Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

«Тәуелсіз елдің жалынды жастары!» атты ән сайысы

Мақсаты:Жас ұрпақ бойынан еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар ,қадірменді қонақтар , бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ.

Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер!

Көп ұлттардың бір кісідей мандай терін төккен жер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Олай болса Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгінгі сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің – 25 жылдығына орай және «Мәңгілік Ел» патриоттық акциясын іске асыру мақсатында , мектебіміздің жас мұғалімдері мен оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз елдің жалынды жастары!» атты ән сайысынақош келдіңіздер! Міне, бүгінде, болашақта Қазақстанның көк туын жеңіс тұғырынан көрсететін ұландарымыз өз елінің тәуелсіздігін мақтанышпен ән шумақтары арқылы жеткізгелі отыр. Олай болса,бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймыз!

Көгінде тұр, көк байрағың желбіреп,
Ел таңбаға қараймыз біз елжіреп.
Әнұранды шарықтата шырқаймыз,
Бабаларды еске алып, ержүрек.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Жүргізуші:

Сайыс шарты бойынша 2-бөлімнен тұрады: 1- бөлімде сайысқа қатысушылар патриот- тық ән айтса,2-бөлімде қазіргі заманауи әндер шырқаулары керек және сахна мәдениеті, шырқалатын әндері бүгінгі тақырыпқа сай болуы қаралады. Сайыс жеңімпаздары әділ қазылар алқасы арасындағы келісім бойынша анықталады.

Енді әділ қазылар алқасымен таныс болайық!

1. Әділ – қазылар алқасының төрайымы – Мектеп директоры:

2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары-

3. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары –

4. Музыка пәнінің мұғалімі -

Сайысымызды бастамас бұрын сөз мектеп директоры : беріледі.

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Сіздердің алдарыңызда мектебіміздің жас мұғалімдерін «Атамекен» әнімен шақырамыз, қарсы алыңыздар.

Сайыскерлерімізді алдын-ала реттік сандарымен таныстырылған болатын,сол ретпен ортаға шығады.Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз!
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Мерейім - нұрлана бер азат Күнім!
Көрдік біз бұл бақыттың азаттығын,
Таңымды тамылжытқан әсем әнмен
Тыңдаңыз елін сүйген жастар үнін! -дей келе бүгінгі сайысқа қатысушы үміткерлерімізді ортаға шақырамыз.

1.Алғашқы сайыскерлеріміз бастауыш сынып мұғалімі Еркінова Райхан мен 8 сынып оқушысы Сергеева Азалияны «Жаса,Қазақстан!» әнімен шақырамыз.Қарсы алыңыздар.

2.Домалап қазағымның өрге тасы,

Думанмен дүрілдесін аспан асты.

Бәйтеректей, зәулімденіп,

Асқақтай бер, елімнің Астанасы! –дей келе келесі үміткерлеріміз бастауыш сынып мұғалімі Абдыхалықова Ақмарал мен 9 сынып оқушысы Жеткізгенұлы Рамазанды «Астана» әнімен ортаға шақырамыз,қарсы алыңыздар!

3.Бірлік болсын – ел аман,
Тыныш болсын бұл заман.
Берекесін бере берсін,
Бейбіт жатқан бұл далам!

Ортаға келесі сайыскерлерімізді шақырамыз, мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Измағанбетова Салтанат пен 4 сынып оқушысы Сайынова Мөлдірді «Бейбіт күн тілегі» әнімен шақырамыз,қарсы алыңыздар!

4.Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің

Сахна төріне шет тілі пәнінің мұғалімі Ұзақова Эльмира мен 6 сынып оқушысы Жоламанқызы Ажарды «Елім менің» әнімен шақырамыз,қарсы алайық!

5.Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім! -деп ақын жырлағандай ортада мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Қуанышбаева Самал мен 5 сынып оқушысы Сарсенбай Алихан


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
«Қазақстан бақытты»әнімен ,қарсы алыңыздар!

6.Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

Келесі сайыскерлеріміз бастауыш сынып мұғалімі Жұмашева Болғанай мен 5 сынып оқушысы Жалғасбай Арайгүлдің орындауындағы «Қазақтай ел қайда» әнін қабыл алыңыздар!

7.Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде.

Келесі сайыскерлеріміз дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Лдығалиева Айымгүл мен 9 сынып оқушысы Жолай Ризабектің орындауында ән «Көк тудың желбірегені» , тамашалаңыздар.

8.Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай,ортада информатика пәнінің мұғалімі Усиева Гүлбаршын мен 10 сынып оқушысы Дарханқызы Ақеркені «Қазақстаным» әнімен қарсы алыңыздар!

10.Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.-дей келе сахынаға бастауыш сынып мұғалімі Қабленова Жұлдыз бен 11 сынып оқушысы Тілеш Айшолпанды «Туған жер» әнімен шақырамыз,қарсы алыңыздар!

Сайысымыздың келесі бөлімінде сайыскерлерімізқазіргі заманауи әндерді шырқаулары

керек

Номері 1-ші сайыскерлеріміздің орындауында «Көңілді күн» әні, қарсы алайық!

2-ші сайыскерлерімізді қарсы алайық,ән «Әпке» қошеметтеп отырайық!

3-ші қатысушыларымызды «Еркемін» әнімен шақырамыз,

Келесі қатысушыларымыздың орындауында «Туған Жер» әні,тамашалайық!

5-ші реттік номердегі сайыскерлеріміздің орындауында «Ана» әні.

Келесі сайыскерлеріміздің орындауындағы «Ауылым» әнін тамашалайық.

7- ші қатысушыларымызды «Қыдырып қайтайық» әнімен қарсы алайық!

Ән «Еркелеші» номері 8-ші сайыскерлеріміздің орындауында , қабыл алыңыздар!

Соңғы үміткерлерімізді ортаға шақырайық, ән «Құрбылар»,қарсы алайық!

Бүгінгі сайысқа қатысушы үміткерлерімізді түгелдей тыңдап шықтық. Әділ қазылар әділ баға береді деп сенеміз. Әділ қазыларымыз шешім қабылдағанша ортаға мектебіміздің кішкентай бишісі Беркінова Аягөзді «Қазақ » биімен қарсы алыңыздар.

Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым,
Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.
Байрағым желбіреп тұр биіктерде,
Байладым тәуелсіздік - өмір бауын! - дей келеендігі сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі.

Бүгінгі «Тәуелсіз елдің жалынды жастары!» атты ән сайысы өз мәресіне жетті. Сайысымызды жабық деп жариялаймыз! Тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов