Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тақырыбы:Банктік қызметтер

Сабақтың мақсаты: Банктердің атқаратын негізгі функциялары мен операцияларын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға банк қызметтерінің түрлеріне түсінік бере отырып, ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық:Экономикалық ойлау, әртүрлі экономикалық жағдайда шешім қабылдай білу, топпен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Нарықтық экономика жағдайында қор нарығының маңызы мен тиімділігін көрсете отырып,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:іскерлік ойын

Сабақты ұйымдастыру әдісі: топтық

Көрнекілігі: схемалар, слайдтар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Банк ұғымы

2. Банк жүйесіне анықтама

3. ҚР-да қалыптасқан банк жүйесі және қызметтері

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1. Банк қызметтері түсінігі

2. Банк атқаратын функциялары

3. Банк операциялары

1)Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімгенесие беру, кредит бөлу,инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса,нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, т.б. жатады.

2)Банктердің функциялары:

1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.

2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.

3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)

4. Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

5. Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;

6. Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;

7. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;

8. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:

- орталық эмиссиялық, эмиссиялық емес;

- коммерциялық депозиттік, инвестициялық;

- жинақ;

- арнайы бағытағы банктер.

3)Нарықтық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үшнегізгі топқа бөлуге болады:

· Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру);

· Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);

· Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер).

Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басты мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операцыялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялар қатарына мыналар жатады:
-Заңды немесе жеке тұлғалардың есеп, немесе ағым шоттарына қаржы жұмылдыру (талап етілмелі депозиттер);
-Басқа банктерден қарыз алу (банкаралық несие);
-Заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын мерзімді салымға жұмылдыру;
-Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;
-Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылған несие алу т.б.

Ұлттық Банк мынадай операцияларды жүргізеді:

  • бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтарумерзімдегі міндеттемелерді қайтаесепке алады;
  • мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  • депозиттік сертификаттармен қайтарумерзімі бір жьшға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
  • депозиттік және есеп айырысуоперацияларын жүргізе отырып, бағалы кағаздарды, басқа дақұндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
  • қаржықұралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
  • қажет кезінде банктерде жәнеқаржы ұйымдарында шоттар ашады;
  • чектерді жазыпвексельдерді береді;
  • жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктікоперацияларды жүзеге асырады

Несие беруде және төлемдерде делдалдық ету

Ақшалай табыс пен жинақ ақша бөлігін капиталға айналдыру

Айналымның несиелік қаржысын (вексельдер,чектер, банкноттар) жасау


«Экономист» ойыны

Оқышыларды 2 топқа бөліп, жарыс ұйымдастыру. Ұяшықтарды таңдап отыру арқылы сұрақтарға жауап береді. Әр ұяшықтың өзінде белгіленген балдар жазылған. Қай топ көп сұрақтарға жауап беріп, көп балл жинаса, сол жеңімпаз атанады.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Банк қызметінің негізгі міндеттері?

2. Уақытша бос ақшаларды қалай қадағалайды?

3. Банк операцияларына не жатады?

V. Үй тапсырмасын беру. Барлық тақырыпты қайталау.

VI.Бағалау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов