Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Күні:30.11.16 Сынып:2 «Г» Мұғалімі Изтелеуова М.

Сабақтың тақырыбы: Шаршы (квадрат)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:оқушыларға шаршы жайында толық түсінік бере отырып, геометриялық фигураларды ажырата білуге баулу, есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға қалыптастыру, шаршының барлық қабырғалары тең деген терминді енгізу.

Дамытушылығы:ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту, пәнге деген қазағушылығын және белсенділігін арттыру.

Тәрбиелілігі: Тапқырлыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа ,бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: геометриялық фигураларды еске түсіре отырып, шаршы жайлы түсінеді, есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға үйренеді, ой-өрісі, есте сақтау қабілеттері дамиды, тапқырлыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиеленеді.

Сабақтың типі:ойын сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: семантикалық карта, венн диаграмма

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру.

Жұмыс формасы:топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс.

Пән аралық байланыс:дүниетану, бейнелеу өнері.

Сабақтың құрал-жабдықтары:маркер, A3 форматты қағаз, фигуралар, стикер.

Сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа сай суреттер, кесте, дидактикалық материалдар, үлестірмелі қағаздар, фигуралар суреті, электронды оқулық.

Сабақта қамтылған модульдер: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.

Сабақтың барысы:

Сабақкезеңдері, уақыты

Жұмыстыңтүрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Қызығушылығын ояту».

2 минут

1 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Фигураны құра біл» ойыны.

Топқа бөлініп отырады.

1-топ «Алғырлар»

2-топ «Білгірлер»

3-топ «Тапқырлар»

4-топ «Жүйріктер»

Оқушыларды ортаға шығарып «Фигураны құра біл» ойынын ойнату.

Үлестірмелі қағазды таратамын.

Топ басшыларын сайлату.

Оқушылар ортаға шығып «Фигураны құра біл» ойынын ойнайды.

Әр топ адасқан әріптерден фигура құрастырады және мұғалімге хабарлайды.

Әр топ өз басшыларын сайлайды. Және де берілген фигуралары туралы түсінік береді.

2 минут

2 минут

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Айналадағы кеңістіктен тік төртбұрышқа пішіндес заттарды табу

ІІІ. Өткен материалдарды еске түсіру.

«Ой шақыру». Көкпар
1.Қосудың қандай қасиеттері бар?
2.20 мен40-тың арасындағы ондықты айт?
3. 9 санының құрамын ата.
4. 1 сағатта неше минут бар?
5. Тік төртбұрыштың қасиеті қандай?

6. 1 метрде неше сантиметр бар?

Оқушылардың дәптерлерін тексеремін.

Оқушыларға сұрақтар қоямын. Оқушыларға үлестірмелі қағазды тарату. Сөйтіп, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Оқушылар дәптерлерін жинайды.

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын біледі.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

«Мағынаны тану».

5 минут

3 минут

10 минут

1 минут

5 минут

3 минут

3 минут

IҮ.Жаңа сабақ.

I. Графикалық диктант

ІІ.Қызығушылығын ояту.

Электронды оқулықпен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс.
№1.а)Суретте барлығы неше фигура бейнеленген?
-Қарама-қарсы қабырғалары тең тік төртбұрышты тап. 2-4 фигура.
-Барлық қабырғалары тең тік төртбұрышты тап. 1-3 фигура.
-Олар қандай санмен белгіленген? 1-3
Барлық қабырғалары тең тік төртбұрышты шаршы деп атаймыз.
Мағынаны тану.
№2. ә) Нөмірлері: 1,2,3,4,5,6,7
Төртбұрыштар: 3,4,5,6,7
Тік төртбұрыштар: 3,4
Суретте неше шаршы бар?

Өрнектің мәнін тап:
7+6= 13-7=
6+7= 13-6=
8+5= 13-8=
9+4= 13-9=
4+9= 13-4=
Қосудың қандай қасиетін еске түсіреді?
Қосу және азайту қандай амалдар?
Топтық жұмыс:

№2.Есепті әр түрлі тәсілмен шығар.
Қыз-20
Ұл-10
Келді-4
Барлығы-?
Ж:сыныпта енді неше оқушы болды?
Шешуі:

(20+10)+4=34
(20+4)+10=34
(10+4)+20=34
Жауабы. 34 оқушы.

№4. Қосындыларды салыстыру. Олардың мәндерін тап. Осыған ұқсас қосындылар құр.
50+10+20 50+20+10 20+50+10 20+10+50
Сергіту сәті:

1) Бұл шеңберде нүкте нешеу,

Сонша қолыңды көтер дереу.

2) Қанша шаршы көріп тұрмыз,

Сонша алға еңкейеміз.

3) Кесінді нешеу болса,

Сонша секір қуана.

4) Бұрыштарды санайық,

Сонша отырып, тұрайық.

Топтық жұмыс

«Орнынды тап»

Ойынның шарты: Теңдеулерді бірінші бағанға, теңсіздіктері екінші бағанға, теңдіктерді үшінші бағанға орналастыр. Теңдеуді шеш.

7<9 7>2 7=7 7+х=9 х+7=10

9=9 2=2 2<9 20-х=5 х-4=16

Шығармашылық тапсырма:

1 топ Қолдағы заттарымен шаршы жасау

2 топ Геометриялық фигуралардың ішінен шаршыны тауып. Өлшеу.

3 топ Фигуралардан тік төртбұрышты, шаршыны боя және ұқсастығын мен айырмашылығын табу.

4 топ Геометриялық фигуралардан үй құрастыру

Тест жұмысы.
1. 1сағатта неше минут бар?
а)90 мин ә)60мин б)70мин
2. Шаршы деп қандай фигураны айтамыз?
а)қарама-қарсы қабырғалары тең тіктөртбұрыш
ә)барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты
3. Қосудың қандай қасиеті қолданылған?
(20+30)+20=70 (20+20)+30=70
а)ауыстырымдылық

ә) терімділік
4. Бір ғасырда неше жыл бар?
а)24жыл ә)100жыл б) 70 жыл

Оқушыларға жаңа сабақ жөнінде түсінік беру.

Оқушыларға фигуралардың нөмірлерін тапқызу.

Өрнектің мәнін тапқызу. Қосымша тапсырма:

1-деңгей

№1. Өрнектің мәнін тап:

8+6=

6+8=

8+7=

7+8=

Оқушыларға топтық тапсырма беру.

Қосымша тапсырма:

№2.Есепті шығар:

Геометриялық фигураларға байланысты сергіту сәтін жасату.

Есепті әр түрлі тәсілмен шығарту. Қосымша тапсырма:

№3. Есептің шешуі мен жауабын жаз.

Үлгіге ұқсас қосындыларды құрастырту.

Шығармашылық тапсырманы орындату.

Белгілі бір уақыт беремін.

Тестті орындайды. Сол уақыт ішінде орындап бітулері керек.

Қосымша тапсырма:

Тест жұмысы.

Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдайды.

Оқушылар фигуралардың нөмірлерін табады.

Өрнектің мәнін табады.

4 топ ортада талқылай отырып, жұмыс жасайды, және ортаға шығып қорғайды.

Интерактивті тақтадағы сурет бойынша, сергіту сәтін жасайды.

Есепті әр түрлі тәсілмен шығарады.

Үлгіге ұқсас қосындыларды құрастырады

Логикалық тапсырманы ойлана отырып орындайды.

Белгілі бір уақыт ішінде тестті орындап бітеді. Белгілеген тест жауаптарын жұптаса отырып, тақтада орындайды.

2 минут

Айырмашылықты тап.

Әр топқа үлестірмелі қағаз тарату.

Үлестірмелі қағаз бойынша айырмашылықтарын табады.

V. Сабақты бекіту:

2 минут

Венн диаграммасы:

Венн диаграмма арқылы сабақты қорытындылаймын.

Венн диаграмма арқылы интерактивті тақтада жұмыс жасайды.

VІ. Үй тапсырмасын беру.

1 минут

91 бет №6

Үй тапсырмасын түсіндіріп береді.

Күнделіктеріне жазып алады.

VІІ. Бағалау

1 минут

Ең көп фигураларды жинаған топ оқушыларын анықтау.

Мұғалім фигуралардысанатады.

Оқушылар фигураларды санау арқылы өздерінің бағаларын анықтап алады.

Кері байланыс

2 минут

Кері байланыс жазу

Стикер тарату

Кері байланысты жазып толтырады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ