Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Павлодар қ., Музыкалық колледж-дарынды

балаларға арналған музыкалық

мектеп - интернатының тәрбиешісі

Касымова Айшайм Хайрулловна

«Ақ ару, ер сұлтан» сайысы.

Мақсаты: оқушыларды қазақ халқының өткендегі өмірі мен тарихынан хабардар ету, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпымен таныстыру.Олардың жүректерінде туған елге деген сүйіспеншілік және құрмет сезімін ояту. Өмір танымын кеңейтіп, имандылық, ізгілік ұрығын себу. Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Сабақ түрі:Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнектілігі:Интерактивті таңба, гүлдер, бүклеттер, шарлар, суреттер, сызба, нақыл сөздер, слайдтар.

Ортаға 5 көмекшілерді шақырамын.

Сайыстың өту барысы:

1) Жөн сұрасып білейік(таныстыру)

2) «Өнер алды қызыл тіл»(Мақал-мәтел)

3) «Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» (Ұлдар қол күрестіреді ,қыздар түйме қадау)

4) Халқын сүйген – салтын сүйер( Сұрақ-жауап )

5)Сегіз қырлы бір сырлы (өнер көрсету)

6)Үй тапсырмасы ( өз қолдарымен жасалған қолөнерлерін көрсету және мерекелік тағамды жарнамалау шеберлігі.)

7) Сән үлгісі.

1 – жүргізуші (қыз):

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық,

«Ақ ару, ер сұлтан»

Сайысын біз бастайық.

2- жүргізуші (жігіт):

Той деп бүгін көңіл тасиды,

Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Мектептегі бүгін болар сайыстың,

Әншілер шығып әнмен бетін ашады.

Мереке әні:

1 -- жүргізуші :

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келді міне, ортаға толқып – тасып,

Арулардың сыйлаған, халқым менің,

Көңілді қошаметпен қарсы алайық.

2 – жүргізуші (қыз):

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғайық

Ел намысын қорғайық.

Жігіттер шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ.

Қошаметпен сайскерлерімізді ортаға шақырайық.

Бірінші болып ортаға келетің Сұлтан ұлымыз Құрманғазы Алишер мен Серимова Адельмина

Сайыскерлер:

1 -- жүргізуші :

1- Құрманғазы Алишер-Серимова Адельмина

2 – жүргізуші (қыз):

2- Ахат Ахмеди-Айдарбекова Жасмин

1 -- жүргізуші :

3- Айтенов Бағжан-Какенова Азиза

2 – жүргізуші (қыз):

4- Сағынбек Ертас-Айбульдинова Айна

1 -- жүргізуші :

5- Серік Даниял-Арынова Қымбат

2- жүргізуші (жігіт):

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық,

Арулар мен Сұлтандар ортада,

Көзайымын алайық.

Күйші қайсы, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық.

Құрметті көрермендер, бүгінгі төрешілерімізбен таныс болыңыздар!

Ұстаз -тәрбиешілеріміз:

Сүлейменова Ермек Темешқызы,

Каюпова Күләш Сағдиқызы,

Базарова Айнагүл Токенқызы.

1 – жүргізуші (қыз):

Уа, арулар, арулар,

Ешкімін жоқ аналар.

«Ақ Ару » атты лайықты

Қайсысың қане, жеңе алар!

2- жүргізуші (жігіт):

Уа, жігіттер, жігіттер,

Бар өнерді салыңдар.

«Ер сұлтан» атты лайықтап,

Біреуің жеңіп алыңдар.

1 – жүргізуші (қыз):

- Сайымыздың шарты бойынша Арулар мен Сұлтандар мына алтын сандық өз нөмірін алып шығуы керек. Алынған нөмірі бойынша олар өз өнерлерін соңына дейін көрсетіп шығады.

- Ал, Арулар мен Сұлтандар, сайысқа түсуге дайынсыңдар ма?

- Дайынбыз!

-

2- жүргізуші (жігіт):

- Олай болса, бірінші тапсырма: қауыммен өздеріңді таныстырыңдар.

1 – жүргізуші (қыз):

Ер сұлтан мен ару қыздарымыз Өнер алды қызыл тіл бойыншы келесі сынақтардан өтеді, мақал-мәтел сайысы.

2- жүргізуші (қыз): Мақал – мәтелдің бір сөзі жасырылады, сіздер жалғасын табасыздар.

Ер жігіт ел үшін туады..(ел үщін өледі)

Жігіт сегіз қырлы ..(бір сырлы)

Бақа көлін сүйеді, ер жігіт ...(елін сүйеіді)

Қоянды қамыс өлтіреді, ерді(қамыс өлтіреді)

Әке көрген оқ жанар...(шеше көрген тон пішер)

1 – жүргізуші (қыз):

Қыз жоқ жерде - ......(қызық жоқ)

Көп сөз – күміс...(аз сөз – Алтын)

Ананың ізін қыз басар

Атаның ізін... (ұл басар).

Қыз.... (қонақ)

2 – жүргізуші (қыз):

Қызы бардың.... (назы бар)

Баланың ұяты әкеге

Қыздың ұяты ....(шешеге)

Күлме досқа ....(келер басқа)

Әдепті бала арлы бала

1 – жүргізуші (қыз):

Әдепсіз бала ...(сорлы бала)

Бала адамның..... (бауыр еті)

Дос жылатып айтар

Дұшпан...(күлдіртіп айтар)

Қыз ауыр ма .....(тұз ауыр ма)

2 – жүргізуші (қыз):

Қыз қуыршық дейді

Бала ....... дейді (құлыншақ)

Ата бәйтерек....(бала жапырақ)

Астың дәмін тұз келтірер

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

1– жүргізуші (қыз):

Ауылдың сәнін.... (қыз келтірер)

Ер бір рет өледі ....(қорқақ мың рет өледі)

Батыр туса ел ырысы ....(жаңбыр жауса – жер ырысы)

Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе.....(жердің көркі)

2-жүргізуші (жігіт) : Құрметті сайыскерлер! Біз таныстық, мақал-мәтел жалғастырдық. « Ердің асылы күшінен білінеді» дегендей келесі үшінші тапсырма-күш сынасу. Жігіттер қол күрестіреді, ал қыздар түйме қадайды. Берілетін уақыт 1 минут.

1 – жүргізуші (қыз):Келесі айналымымыз Сұрақ жауап.

Ал сұлтандар мен арулар

Сайысқа қалайсыңдар

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырма ал қоржыннан қысылмай кеп

Жауап берсең сұраққа жарайсыңдар! (Сұлтандар мен арулар сұрақтарға жауап береді.)

1.Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?

2.Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды?

1.Жыртқыш құстардың атын ата

2.Үш ұғым туралы сұрақтар

Үш жүз...

Үш арсыз...

Үш дауыссыз...

1.Қазақ халқының салт-дәстүрін, той-домлақтарын атап шық,біреуін түсіндір

2.Қазақша ай аттарының аталуын ретімен айту керек.

1.Жеті-атаны талдап беру

2.Қай анның баласын бөлтірік дейміз?

1.Ұлттық киімдерді ата

2.Құрғақ тас қайда болмайды?

1.Ұлттық ойындарды ата

2.Орныннан қозғалмай жүретін не?

1.Алғаш көктемде бүр жарып шығатын гүл қандай?

2.Аспанда 9 тауық ұшып келе жатыр.2-ін аңшы атып тастады. 1-еуі құлап қалды. Аспанда неше тауық қалды?

1.Қазақтан шыққан алғашқы космонавт кім?

2.Қайында 50 жаңғақ өсіп тұр. Қатты соққан желден 10 жаңғақ үзіліп түсті.Қайыңда неше жаңғақ қалды?

1.Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қалай?

2.Өсімдік мүшелерін ата.

1.Киіз үйдің бөлітерін ата

2.Ең киелі құс

Тапсырмаларды орындады енді оларды келесі сайысқа дайындалуға шығарып салайық

2 – жүргізуші (қыз):

Өнерлерімен көпшілікті таңқалдырған

Би десе көңілдері тыншып тұра алмаған

Ортаға шықсын биші қыздар бүгін

Майысып саусақтары мың бұралған

«Карамельки» бишілер тобын қарсы алыңыздар!

1- жүргізуші: Құрметті көрермендер мен әділқазылар! Қазақта «Сегіз қырлы бір сырлы» деген мақал бар. Енді Сұлтандар мен Арулардың өнерлерін тамашаласақ дейміз.

Кезекті келесі айналымға берейік. «Үй тапсырмасы»

Үй тапсырмасы ( өз қолдарымен жасалған қолөнерлерін көрсету Сұлтандар және мерекелік тағамды жарнамалау шеберлігі Арулар.)

Тапсырмаларды орындады енді оларды келесі сайысқа дайындалуға шығарып салайық.

2- жүргізуші:

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» демекші, ендігі кезекті әсем әнге берейік.

Ән.

1-жүргізуші(қыз)-

Соңғы сайысымыз сән үлгісі. Киім Күнделікті тұрмыста, түрлі салтанатты кештерде қонымды да тартымды әрі орынды киіне білу – үлкен өнер. «Ұстамын деп жеңін түріп, үлгісіз тон пішпеңіз» дегендей, арулар киім киюдегі талғампаздығын көрсетеді.

2- жүргізуші:

Халайық ықыласпен демейік,

Сайыскерлердің сән үлгісін көрейік,

Сыры менен сымбатына қарап біз,

Қошеметпен ниетті білдірейік.

1- жүргізуші (жігіт):

Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін сайыскерлер,

Осымен «Ақ ару мен Ер сұлтан» сайысы аяқталсын,

Қазылар берсін енді шың бағасын!

Ал, әділқазылар алқасы күй тыңдай отырып, қортындылау жұмысын жалғастырады.

Қошеметпен сайыскерлерді шығарып салайық.

Күй.

2 – жүргізуші (қыз):

Марапаттау сәтті.

- Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі. Сөз кезегің Қасымова Аиша Хайроллақызына береміз.

Бойларыңда от бар деп екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

1- жүргізуші (жігіт):

Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!

Келіп тамашалаған барша көрермен қауымға мың алғыс.

Ән аманат сіздер үшін, Бар болыңыздар сау болыңыздар.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ