Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Кудебаева Нурзия Махметовна.Қостанай қаласындағы №20орта мектебі.

Пәні: Әдебиеттік оқу.2сынып

Сабақ тақырыбы : Ф.Оңғарсынова «Жылу» өлеңі. 25.01.2017ж .

Мақсаты : 1)Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;

2) Баланың анаға деген құрметін арттыру, сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту.
3).Анаға сый - құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, түсіндіру, мәнерлеп оқу, жалғастыра оқу, шығармашылық жұмыс, модель қорғау.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу, дүниетану, музыка
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, интерактивті тақта,суреттер, «Ана»

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ- жауап, топпен жұмыс

Сабақ барысы:

1)Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық д/қ

Әрбір адам– досым, сыныптасым,

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,

Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.

2)Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге не берілді?

1-топ.Кабуснама деген не?Қайқаус кім?
2-топ.«Ата-ананы құрметтеу туралы» мәтінінің бөліктерін жатқа айту
3 - топ. "Ата – ананы құрметтеу"тақырыбына жазған эссені оқу.

1.«Жұлдызым жоғары» ойынын ойнау.

Үй тапсырмасын айта отырып, жұлдызымызды жоғары жарқыратып отырамыз. Кімнің жұлдызы ең жоғары екенін білеміз.

Сабаққа жауап беретін оқушылар жұлдызшаларын жоғары көтереді.

Мұғалім: Жарайсыңдар !

Барлығың жабылып көмектесіп, ең жоғары, ең жарық жұлдызды жақтыңдар. Бұл кімнің жұлдызы екен? Ең жоғары жұлдыз анамыздың жұлдызы екен.

Қане, Ана дегеніміз кім ? анамыздың жұлдызының бес тармағына тізіп шығайықшы .

АНА

жұлдызы

өмір сыйлады ең жақын адам

тәрбиеші сүйікті жан

2.Үй тапсырмасын бекіту.

3.Сергіту сәті. Музыка әуенімен билей отырып,бойларын сергітеді

3)Жаңа сабақ

1.«Ой қозғау»

Құт береке – атаң қымбат,
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - апаң қымбат...
Өлеңді хормен оқу,талдау

- Бұл даналық сөзді жазған адамның кім екенін білеміз бе? (Казыбек би)
- Жүректеріңнен шыққан жылы сөздерің, мейірімділік, жанашырлық сезімдерің кімге арналады?

Балалар, біз сендермен Ф.Оңғарсынованың «Жылу » деген өлеңімен танысамыз.

Таныса отырып, мәнерлеп оқу дағдыларымызды жетілдіре отырып,анаға сый - құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке үйренеміз

2)Бейнетаспа көрсете отырып, автор туралы түсінік беру..

Оңғарсынова Фариза 1939 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысы, Исатай ауданы, Манаш ауылында дүниеге келген. Ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР мәдени-ағарту ісінің озық қызметкері.

1939-2014

ақын ,жазушы депутат

Автор туралы есте сақтағанымызды «Фариза апа» ағашына толтырайық


3)Өлеңмен жұмыс

Мұғалімнің оқуы

4)Сөздік жұмысы

Өң - бет, ажар, түс.
Жалғанда – дүниеде.
Ғұмыр - өмір.

5)Оқушылар оқиды.Түсініп оқи отырып, түсініксіз сөздерді қарындашпен түртіп отыру

Сөздерді дәптерге жазу.

1топ-тізбектеп оқу, 2топ-жұппен оқу, 3топ- қара сөзбен мазмұндау.

Өлең:ана құшағы,ана жанары,ана сүті ,ана жылуы туралы

Интерактивтік тақтадан жартылай жазылған өлеңді көрсету. Өлеңнің көрсетілген

бөлігін оқи отырып,жалғастыру.

Жылылықтан...

Құшағы оның...

6). Суретпен жұмыс. (Сұрақ - жауап).
(Суреттегі байланысты анықтау).
- Берілген суреттер арасында қандай байланыс бар?
- Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?
- Ана мейірімі туралы не дейсің?
- Ана сүті туралы ше?
- Ананың алақаны қандай?

7)Кешендік талдау,Дәптермен жұмыс

Тақырыбы:Жылу

Авторы:Ф.Оңғарсынова

Жанры:өлең

Шумақ:4

Негізгі идея: ана туралы

8)Топтық жұмыс

Топтарға тапсырма тарату.

1топ-өлең ұйқастыру

--------------------------сыйлаймын,
------------------------- тыңдаймын.
--------------------------аламын,
--------------------------баламын.

2топ :Аяқталмаған сөйлем.

Мен анамды мақтан етемін,өйткені ....

3топ: Түйін ойБұл өлеңнен ой түйгенім......

4)Қорытынды.

11)Бағалау

12)Үйге тапсырма. 1)Өлең жаттау,эссе жазу

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ