - қазақтың ұлттық оюының бір түрі

Тарамысты - арықтау.

Құр - киіз үйдің керегелері мен уықтарын таңып, байланыстырып

тұратын жалпақ бау.

Деңгейлік тапсырма.

1-тапсырма.Өлеңнің құрылысын талдау. Шумақ, тармақ, бунақ, буын санын, ұйқасын табу керек.

2-тапсырма. Өлеңнен төсеніш атауларын тауып, сол төсеніштер туралы әңгімелеп беру. Сөздік жұмысын жасау.

3-тапсырма.Өлең кейіпкерлерін табу. «Менің әжем» тақырыбында шағын шығарма жазу.

4-тапсырма.Өлең мазмұнынан не ұқтың? Мазмұнын сөзбен әңгімелеп беру.

Ою-өрнектер туралы деректер беру.

image image

Қошқармүйіз оюын ою.

Тақырып– қаламгердің шығармасына негіз болған мәселе.

Идея– алған тақырыбы арқылы қаламгердің айтпақ болған ойы, мақсат-мүддесі, арманы.

«Оюлар» өлеңінің тақырыбы – қазақтың ұлттық нақышы-

ою-өрнегі туралы.

Идеясы – ою-өрнегімізге сүйсіну, ұлттық құндылығымызды қадірлеу, жойылуға жол бермеу.

Сабақты қорыту.

«Бес жолды өлең стратегиясы

1. Зат есім. Ою

2. Сын есім . Өрнекті, әдемі

3. Етістік. Ояды,тағады, безендіреді

4. Мағыналы сөйлем. Ою-қазақтың ұлттық байлығы.

5. Синоним. Өрнек.

Үйге тапсырма.

“Оюлар” өлеңін жаттау, ою ойып келу.

Бағалау.Өзара бағалау.(Топ бір-бірін бағалайды)

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ