Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

№ 26 «Жұлдыз» балабақшасы

Тақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысы

(ересек топтар арасында)

Дайндаған:денешынықтыру нұсқаушысы:Кушкинбаева З.Т

Атырау,2015 жыл

Мақсаты: Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып,спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.Салауаттану – адам жанының да,тәнінің де тазаруы,денсаулығының нығайуы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Қажетті құрал- жабдықтар:доптар,кеглилер,шығыршықтар,сәбіз,шелек,қасық,су,секіртпелер,себеттер.

Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боларсың,

Сауығып айдай толарсың

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боларсың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті әріптестер,ата-аналар және балалар бүгінгі «Толағай»отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!Көңілді жарысымызға ересек топтар бүлдіршіндері мен ата – аналары қатысады.

Жарысқа қатысушыларды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға –

№ 9 «Бәйшешек» тобынан құралған отбасыларын шақырамыз.

№ 10 «Күншуақ» тобынан құралған отбасыларын шақырамыз.

№ 11 «Кемпірқосақ» тобынан құралған отбасыларын шақырамыз.

№ 12 «Қарлығаш» тобынан құралған отбасыларын шақырамыз.

Жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылық сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын – сауықты бағдарламалардың бірі. Олай болса сайысымызды бастайық.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер.

Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

1.Балабақшаның медбикесі:Толқын Зылихақызы

2.Балабақшаның ғылыми жетекшісі : Айғаным Жағыпарқызы

3.Балабақша психологы: Камшат Мәдениетқызы

4.Әділқазы төрайымы: Гүлайым Насихатқызы

Сайысымыздың бірінші бөлімі«Арба»

Ойынның шарты:

Әр команда мүшесі шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау.

Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!

Келесі екінші бөліміміз «Көпсайыс»

Шарты: Ойынды аналар скакалкамен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалар да бақа сияқты секіріп анасының қасына барады, ал әкелер өрмекші жүрісі бойынша анамен баланың жанына барып, әке мен шеше баланы қолдарына отырғызып өз орнына қайтып оралуы қажет.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сайысымыздың үшінші бөлімі «Қояндар»
Ойын шарты:
Анасы құрсау ішіндегі сәбіздерді жинап жүгіріп барып сәбіздерді әкесіне береді, әкесі қаппен секіріп барып баласына яғни көжегіне табыстап, баласы сәбіздерді команда қоржынына велосипедпен барып салады.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сайысымыздың алтыншы бөлімі «Тәтті жұп»

Ойынның шарты:

Әр командадан шеңбердің ішіне екі адамнан жүгіру.

Бала анасымен шеңбермен жұптасып жүгіру.

Анасы әкесімен шеңбермен жұптасып жүгіру.

Нетижесі шеңбермен кедергілерден өту және жылдамдық.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз