Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Баймуратова Жазира Абеновна

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қызылжар ауылы, №81 орта мектебінің мұғалімі

«Үкілі домбыра!»

Ашық тәрбие сабағы

Ұстаздар міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, ділін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу. Қазіргі жастар тек білікті маман ғана емес, өз Отанын жанындай сүйетін, өз ұлтының тарихы мен мәдениетін қастерлей білетін, рухани кемелденген азамат болып өсуі қажет.

Өз Отанымызға деген патриоттық сезімімізді білдіру; қазақ ұлтының болашағы үшін жанашырлық таныту; салт-дәстүрімізбен ұлттық өнерімізді сақтау тұрғысында осы тақырып тәрбие сабағына арқау етіп алынды.

«Күмбірлесін қазақтың домбырасы!»

Қос қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

Теңселіп тербеледі адам соқса.

Сөзге ұста, әнге шебер болғанымен

Ашпайды жұмған аузын адам жоқта

Екі ішек-екі желі, тоѓыз перне

Теңселіп тербеледі соқсањ сен де

Қос қазық-қос құлағы, ол-домбыра

Тыңдатар ән мен күйін тамам елге

Серігі әншілердің домбыра ма

Домбыра тарта білсең болдыра ма

Баппенен домбыраны қолға алып

Әнге сал қос құлағын оң бұрада

Домбырам екі ішекті, тоғыз перне,

Жарасар әшекейлеп айтсањ терме

Көзіңмен көрген іске көңіл тоқтат,

Әркімнің іріткі салған сөзіне ерме.

Түрі бар домбыраның бүктемелі

Кім оны жол жүргенде жүк көреді

Жанынан тастамайды түзде күйші

Төріне үйде іліп күткен елі.

Сабақтың маңызы: Атадан мирас болып талай ғасыр орнын жоғалтпай сақталып келген халық мұрасының аманатын бүгінге мақтаныш ету және болашақ ұрпаққа насихаттап отыру; Қазақтың қасиетті үкілі қара домбырасын құрметтеу; домбыра арқылы халықшығармашылық өнерін, көркем өнер туындыларын санамызға сіңдіру.

Сабақтың мақсаты: Қазақ ұлттық аспабының ішінде ерекше өзіндік орын алатын домбыра үнінің сиқырлығын таныту; күйге жан бітіретін қара домбыраның құдіретін таныта отырып, оның әуенді ырғаққа толы сазды үнін тыңдай білуге үйрету; студенттердің рухани тазалығы мен рухани мәдениетін дамытуға үлес қосу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақтың ескі домбырасы, жаңа үлгідегі домбыралар (ќабырғадағы кілемге ілінген), домбыраның құрылысы жазылған арнайы салынған плакат, домбыра үнін тыңдау үшін үн таспа, бейне таспа.

Сабақтың әдістері:Домбыра тартуға әуесқойлық (топ ішінде домбыраға әуесі бар студенттерді тыңдау);

-домбыра үнін үн таспадан тыңдау (домбыраны шерту және қағу әдістерін ұғыну);

-домбырамен күй айтысын тыңдау;

-домбыра - айтыскер ақынның демеушісі;

-домбыра - ән мен жыр, термелерді сүйемелдеуші аспап;

-домбыраның шежіреге толы тарихи маңызын, оның сыры мен қадір-қасиетін бейнефильм арқылы көрсету.

Сабаќтыњ барысы:

1. Домбыраныњ ќысќаша тарихы туралы маѓл±мат беру.

2. Домбыраѓа єуесќойлыќ.

3. Домбыраныњ ќ±рылысын таныстыру.

4. Аќындар айтысынан ‰зінді.

5. Домбыра к‰йлері туралы.

6. К‰й айтысы.

7. Домбырамен терме орырндау.

8. «Домбыра туралы толѓау» бейнефильмін кµрсету.

9. ‡йге тапсырма.

10. Ќонаќтарѓа жылы лебіздер білдіру.

Үйге тапсырма:

· Сабақтан шаршап бір сәт тыныққанда және бос уақытты тиімді пайдалануда домбыраның сүйемелдеуімен орындалған әндерді, күйлерді тыңдау;

· Университеттегі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, түрлі мәдени шараларға белсене атсалысу;

· Мәдениет сарайында өткізіліп отыратын концерттерге барып, домбыра үнімен тынысталып, рухани демалуды қалыптастырып отыру.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ