Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Ата-аналармен коучинг сабақ жоспары

Тақырып: Бала-біздің болашағымыз.

Коучинг сабағының мақсаты

Ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру;

Ата-аналардың міндеттерін ұстануды қалыптастыру.

Коучинг сабағының міндеттері

Коуч іс- әрекеті

Ата – аналардың іс- әрекеті

Күтілетін нәтиже

Қолданылатын әдіс – тәсілдер

Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал ету.

1.Тренинг « Шаттық шеңбері»

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

2.Шаңырақ ленталарының түстері арқылы топқа бөлу

3.«Аяқталмаған сөйлем»
Сәби бақыты, ол –
Ата - ана бақыты, ол –
Әйел бақыты, ол –
Ер - азамат бақыты, ол –
Ұстаз бақыты, ол –

4.Бәрі өз қолыңда(бейне ролик)

5. Жағдаят.
І топқа: Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
ІІ топқа: Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4- 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Сіздің балаңыз осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде елеусіз қалдырасыз ба?
ІІІ топқа: Кейбір ата- аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс- әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

ІVтопқа Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, оқушының бір күндік диаграммасын құру.
1. Ұйқыға
2. Мектепке
3. Отбасымен қарым-қатынасқа
4. Үйірмеге
5. Достарына
6. Үй шаруасына
7. Жалғыз болуға

6.Сергіту сәті.

Би қимылдары

7.РАТАЦИЯ әдісі бойынша топтармен сұрақтарды талдау

• Ата- ананың міндетіне не жатады?

• Үлгілі ата-анаға тән қандай қасиеттер бар?

• Баланың дамуына қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?

• Балаларыңызға уақытыңызды қалай бөлесіз?

7.Қорытындылау (Ата-аналарды шығарып салу)

1.Ата-аналар дөңгеленіп тұрып,бір лентаның шетінен ұстап шаңырақ құрады,осы арқылы топқа бөлінеді

2.Топқа бөліну

3. Топтар үлестірмелі қағаз таңдап алады. Берілген сөйлемді аяқтау қажет.

3.Бейне ролик бойынша өз ойларын ортаға салады.

4.Жағдаятқа байланысты сұрақтарға жауап береді

Постермен жұмыс

Баланың бір күндік диаграммасын сызып көрсетеді.

Жағдаяттарды қорытындылау

Сұрақтарды топта талқылап жауап береді.

Ата-аналардың балаларымен әңгімелесу арқылы бала тәрбиелеудегі кейбір көзқарасы өзгереді.

Ата-аналардың балалармен тығыз қарым қатынасын жетілдіруде,

тиімділігін қамтамасыз етуде ата-аналарға көмек көрсетеді;

Баланың күн режимін дұрыс қалыптастыруға көмектеседі.

ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс ұсынады;

Тренинг

Ой толғау

Бейне ролик

Топпен жұмыс

Мағынаны ажырату

Постер қорғау

РАТАЦИЯ әдісі

Рефлексия (сәтті, сәтсіз жақтары, өзгеріс енгізу)

«Смайликтер»түрінде кері байланыс жасау.

Кері байланыс

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ