|
Атырау облысы, Атырау қаласы
Ж.Қаражігітов
атындағы №16 мектеп – лицейдің
қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі
Стамғазиева
Ақтоты Умбетовна
|
Тақырыбы
|
Қажымұқан -ерен
күш иесі
|
Мақсаты
|
Оқушылар қазақ балуаны жайлы оқығанды еске
түсіре отырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді,ойын тиянақтап
жеткізе білуге дағдыланады, шыншылдыққа,батылдыққа дағдыланады
|
Жалпы мақсат
|
Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу.
Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
|
Күтілетін
нәтиже
|
Топта
жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді және тақырыптың идеясын ашады,қорытынды пікір айтуға
үйренеді.
|
7
модульдің қолданылуы
|
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”,
“Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету”, “Оқытуды басқару және
көшбасшылық”.
|
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер
|
Кім
жылдам,Миға шабуыл,Жигсо, Ойлан тап,Эссе
|
Қолданылатын
ресурстар
|
Флипчарт,
маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
|
Сабақ
барысы
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Тренинг
|
«Мозайка» әдісі
бойынша сурет арқылы сыныпты топқа бөлу.
«Екі
жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін,
сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
|
Оқушылар
топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
Топ
ішінде тәртіп ережелерін құрады.
Бағалау
парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.
Фигуралар арқылы топтар өзара бағалайды.
|
Білу
Миға
шабуыл
Интерактивті
тақтаға «Қайталау–білімнің шыңы» әр
түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі,
|
Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың
кезекпен жауап беруі сұралады.
1.Отыз
пұт май қатырған кеспекті шанаға бала қалай салды ?
2.Масликовқа
Мұқан не үшін келді ?
3.Городовойды
неге шақырды ?
4.Лебедев
мектебі Мұқанға не үйретті ?
5."Черный
Иван" атануының себебі қандай ?
6.Мұқанның
жеңіл өнері қандай еді ?
|
Оқушылар
интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп
жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.
|
Түсіну
Постермен қорғау
|
Осы
көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар
беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату. Постер арқылы
тақырыптарын қорғату
|
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау,
өз ойлары мен пікірлерін айту.
Постер
арқылы бар білімдерін топпен талқылап,
ортаға топтан оқушы шығып, тапсырманы
постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне
түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды
|
Қолдану
Ойлан тап
|
Қажымұқанның
өзге де жерлерге барып өнер көрсеткені туралы қосымша мәтіндер беріледі.
|
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген
тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу
Оқушылар
көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып,сосын топпен талқылайды.
|
Талдау
Ойлан,жұптас,талқыла
|
Әр
топқа тақырып бойынша тапсырмалар таратылады.
1.Мұқанның
сыртқы түрі,мінез-құлқын сипатта.
2.Балуанның
өсу жолына жоспар жаса.
3.Мұқанға
достық көмекке келгендер туралы айт.
4.Добрый-Рабый
хатының Мұқан тағдырына әсері.
|
Әр
топтан оқушылар шығып айтады.
|
Жинақтау
Еркін жазу
|
Тапсырмалар бойынша әр топ
Эссе жазу, бағалау.
1."Шана сүйреген Мұқан"
2."Қайырымды Мұқан"
3."Өнерлі өрге жүзер"
4."Қажымұқан-ерен күш
иесі"
|
Оқушылардың
мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу
|
Бағалау
|
Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау
шкаласын тақтаға ілу керек
|
Әр
топтан топ басшысы бағалау парағы бойынша
бағалайды
|
Рефлексия
|
Стикерлерді
толтыру
Оқушылар
бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
ББҮ
кестесін толтыру
|
Оқушылар
кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін
жазады.
|
Үйге тапсырма
|
"Мен
үлгі тұтатын жан" тақырыбына ой-толғау жазу.
|
|